file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Ойын жағдайында қабылдауды іске асыру. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 17 сабақ.


Әдістемелік нұсқаулық №17 сабақ

Сабақтың дайындық бөлімінде «Карусель» ойынын ұсыныңыз.

Ойын шарты: оқушылар екі топқа бөлініп, ішкі және сыртқы қосарлы шеңберге бір-біріне бетпе-бет қарап, екі шеңбер құрады. Ішкі шеңбер – қозғалмайтын шеңбер, шеңбер ортасына олар арқасын беріп тұрады. Сыртқы шеңбер – қозғалмалы, шеңбер ортасына бетін қаратып тұрады. Әрбір оқушы өзіне қарама-қарсы тұрған оқушыға бір сөйлем айтып, оңға қадам жасайды. Сөйлем қойылған мақсатқа байланысты болады. Мысалы, әріптесінің жағымды жақтарын көрсету үшін «Мен сен сияқты ақылды, ұстамды болғым келеді» деуге болады. Әрқайсысы жаңа әріптесі келген сайын оның қасиеттерін айтып отырады. Жаттығудың бұл түрі барлық оқушылардың белсенді жұмысқа тек өзінің таңдауымен ғана емес, әртүрлі серіктерімен бір мезгілде араласуына мүмкіндік береді.

Қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау және допты жалғаудың орындалу техникасына назар аудару қажет.

Сұраңыз:

- Берілген тапсырма қандай дене қасиетін дамытады?

Шабуылдау кезінде төмендегі тапсырмаларды жұппен орындауды ұсыныңыз.

Шабуыл соққыларын жасауды бірден үйрену қиын. Сол себепті сабақта болмаса жеке жаттығу кезінде мына қимыл-қозғалыстарды орындап машықтанған жөн:

  • Бір не екі қадаммен секірген кездегі аяқ пен қол қимылдарының үйлесімділігін орындап көру;
  • Шабуыл соққысын жасау;
  • Екпін алып, тор арқылы теннис добын лақтыру (бұл жаттығуды орындағанда шабуылдап доп соғуға тән қимыл-қозғалыстардың ырғағын сақтай білу);
  • Резеңке серіппедегі (амортизатордағы) допты ұру;
  • Екпін алып секіріп, теннис добын қағып алу;
  • Теннис добын жоғары лақтырып, тор арқылы "шабуыл соққысын" жасау (әуелі тек жай секірістен және жұппен орындау);
  • Тордың маңындағы ұстағышқа (держатель) бекітілген допты соғу;

Серігінің көтере лақтырып берген добын тор арқылы соғу

Ойын алаңында тұру және орын ауыстыру.

 Дұрыс тұра білу - жаңа бастаған волейболшы үшін басты шарт. Ойыншының дұрыс қалпы аяғы иық кеңдігінде тізеден бүгілген күйде кеуде ілгері еңкейтіледі, аяқтың біреуі шамалы ғана ілгері шығарылады. Қол шынтақтан бүгіліп, бір-біріне қаратылады. Бұл қалып тұрақты болып қалмауы керек, ол ойын кезіндегі жағдайға байланысты үнемі өзгеріп отырады. Егер тордан шоршыған допты қабылдау керек болса, онда ойыншы біршама бүгіледі де, секіре жазылып, допты соғу арқылы ойынды жалғастырады.

 Волейболшылар алаңда қосарланған адыммен жүгіру және секіру арқылы орын ауыстырады.



Толық нұсқасын 27 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу