Табиғатты қорғау.Нәтиже сабақ №12 сабақ. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


1-тарау: Жанды табиғат

Табиғатты қорғау №12 сабақ

№1 Сұрақтарға жауап беріңдер.

  • Табиғатқа не жатады?
  • Табиғатты қорғау үшін не істеу керек?

№2 (Ж) Оқылым. Мәтінді түсініп оқы. Сұрақтарға жауап бер.

Дескриптор:

  • Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.
  • Сұраққа толық жауап жазады.

«Табиғат – ана»

    Табиғат - ананың  Жер, Су, Ағаш, Ауа деген ұлдары болыпты. Олар өте ақылды, мейірімді екен. Табиғат – ана бір күні ұлдарын шақырып алып:

   - Адамдарға көп жақсылық жасаған ұлыма үлкен сыйлығым бар,-дейді. Содан бастап ұлдары адамдарға жақсылық жасайды. Бір күні ұлдары еліне оралады. Аналары өте әдемі болып кетіпті. Ұлдары қуанып:

   - Апатай, Сіз қандай әдемісіз! Неліктен?- деп сұрайды.

Сонда Табиғат-ана:

-Балаларым, сендер адамдарға көп жақсылық жасадыңдар, сондықтан әдемімін,-дейді Содан бері Жер, Су, Ауа, Ағаш аналары әдемі болу үшін адамдарға жақсылық жасайды екен.

А. Мырзағұлова

Сұрақтарға жауап бер:

  • Табиғат-ана неліктен әдемі болды?

---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

  • Табиғат бізге не береді?

----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

  • Сендер Табиғат-ана әдемі болу үшін не істейсіңдер?

----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

№3 (Ө) Жазылым. Сурет бойынша әңгіме жаз.

Дескриптор:

  • Сурет бойынша әңгіме құрайды.
  • Тірек сөздерді орынды қолданады.
  • Сөйлем құрылымын сақтайды.

Тірек сөздер:

Балалар, құстың балапаны, ұя, құлап қалу, ұяға салу, жақсылық жасау, риза болу

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

№5 Үй тапсырмасы:

«Жануарлар әлемі» тақырыбына қатысты кітаптардан, ғаламтордан ақпарат жинап, жоба дайындайды. Жобада:

-жануарлардың суреттері;

  • жануарлардың тіршілік ортасы;
  • жануарлардың қорегі;

Дескриптор:

  • Тақырып бойынша жоба дайындайды.
  • Жобаның мазмұны қызықты.
  • Сөйлемдердің интонациясын дұрыс айтады.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу