Отбасы туралы кітаптардан және экраннан әңгімелер оқу №1. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 2 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім «Менің отбасым және достарым» Күні: Сынып: 2 | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Кушерова Л.К. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | Отбасы туралы кітаптардан және экраннан әңгімелер оқу №1 | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.2 Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну 2.1.2.1 баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсіну 3.3 Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтау 2.3.3.1 мәтіннің жанрын (өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, төрт түлік туралы жырлар, әңгіме) ажырату | ||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздерді түсінеді; мұғалімнің көмегімен мәтіннің жанрын (өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, төрт түлік туралы жырлар, әңгіме) ажыратады Көптеген оқушылар: мұғалімнің көмегімен баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсінеді; мәтіннің жанрын (өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, төрт түлік туралы жырлар, әңгіме) ажыратады Кейбір оқушылар: баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсінеді және қолдана алады; мәтіннің жанрын (өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, төрт түлік туралы жырлар, әңгіме) ажыратады және өздері талдай алады. | ||||
Бағалау критерийлері | Баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздерді түсінеді; Мәтіннің жанрын (өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, төрт түлік туралы жырлар, әңгіме) ажыратады | ||||
Tілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: Менің әкемнің аты – Марат. Анамның аты – Әмина. Менің інім, қарындасым бар. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Сенің әкеңнін аты кім? Сенің анаңнын аты кім? Сенің кімің бар? | ||||
Құндылықтарды дарыту | Отбасына қамқорлық, мейірімділік көрсетуге үйрету | ||||
Пәнаралық байланыстар | бейнелеу өнері сабағы | ||||
АКТ қолдану дағдылары | |||||
Бастапқы білім | Бос уақытты өткізу түрінің сипаттамасын жазу | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы 5 минут | Ертеңгілік шеңбер Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру. (МК) Шаттық шеңбері» әдісі. Мұғалім оқушыларды шаттық шеңберіне тұрғызады. Оқушылар шаттық шеңберіне тұрып, мұғаліммен амандасады, бір-біріне сәттілік тілеп, жақсы тілектер айтады. Мұғалім отбасы туралы 1-сыныпта өткен тақырыптарды қайталатады. -Мен отбасыма денсаулық тілеймін! Ешкім ауырмасын. - Мен отбасыма бақыт тілеймін! - Мен отбасымды жақсы көремін. -Мен отбасыма татулық тілеймін! -Біз бір- бірімізді сыйлаймыз. - Мен отбасыма жақсылық тілеймін! - Мен отбасыма ашық аспан тілеймін! Олар менің жүрегімде. - Мен отбасыма әлемдегі бар жақсыны, бар қуанышты тілеймін! | ||||
Сабақтың ортасы 33 минут | (Ө) Оқушылар отбасы мүшелерін атайды және олар туралы қарапайым сөздерді қатыстырып, сөйлем құрайды. Мысалы, Менің әкемнің аты – Марат. Анамның аты – Әмина. Менің інім, қарындасым бар. (МК) Мұғалім отбасы мүшелері туралы кітаптан немесе экраннан әңгімелер оқиды. Менің отбасым Менің отбасымда бес адам бар. Анам, әкем және екі сіңілім. Мен өз отбасымды жақсы көремін. Олар да мені жақсы көреді. Мен анама үй жинасуға көмектесемін, сіңілерімді бағамын. Өз отбасыма көмектесуге әрдайым дайынмын.Отбасыммен серуенге шыққанды ұнатамын. Біз әр мейрамды бірге тойлаймыз. Біз отбасымызда тату-тәтті тұрамыз. Менің отбасым-ең үлгілі отбасы. 2- сынып оқушысы Абдырахманова Аружан Оқушылар оқылған әңгіме бойынша өз ойларын айтады. Сергіту сәті Бас бармағым - әкем. Балан үйрек - анам. Ортан терек- ағам. Шілдір шүмек-апам. Кішкентай бөбек -мен. Грамматикалық қоржын. Сөздің тәуелденуін көрсету. Менің отбасым Сенің отбасың Сіздің отбасыңыз Оның отбасы Үлгіні пайдаланып, өз отбасың туралы айтып бер. Үлгі: Әнелдің атасы теледидар қарайды. Ал сенің атаң демалыста не істейді? Әнелдің інісі тәтті жақсы көреді. Ал сенің бауырың нені жақсы көреді? Дескрипторлар:
Дифференциация: қабылдау деңгейі жоғары оқушылар отбасыға қатысты тыңдалған мәтін бойынша қарапайым түрде өз пікірін білдіреді; қабылдау деңгейі орташа оқушылар отбасына қатысты басым сөздерді суреттер бойынша әңгімелейді. | ||||
Сабақтың соңы 2 минут | Рефлексия. Мұғалім түрлі смайликтер таратады. Оқушылар сабақтан алған әсерлерін смайликтерді көрсету арқылы білдіреді. | ||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||
Отбасыға қатысты тыңдалған мәтін бойынша қарапайым түрде өз пікірін білдіреді. | Меңгеруді бақылау Жұптар бір-бірін бағалайды. Дескрипторлар арқылы бағалау | Жұптар жұмыс істеу дағдылары (құрмет көрсету, кезекпен сөйлеу және т.б.) |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?