Ертегілер оқу (4-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 2 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ жоспары
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6 Күні: Сынып: | Мектеп: Көкшетау қ. Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақ тақырыбы | Ертегілер оқу (4-сабақ) | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 2.3.4.1 мәтіннің мазмұны немесе иллюстрация / постер бойынша қарапайым сұрақтар құрастыру және оған толық жауап беру 2.5.1.2 мұғалімнің қолдауымен шағын мәтіндегі көптік/ септік/ тәуелдік/ жіктік жалғаулы сөздерді ауызша / жазбаша тілде қолдану | ||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: мұғалімнің қолдауымен мәтіннің мазмұны бойынша қарапайым сұрақтар құрастырады және оған жауап береді, шағын мәтіндегі септік жалғаулы сөздерді ауызша, жазбаша тілде қолданады. Көптеген оқушылар: мәтіннің мазмұны бойынша қарапайым сұрақтар құрастырады және оған жауап береді, шағын мәтіндегі септік жалғаулы сөздерді ауызша, жазбаша тілде қолданады. Кейбір оқушылар: мәтіннің мазмұны бойынша қарапайым сұрақтар құрастырады және оған толық жауап береді, шағын мәтіндегі септік жалғаулы сөздерді ауызша, жазбаша тілде еркін қолданады. | ||||||
Бағалау критерийлері | Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады, сұрақтарға жауап береді. Сөйлеу және жазу барысында септік жалғаулы сөздерді қолданады. | ||||||
Тілдік мақсаттар | Ертегі, тышқан, мысық, құйрық, сұрау, беру, тары, ағаш, сиыр. | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Ынтымақтастық | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация | ||||||
Бастапқы білім | Барыс септік жалғаулы сөздерді қолданып сөйлейді. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 5 мин | (Ұ) Қызығушылықты ояту. «Сұрақтар мен жауаптар» ойыны. Ертегі мазмұнына қатысты сұрақтарға жылдам жауап береді.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру. | ||||||
Сабақтың ортасы 7 мин 7 мин 3 мин 10 мин | (МК) «Мен білемін!» Оқушылар берілген сөйлемдерді оқып, қарамен белгіленген сөздерге сұрақ қояды. Осылайша шығыс септік сұрағы мен қосымшаларын меңгереді.
(Ж) «Мен білемін!» Оқушылар берілген сөздерге шығыс септік қосымшаларын жалғап жазады. Сиыр........ сүт алады. Дүкенші....... сағыз алады. Тауық......... жұмыртқа алады. Тышқан........ тары алады. Кері байланыс. «Смайликтер» арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасайды. Нақты ненің қиын, ненің жеңіл болғанын айтады. - жеңіл болды - аздап қиындау болды. - қиын болды. (Ө) «Ойлан, жаз». Оқушылар орны ауысып келген сөздерді ретімен қойып, сұраулы сөйлемді дұрыс құрастырады. Сұраққа жауап жазады. Тапсырманың мақсаты – сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтай отырып, сөйлемдерді дұрыс құрастыру, сұрау есімдігінің формасына байланысты жауап сөзді түрлендіруді меңгерту.
Дескриптор:
Дифференциация. Қабылдау деңгейі орташа оқушыларға көмек ретінде сөйлемдегі кейбір сөздердің орын тәртібі көрсетіледі. Мысық ..................... кімге ........................? .................. жұмыртқаны ................ сұрайды? ............... сағызды ............... алады? | ||||||
Сабақтың соңы 8 мин | Рефлексия. «Аяқталмаған сөйлемдер» арқылы сабақтағы жұмысын қорытындылайды. Мен бүгін ........................... Маған бүгін ....................... | ||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Сабақ бойынша рефлексия
| |||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?