file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Ойын жағдайында қабылдауды іске асыру. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 15 сабақ.


Әдістемелік нұсқаулық №15 сабақ

Сабақ басында оқушыларға сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз.

Күтілетін нәтижелер

- қауіпсіздік ережесін біледі.

-ойын арқылы денсаулықты шыңдауды біледі.

-арнайы спорттық қимыл әрекеттерінің дәлдігін бақылауды дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын көрсетеді;

Сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салыңыз.

Жағымды орта құруға төмендегі тапсырманы орындатыңыз.

«Ең зейінді» ойынын ойнатыңыз

Оқушылар бірінің артына бірі сапқа тұрады. Басында тұрған оқушы артына қарап оқушылардың тұру ретімен есте сақтайды да, дауыстап аттарын айтып шығады. Қателескен жерінен тоқтатылады да, соңына барып тұрады. Келесі оқушы да дәл осылай айтып шығады. Арасында оқушылар орындарын ауыстырып отырады. Кім сыныпты түгел жаңылыспай тұрған орындарының ретімен айтып шықса, сол «ең зейінді оқушы» атын иеленеді.

Сұраңыз: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз?

Сабақтың ортасында оқушыларға ойын техникасын түсіндіріп өтіңіз.

Тордың үстінен допты дәлдікке жалғау жаттығулары №2 және 3 аймақтарынан да орындалатындай болып жасақталады.

Допты жоғарыдан берудің техникалық орындалуына ерекше бақылау қажет.

Орындалған жұмыстарға талдау жүргізіңіз.

Мұғалім келесілерге назар аударады:

- допты екі қолмен беттің деңгейінде, волейболшының ортаңғы және төменгі тұрысында ұстау;

- допты ұстау сәтінде жаймен жартылай отырып, содан соң, аяқтарды және қолдарды түзете допты алға-жоғары лақтырып, білезік буын мен саусақтың аяқтау қозғалыстарын жасап допты кері қайтару;

- допты жалғау кезінде қабылдаушы ойыншы допты жүргізушіге тура жалғауы керек;

Сұраңыз:

- Доппен ойналатын ойында сіз қандай қиындықтар сезінесіз?

- Допты жалғаудағы өзіңіздің әлсіз тұстарыңызды түсіндіріп бере аласыз ба?

Мұғалім, оқушыларды дұрыс жолға бағыттайды және қандай да бір қиыншылықтар мен тіл проблемалары туралы ескертулер жазып алады (спорт терминологиясы және т.б.) Мұғалім кейде оқушыларға ынталандырушы сұрақтар қойып, олардың қаншалықты тапсырманы орындаумен айналысып отырғанын тексереді.

Қажетті жағдайда мұғалім келіспеушілік жағдайында мәселені дұрыс шешуге талпынады.

Ойын барысында ойынның негізгі техникалық амалдарды ерекшелейді: беру, әрі қарай беру, шабуыл ұрыс, беруден допты қабылдау, болктау, және әртүрлі ойын жағдайларында негізгі амалдардың орындауын қамтамасыз ететін немесе олардың құрамдас бөлігі болып табылатын (секіруде, құлауда, төмен немесе жоғары тұруда, әрі қарай беру, секіруде беру, жүгіру ұмтылысынан секірудегі шабуыл ұрыс) қосымша (ауыстыру, тұрыс, секірулер, құлау).

Шабуыл ұрыстарға арналған әрі қарай берулер.

Шабуыл ұрыстарға арналған әрі қарай берулер шалғайлық, доптың ұшу бағыты, траектория және жылдамдық бойынша бөлінеді.

Шалғайлық бойынша допты әрі қарай берулер бөлінеді:

— тар – бр зона аралығында;

— орташа – бір зонадан келесіге;

— кең – зона арқылы.

Доптық ұшу бағыты бойынша әрі қарай берулер айрықшаланады:

— тігінен: торға параллель;

— көлденең – торға қарай 90 градусқа жақын немесе тең бұрышпен;

— диагональ – торға қарай үшкірлі бұрышпен (алаң түбінен әрі қарай берулер де жатады).

Доптың ұшу траекториясы бойынша әрі қарай берулерді айрықшалайды:

— төмен – ұшу биіктігі тор деңгейнен 0,5 м дейін;

— орташа – ұшу биіктігі тор деңгейінен 1,5 м дейін;

— биік — ұшу биіктігі тор деңгейінен 2 м дейін;

Доптың ұшу жылдамдығы бойынша әрі қарай беру түрлері айрықшаланады:

— өлшелінген – мұнда допқа минималды жылдамдық және де шұғыл траектория беріледі;

— жартылай өлшемделген – жоғары жылдамдықпен және жазық траекториямен;

— өлшемделген – тордың жоғарғы шетінен шабуылшы үшн белглі максималды жылдамдылығымен.



Толық нұсқасын 18 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу