Мектептегі түрлі жағдайлар туралы жазу. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 2 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3-бөлім «Менің мектебім» Күні: Сынып: 2 | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Кушерова Л.К. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | Мектептегі түрлі жағдайлар туралы жазу | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 4.4 Каллиграфиялық нормаларды сақтау 2.4.4.1 бас әріптер мен кіші әріптердің биіктігін, енін, көлбеулігін және олардың байланысын сақтап жазу | ||||
Сабақ мақсаттары | |||||
Бағалау критерийлері | Бас әріптер мен кіші әріптердің биіктігін, енін, көлбеулігін және олардың байланысын сақтап жазады | ||||
Tілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: Мен…ұнатамын, Мен… ұнатпаймын, Мен… біршама ұнатамын, Мен… шынымен ұнатамын, Мен… ұнатпаймын, Менің сүйікті пәнім… . Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Менің ойымша ..., Біздің ойымызша... | ||||
Құндылықтарды дарыту | Үзіліс кезінде тәртіпті болуға тәрбиелеу. | ||||
Пәнаралық байланыстар | орыс тілі сабағы | ||||
АКТ қолдану дағдылары | Сергіту сәті | ||||
Бастапқы білім | Мектептегі түрлі жағдайлар туралы әңгімелеу | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы | Ертеңгілік шеңбері Фонетикалық жаттығу. Жуан сөздерді бір бағанға, жіңішке сөздерді екінші бағанға жаз. | ||||
Сабақтың ортасы | (Ұ) Оқушыларды жазу әрекетіне дайындау үшін «Мектеп» тақырыбына қатысты сөздікті қайталау; «Мектеп сөздігі» әліпби ойыны. Оқушылар шеңбер бойлай отырып, әліпби ретімен кезек-кезек мектепке қатысты сөздерді айтады. Мысалы, әліпби, кітап, дәптер, есік, компьютер. Сөз таба алмай қалған оқушы ойыннан шығып отырады. Соңғы қалған үшеуі – жеңімпаз. (МК) Үлгі бойынша мектеп пәндері туралы біраз сөйлем айту және жазу. Мысалы, Мен…ұнатамын, Мен… ұнатпаймын, Мен… біршама ұнатамын, Мен… шынымен ұнатамын, Мен… ұнатпаймын, Менің сүйікті пәнім… . Сергіту сәті https://www.youtube.com/watch?v=TwD0jZdUuC8 (Ж) Жұптарда оқушылар келесі тапсырманы жазуға дайындалу үшін қай пәнді ұнататынын/ ұнатпайтыын т.б. талқылайды. (Ө, Қ) Мұғалім. Көрсеткен үлгіні қолдана отырып, мектеп пәндері туралы сөйлемдер жазады. Дифференциация: қабылдау деңгейі жоғары оқушылар жай сөйлемдерде бас әріптер мен нүктелерді және сұрақ белгілерін қолдану арқылы өздерінің жеке әңгімелерін жаза алады; қабылдау деңгейі орташа оқушылар суретті әңгімені бір немесе екі сөйлеммен жаза алады.
|
| |||
Сабақтың соңы | Смайликтер арқылы кері байланыс беру:
| ||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||
қабылдау деңгейі жоғары оқушылар жай сөйлемдерде бас әріптер мен нүктелерді және сұрақ белгілерін қолдану арқылы өздерінің жеке әңгімелерін жаза алады; қабылдау деңгейі орташа оқушылар суретті әңгімені бір немесе екі сөйлеммен жаза алады. | Бір-біріне құрмет көрсету |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?