Отбасы туралы кітаптардан және экраннан әңгімелер оқу №1. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Қазақ тілі (Т2)

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2

Күні:

Сынып: 2

Мектеп: Көкшетау қ. ФМБ НЗМ

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Отбасы туралы кітаптардан және экраннан әңгімелер оқу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1.2.1 Баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсіну.

2.3.2.1 Шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздерден құрастырылған қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсіну.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мұғалімнің көмегімен шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздерден құрастырылған қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсінеді, баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсінеді.

Көптеген оқушылар: шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздерден құрастырылған қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсінеді, баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсінеді.

Кейбір оқушылар: шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздерден құрастырылған қарапайым сөйлемдердің мағынасын тұтастай түсінеді, баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын еркін түсінеді.

Бағалау критерийлері

Жиі қолданылатын сөздер мен фразалардың мағынасын түсінеді.

Шағын мәтіндегі қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсінеді.

Тілдік мақсаттар

Отбасы, отбасы мүшелері, тату, қамқор, мейірімді, ақылды, көмектеседі, жақсы көреді, ұзын бойлы, орта бойлы, қатал, ақ көңіл, сабырлы, әдепті

Құндылықтарды дарыту

Құрмет көрсету

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Отбасы мүшелерін сипаттай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

7 мин

(Ұ) Қызығушылықты ояту. «Қадамдар» ойыны. Оқушылар отбасы тақырыбына қатысты сөздер айтып, қадамдар жасайды. Көп қадам жасап, алға озған оқушы жеңімпаз болады.

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

Сабақтың ортасы

10 мин

7 мин

1 мин

10 мин

) Сөз бұлты. Оқушылар сөз бұлтынан сөздерді оқып, өзіне таныс сөздерді жасыл қарындашпен, таныс емес сөздерді қызыл қарындашпен белгілейді. Таныс емес сөздерді сөздікке жазады, мұғалімнің көмегімен мағынасын таниды. Сөздермен сөйлемдер құрастырады.

(Ө) Тыңдалым. Мәтінді тыңдап, сөйлемдер қатысты «иә» немесе «жоқ» сөздерін белгілеп отырады. Жауаптарын тексереді.

Динаның ағасы бар. Ағасы – өте ақылды, сабырлы адам. Дина ағасымен бос уақытында кітап оқиды, шахмат ойнайды. Динаға шахмат ойнауды ағасы үйретті. Дина ағасын жақсы көреді.

  • Динаның ағасы жоқ. иә жоқ
  • Динаның ағасы өте ақылды адам. иә жоқ
  • Дина ағасымен доп ойнайды. иә жоқ
  • Ағасы Динаға шахмат ойнауды үйретті. иә жоқ
  • Дина ағасын жақсы көреді. иә жоқ

(Ұ) Сергіту сәті. Тақпақты айта отырып, қимылдарды жасайды.

Ақ қоян-ау, ақ қоян,

Бетіңді жушы,

Қолыңды сүртші,

Айнаға қарашы,

Шашыңды тарашы,

Киіміңді киші,

Мектепке қарай жүрші,

Орныңа отыршы,

Сабағыңды оқышы.

(Ө) Оқылым. Мәтінді оқып, тірек сөздермен толықтырады.

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар ұқсас мәтін құрастырады.

Динаның ............... бар. Ағасы – өте ақылды, ............ адам. Дина ағасымен бос уақытында кітап оқиды, ............... Динаға шахмат ойнауды ағасы ................ Дина ағасын ......................

Тірек сөздер: үйретті, сабырлы, ағасы, жақсы көреді, шахмат ойнайды.

Сабақтың соңы

5 мин

Кері байланыс. «Баллдық көрсеткіш».

Сабақтағы жұмысына баға береді.

Бағалау критерийлері:

  • Тыңдалымды дұрыс істедім.
  • Мәтінді толықтырдым.
  • Сабақта белсенді болдым.

1 5 10

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу