Тәні саудың – жаны сау «Тәні саудың-жаны сау» тақырыбында әңгімелер. (1-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8

Күні: 10.05.2016

Сынып: 2

Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні : Лепесбаева А.Т., Темирова Ж.А.

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Тәні саудың – жаны сау

«Тәні саудың-жаны сау» тақырыбында әңгімелер. (1-сабақ)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

О 1 Таныс сөздерден құралған қарапайым сөз орамдарының мағынасын түсінеді.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:

Мұғалімнің көмегімен таныс сөздерден құралған қарапайым сөз орамдарының мағынасын түсінеді.

Оқушылардың көпшілігі:

Таныс сөздерден құралған қарапайым сөз орамдарының мағынасын түсінеді.

Кейбір оқушылар:

Таныс сөздерден құралған қарапайым сөз орамдарының мағынасын түсінеді, еркін қолданады.

Жетістік критерийлері

Мәтіндегі тақырыпқа қатысты сөздер мен сөйлемдердің мағынасын түсінеді

 Сөздік қор

Денсаулық, дұрыс тамақтану, спортпен шұғылдану, тазалықты сақтау, қолды жуу, жуыну, шынығу, жаттығу жасау.

 Құндылықтарды дарыту

Функционалдық сауаттылық

 Пәнаралық байланыстар

дүниетану

Алдыңғы меңгерілген білім

Спорт түрлерін атай алады, спортшыларды сипаттай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

Қызығушылықты ояту.

) «Ойлан, тап»

Қазақ әліпбиін қолданып, тақырыпқа қатысты «Денсаулық» сөзін шығару.

(7, 8, 18, 28, 1, 30, 16, 37, 15)

Презентация

Сабақ ортасы

10 мин

7 мин

3 мин

7 мин

7 мин

Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

(МК) «Суреттер сөйлейді»

Презентацияда берілген сөздерге сәйкес келетін сөздер мен сөз орамдарын дұрыс табу. Сөздікпен жұмыс жүргізу. «Дені сау адам болу үшін ....» ойды жалғстырып сөйлемдер айту.

(Ж) «Жүйрік болсаң, озып көр!»

«Атом» ойыны арқылы оқушылар жұпқа бөлінеді. Жұптарда берілген сөздерді қолданып өз сөйлемдерін құрастырады. Топ алдында ең үздік сөйлемдерді таңдап алады.

  • Денсаулық
  • Дұрыс тамақтану
  • Спортпен шұғылдану
  • Тазалықты сақтау
  • Қолды жуу
  • Жуыну
  • Шынығу
  • Жаттығу жасау

(Ұ) Сергіту сәті

Бейнематериалда берілген әуенге сай қимылдар жасайды.

) «Топтастыру»

Оқушылар екі топқа бөлінеді. Әр топқа бірдей сөздер таратылып беріледі. Оқушыларға берілген суретке сәйкес келетін сөздер мен сөз орамдарын ажыратып жапсырады. Өз сөздерімен қысқаша мәтін құрастырып көреді.

Тіс тазалайды

Көп тәтті жейді

Жуынады

Қолын жумайды

Тазалықты сақтайды

Тазалық сақтамайды

Дұрыс тамақтанады

Көп ұйықтайды

Жаттығу жасайды

Далада серуендеуді жақсы көрмейді

Қолды жуады

Көп ауырады

Таза ауада серуендейді

Спортпен айналыспайды

Спортпен шұғылданады

Шашын тарамайды

(Ө,Қ) Суретке сәйкес жинақтаған сөздерді толықтырып оқиды.

Ұл бала таңертең ерте тұрады. Жуынатын бөлмеде тісін _________________, беті-қолын сабынмен __________________. Өз бөлмесінде _____________________________жасайды. Таңғы асын асықпай ішеді. Дұрыс _____________________ көңіл бөледі.

https://www.youtube.com/watch?v=8QDaf94molo

Сабақтың соңы

3 мин

(МК) "Сиқырлы доп". Доптың суретін салып, әр бөлігіне сабақта не білгенін жазады.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Бір-бірін итермеу, жүгірмеу

Сергіту сәттерін өткізу;

қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Әдістемелік бірлестік жетекшісі ____________Д.Ш. Рахимова



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу