file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Ойын жағдайында қабылдауды іске асыру. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 18 сабақ.


Әдістемелік нұсқаулық №18 сабақ

Сабақ тақырыбы: Ойын жағдайында қабылдауды іске асыру

Оқу мақсаттары :8.1.1.1 арнайы спорттық қимыл әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын көрсету;

8.1.3.3 арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті түсіндіру және көрсете білу;

8.2.4.1 дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру және балама түрлерін құруға қажет ережелер мен құрылымдық тәсілдерді қолдану және талқылай білу

Допты қабылдау беруді жақсы меңгеру үшін төмендегі жаттығуларды барынша көбірек орындатыңыз. Мысалы: Бір оқушы құрбысының қолына береді, ол допты төменнен екі қолмен қабылдап, қайта береді.

Арақашықтық 8-10 м. оқушылар қарама-қарсы тұрып, бірінші номерлі оқушылар допты жоғарыдан қабылдап, екінші номерлі оқушылар допты төменнен қабылдау.

Волейбол ойынына қатысты арнайы жаттығулар жасату. Әр оқушыға доп беріп жаттығу жұмыстарын жасату Әр екі оқушыға бір доп беріп, өзара доппен ойнауын қадағалап үйрету

1.Допты кеудемен зырғанап алу тәсілін үйрету

2.Допты бір-біріне жоғардан беру тәсілін үйрету

3.Допты бір-біріне төменнен беру тәсілін үйрету

4.Допты жанынан беру тәсілін үйрету

Мұғалім допты қабылдау және жалғау кездеріндегі қолдардың қалыптарына назар аударыңыз , орындалуына ұсыныстар беріңіз.

Бір аймақтан екінші аймаққа допты тура жалғауды бақылауға алыңыз.

Барлық тапсырмаларды орындап болған соң оқушылар шағын топтарда келесілерді талқылайды:

- күшті және әлсіз тұстарды;

- тапсырмалардың мазмұнын;

- қозғалыс дағдыларын жақсарту үшін баламалы тапсырмалар ұсыныңыз.

Сұраңыз:

- Волейболда қандай қозғалыс дағдылары негізгі болып табылады?

Қосымша мағлұматтар

Допты төменнен тіке ойынға қосу

 Допты ойынға қосу торға қарап тұрғанда орындалады. Шынтақ буыннан бүгілген бір қолмен белдің деңгейінде допты алда ұстап тұрады. Екінші қол сермеу үшін артқа қарай созылады. Саусақтар шамалы ғана алақанға қарай бүгіледі. Ойыншы допты жоғары қарай сәл лақтырып қалып, созылған қолмен допты ұру арқылы ойынға қосады.

 Допты соғумен қатар ойыншы бір мезгілде артта тұрған аяғын жазып, алда тұрған аяғына дененің салмағын түсіреді. Допты ойынға қосқаннан кейінгі ойыншының қалпы доптың соңынан ұмтылғандай ыңғайда болады.

Тіке шабуылдау соққысы

 Шабуылдау соққысы екпін алудан, секіруден және жеке соққы жасаудан тұрады. Ұшып келе жатқан допты көргеннен кейін, қолдарын алға әрі жоғары көтере серпіле секіру керек. Ұратын қол допты соғу үшін сермеледі. Кеуде шамала ғана артқа шалқайтылады. Соғу кезінде кеуде соғатын қолмен бір мезгілде ілгері қарай ұмтынады.

 Соққы допқа күшті тиюі үшін қолдың ұшы бос ұсталуы керек. Соққы дәл болуы үшін саусақтар жинақы болғаны дұрыс.

 Шабуыл соққыларын жасауды бірден үйрену қиын. Сол себепті сабақта болмаса жеке жаттығу кезінде мына қимыл-қозғалыстарды орындап машықтанған жөн:

  • Бір не екі қадаммен секірген кездегі аяқ пен қол қимылдарының үйлесімділігін орындап көру;
  • Шабуыл соққысын жасау;
  • Екпін алып, тор арқылы теннис добын лақтыру (бұл жаттығуды орындағанда шабуылдап доп соғуға тән қимыл-қозғалыстардың ырғағын сақтай білу);
  • Резеңке серіппедегі (амортизатордағы) допты ұру;
  • Екпін алып секіріп, теннис добын қағып алу;
  • Теннис добын жоғары лақтырып, тор арқылы "шабуыл соққысын" жасау (әуелі тек жай секірістен және жұппен орындау);
  • Тордың маңындағы ұстағышқа (держатель) бекітілген допты соғу;

Серігінің көтере лақтырып берген добын тор арқылы соғу.

Қорғаныстағы ойын техникасы

 Қорғаныс техникасында дұрыс тұру мен орын ауыстыру ерекше орын алады. Негізгі тұрыстан басқа , еңкейіп тұру немесе қорғанушының тұрысы бар. Мұндай тұрыста аяқ тізеден бүгіліп, ойыншы кез-келген қатты соққыны қабылдауға ,кез-келген бағытта орын ауыстыруға әзір тұрады. Қорғаныста ойнаған кезде орын ауыстыру барлық бағытта адымдап немесе жүгіріп жүру арқылы жүзеге асырылады. Қарсыластың шабуылдаушысы соққысын тосқауыл қойғанда ойыншы бір орыннан секіріп және тор бойымен қозғалып барып тосқауыл жасайды. Қорғаныста қиын допты қабылдау үстінде ойыншы құлап барыпта алады. Қорғаныс техникасында ролін ауыстыру және доптың астына шығу шабуылдағыға қарағанда ерекше мәнеге ие болады.

 Допты кеудемен құлап барып,қабылдау

 Бұл ойыншы алға қарай орын ауыстырып үлгере алмай қалған жағдайда қолданылады. Ойыншы алға ұмтылып барып , допты алады да қолын жерге тік тіреп түседі. Сонан кейін ол қолын шынтағынан бүгіп , кеудесімен жер тірейді. Сонан соң, қол екі жаққа жіберіліп ойыншы кеудесімен жылжыйды.Допты былайша қабылдаған кезде аяқ тізеден бүгіліп, аяқтың басы ашық ұсталуы, бас кейін қарай шалқайтылуы керек.

 Тордан кері серпілген допты қабылдау.

 Допты тордан серпілу ерекшеліктерін білу керек. Егер доп тордың жоғарғы жиегіне таман тисе оның серпіліуі күші аз болады да , ол төмен қарай тік түседі. Егер доп тордың төменгі жиегіне тисе , оның серпілуі әжептәуір.Тордан 1-1,5 метрдей жерге жетеді. Доптың серпіліуінің осындай ерекшеліктерін біле отырып ойыншы торға жақындап келіп , еңкейіп тұрған қалыпта допты қабылдау керек.Допты жерге тақтау қабылдаған жөн . Мұндайда ойыншыға тор кедергі келтірілмейді.



Толық нұсқасын 28 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу