Саяхат Демалыс туралы әңгімелерді оқу (1-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5

Күні: 27.01.2016

Сынып: 2

Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні : Лепесбаева А.Т., Темирова Ж.А.

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Саяхат

Демалыс туралы әңгімелерді оқу (1-сабақ)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

О2 Қарапайым әңгімені (оқиғаны) түсініп оқиды.

А 1 Өз ойларын бейнелі сөздерді пайдалана отырып жеткізеді.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:

  • Мұғалімнің көмегімен мәтінді түсініп, өз ойын жеткізе алады.

Оқушылардың көпшілігі:

  • Қарапайым әңгімені (оқиғаны) түсініп оқиды.
  • Өз ойларын бейнелі сөздерді пайдалана отырып жеткізеді.

Кейбір оқушылар:

  • Мәтінді толықтай түсініп, бейнелі сөздермен жүйелі сөйлей алады.

Жетістік критерийлері

Қарапайым мәтінді түсініп оқиды және мазмұндай алады.

 Сөздік қор

Бақа, батпақ, ұшады, таяқ, тістейді, мақтанады, құлайды, саяхаттайды.

 Құндылықтарды дарыту

Құрмет көрсету

 Пәнаралық байланыстар

дүниетану

Алдыңғы меңгерілген білім

Демалыс күндері туралы сипаттама мәтін жаза алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

7 мин

(Ұ) Қызығушылықты ояту.

"Сөздер тізбегі" ойыны.

Мұғалім бір сөзді айтады, келесі оқушы тағы бір сөз қосады. Осылайша әр оқушы мағынасына қарай бір сөзден қосып, тұтас сөйлем шығарады.

Сабақ ортасы

10 мин

2 мин

7 мин

10 мин

Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

(МК) "Суретті әңгіме".Суретер мен тірек сөздерге сүйене отырып, «Саяхатшы бақа» ертегісімен танысады.

Сергіту сәті. Бейнематериалдағы қимылдарды қайталау.

) "Ролдік оқу" Оқушылар жұптасып ертегіні ролдерге бөлініп бір-біріне оқиды.

Ертеде бiр бақа болыпты. Ол батпақта өмір сүрді. Бiр күнi ол өзен жағасында отырды. Бiр кезде жағаға үйректер қонды.

– Жол алыс, – дедi бiр үйрек. – Тез тамақ жеңдер, сосын ұшамыз. Бұны бақа естiдi.

– Кешiрiңiз, қайда ұшасыздар? – дедi бақа.

– Оңтүстiкке ұшамыз, – дедi бiр үйрек.

– Оңтүстiк жылы ма?

– Иә, жылы.

– Онда маса көп пе?

– Иә, көп, – дедi үйрек.

– Онда менi ала кетiңдер.

– Сенiң қанатың жоқ, қалай ұшасың?

– Бiлмеймiн, бiрақ тұра тұрыңдар, мен ойланайын, – дедi бақа. Бақа бiраз ойланды, сосын:

– Таптым, таптым, – деп айқайлады. – Екi үйрек таяқтың екi ұшынан тiстейдi, мен ортасынан тiстеймiн. Бiрақ сендер қаңқылдамаңдар, мен бақылдамаймын.

– Жарайды, – дедi үйрек. Сөйтiп олар ұшты. Екi жақта екi үйрек, ортасында бақа. Бұны балалар көрдi.

– Бақаны қараңдар, бақаны қараңдар! – деп айқайлады балалар. – Қызық-ай, бақа ұшып бара жатыр. Бақа мақтанды.

– Бұны мен ойлап таптым, мен, – дегенде бақа құлады.

(Ө,Қ) «Шеңбердегі әңгіме»

Оқушылар ішкі және сыртқы шеңберге тұрып, ертегіні кезектесе мазмұндайды. Мұғалім белгі бергенде сыртқы шеңбер айналады. Осылайша ауысып, бірнеше рет мазмұндай алады.

Презентация

https://www.youtube.com/watch?v=Vwa5zBMF_WU

http://yandex.kz/video/search?filmId=hWKvl_BaUXI&text=%D0%9B%D1%8F%D0%B3%D1%83%D1%88%D0%BA%D0%B0%20%D0%BF%D1%83%D1%82%D0%B5%D1%88%D0%B5%D1%81%D1%82%D0%B2%D0%B5%D0%BD%D0%BD%D0%B8%D1%86%D0%B0&redircnt=1453868229.1&family=yes

Сабақтың соңы

4 мин

(МК) "Пайыздық көрсеткіш" арқылы өзінің сабақтағы жұмысына баға беру.

25% 50% 100%

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы Бір-бірін итермеу, жүгірмеу

Сергіту сәттерін өткізу;

қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Әдістемелік бірлестік жетекшісі ____________Д.Ш. Рахимова



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу