Табиғатты қорғау.Нәтиже сабақ №12 сабақ. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

3-сынып (Орта мерзімді оқу жоспары бойынша)

1-тарау

Жанды табиғат

12-сабақ

Табиғатты қорғау

 

 Бұл сабақта да оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың оқылым дағдысы дамытылады. Бөлім бойынша соңғы сабақ болғандықтан, тақырып бойынша сөздерді қолдана білулеріне мән беріледі. Грамматикалық минимум ретінде сөйлемдегі сөздердің ретін сақтап сөйлеу және жазу дағдылары тексеріледі. Сурет бойынша әңгіме жазу барысында тірек сөздерді орынды қолдана білу, сюжетін сақтай отырып, қызықты әңгіме жаза білу дағдысын дамытуға көңіл бөлінеді.

 Оқушылардың барлығы: оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді, тақырып бойынша сөздердің мағынасын түсінеді, тақырып бойынша сөйлемдер құрайды

 Оқушылардың көпшілігі: оқыған мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, тірек сөздердің көмегімен мәтін құрастырады,тақырып бойынша сөздерді қолданады

 Оқушылардың кейбірі: оқыған мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға толық жауап береді, құрылымын сақтай отырып, мәтін құрастырады, тақырып бойынша сөздерді еркін қолданады

 Мұғалімнің сабақалды дайындығы: (дидактикалық материалдарды қараңыз)

 Ресурстарды дидактикалық материалдардан оқушылар санына қарай көбейтіп алыңыз.

 Мұғалімнің сабақ барысындағы әрекеті:

 Сабақты «Сөздермен теннис ойнау» ойынын ойнау оқушылардың қызығушылықтарын арттырумен қатар, бөлім бойынша өтілген сөздерді орынды қолданып, сөз тіркестері мен сөйлемдер құра білуге дағдыланады.

 Жаңа сөздерді анықтама беру арқылы немесе синонимдерін айту арқылы меңгерту. Сөз тіркестерін және сөйлемдер құруға дағдыландырыңыз.

  1-тапсырманы «Ортақ пікірге келу» әдісін қолданып, тақырып бойынша сөздерді қолдана білу білу дағдысын дамытыңыз.

 Оқушылар 4-5 оқушыдан топта жұмыс істейді. Әрбір топқа ортасына шеңбер салынған үлкен парақ беріледі. Оқушылар төмендегі сұрақтарды талқылайды.

  •  Табиғатқа не жатады?
  •  Табиғатты қорғау үшін не істеу керек?

  Әрбір оқушы өз идеясын ешкімге көрсетпей, қағаздың бұрышына жазады. Барлығы жазып болғаннан кейін, топ жазған барлық идеялардың ішінен бес ең маңызды идеяны таңдайды. Бұл бүкіл топпен келісіп шешіліп, шеңбердің ортасына жазады. Топта талқылап болған соң, жұмыстарын сыныпқа ұсынады. Топтардың жауаптарына өзіңіз кері байланыс беріңіз. Тақырып бойынша сөздерді дұрыс қолданғандарын, сөйлемдерді дұрыс алғандарын, ұсыныс болып жатқан жағдайда, ұсынысыңызды айтып кетіңіз.

 Оқушылар жауап беруде қиналып жатқан жағдайда суреттер ұсыныңыз.

 2-тапсырманы оқушылар жұпта орындайды. Оқылым мәтінін әр жұпқа шығарып беріңіз. Тапсырманы нақты түсініп болған соң, тапсырманы орындауға 10 минут беруіңізге болады. Қажет болса, 2 минут қосып беріңіз. Негізінен, уақытқа жұмыс жасауға үйреткеніңіз дұрыс. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға толық жауап жазады. Тапсырманы орындап болған соң, екі жұптың жауаптары тыңдалып, дескриптор бойынша бағаланады. Сабақ соңында жазған жұмыстарын жинап алып, жұмыстарына комментарий жазу арқылы кері байланыс беріңіз.

 Жазылым тапсырмасын әр оқушы жеке орындайды. Сурет бойынша әңгіме жазады.

 Дескриптормен алдын-ала таныстырыңыз. Тірек сөздерді ұсыныңыз.

 

 6-7 сөйлемнен тұратын шағын сюжеттік әңгіме жазады. Қолдауды қажет ететін оқушылардың қастарына барып, көмек көрсетуіңізге болады.

 Қажеттілікке қарай, «Бағытталған жазу» әдісін қолданыңыз. Қолдауды қажет ететін 3-4 оқушыдан топ құрып, басшылық етіңіз. Сұрақтар қоя отырып, өздері жазуға талпындырыңыз. Қалған оқушылар өз беттерінше орындайды. 2-3 оқушының жауаптарын тыңдап, кері байланыс беріңіз.Сабақ соңында оқушылардың дәптерлерін жинап алып, кері байланыс беріңіз.

 Үй тапсырмасын түрде түсіндіріңіз. «Жануарлар әлемі» тақырыбына қатысты кітаптардан, ғаламтордан ақпарат жинап, жоба дайындайды. Жобада:

  -жануарлардың суреттері;

  •  жануарлардың тіршілік ортасы;
  •  жануарлардың қорегі;

 Дескрипторды түсіндіріп, қағазға шығарып беріңіз.

 Сабақ соңында сабаққа рефлексия жасатыңыз.

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу