Қауіпсіздік ережесі. Орнында және қозғалыста орындау жаттығулары. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 27 сабақ.


Әдістемелік нұсқаулық № 3

Сабақ тақырыбы: Қауіпсіздік ережесі. Орнында және қозғалыста орындау жаттығулары.

Сабақ оқу мақсаты: 8.3.4.1 денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін қауіп-қатерді төмендету, сондай-ақ техника қауіпсіздігі бойынша техника қауіпсіздігінің күрделі мәселелерін түсіне білу

Оқушылардын сұраңыз : «Біз пәндерді кіріктіруді, қозғалу дағдыларын, дене қасиеттерін қауіпсіздік ережесін сақтау мен сабақ тақырыбы бойынша айту арқылы дамытуды жалғастырамыз».

Мұғалім Сіздер үшін денсаулық ұғымы нені білдіреді деп сұрақ қояды.

Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады.

Күтілетін нәтижелер

- гимнастика жаттығуларымен айналысу кезіндегі қауіпсіздік техникасын біледі.

- гимнастикалық жабдықтарды қолдану мен қозғалыс әрекеттерін орындаудағы қиындықтар мен тәуекелдерді түсінеді.

-қарапайым қозғалыстар реттілігін орындай алады.

-гимнастикалық жаттығулар реттілігін орындайды.

Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салыңыз.

«Тек бір минут» стратегиясын өткізіңіз.

Оқушылар бір-бірін бағалайды

Мұғалім дененің құрлысын жазуды ұсынады. Мұғалім оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдайды.

Бір қатарлы саптан екі қатарлы сапқа және керісінше қайта сап құру. Қозғалыста бас киіммен және бас киімсіз әскери сәлемдесу. Сәлемдесуге қозғалыста жауап беру.

 Бір қатарлы саптан екі қатарлы сапқа және

керісінше қайта сап құру.

    Бөлімшенің жазылма сабы бір қатарлы немесе екі қатарлы болуы мүмкін.

    Бөлімшені бір қатарлы  (екі қатарлы) сапқа тұрғызу: «Бөлімше, бір қатарға (екі қатарға) – саптал!» пәрмені бойынша жүргізіледі.

    Саптық тұрысты қабылдап және пәрмен беріп, бөлімшенің командирі сапқа тұрудың маңдай шебіне қарама – қарсы тұрады; бөлімше штатқа сәйке командирден солға қарай сапқа тұрады.

    Сапқа тұру басталғанда, бөлімшенің командирі саптан шығады және бөлімшенің сапқа тұруын қадағалайды.

    Төрт және одан да аз бөлімше әрқашан да бір қатарға тұрады.

    Бөлімшені орнында түзету үшін «Түзел!» немесе «Солға түзел!» пәрмендері беріледі.

    «Түзел!» пәрмені бойынша оң жақ шетте тұрғаннан басқасының барлығы бастарын оңға бұрады.

   «Аяққа» күйіндегі карабинмен түзелу кезінде, сонымен қатар орындалатын пәрмен бойынша сүңгі өзіне беріледі және оң бүйірге қысылады.

     Түзелу аяқталған соң әскери қызметшілердің барлығы бастарын жылдам тік ұстайды, ал карабиндер бұрынғы күйге келтіріледі, «Тіктел!» пәрмені беріледі.

    Бөлімше артқа бұрылған кезде пәрмен бойынша түзелу жағы көрсетіледі. Мысалы: «Солға (оңға) – түзел!».

    Бөлімшені бір қатардан екі қатарға сапқа тұрғызу үшін алдын – ала «Бөлімше, бірінші және екіншіге – санал!» пәрмені бойынша бірінші және екінші болып санау жүргізіледі. Осы пәрмен бойынша, оң жақ қапталдан бастап әскери қызметші кезек бойынша жылдам өзінің сол жағында тұрған әскери қызметшіге қарай басын бұрып өзінің нөмірін айтады және басын тез тік ұстайды; сол жақ қапталдағы басын бұрмайды.

    Жалпы нөмірлеу «Бөлімше ретімен санал!» пәрмені бойынша жүргізіледі. Қатардың сол жақ шетіндегі тұрған санау аяқталғаннан кейін «Санақ бітті!» деп баяндайды.

    Екі қатарлы сапта екінші қатардың сол жақ шетіндегі тұрған санау аяқталғаннан кейін «Толық!» немесе «Толық емес!» деп баяндайды.

   Содан соң «Бөлімше, екі қатарға – сапқа тұр!» пәрмені беріледі. Орындалатын пәрмен бойынша екінші нөмірлер сол аяқтан бастап артқа бір адым жасап, оң аяғын қоймастан бірінші нөмірдің ту сыртында тұру үшін оңға бір адым жасайды және сол аяғын қояды.

    Бөлімшенің өз орнында екі қатарлы тығыз саптан бір қатарлы сапқа тұруы үшін бөлімше алдын ала бір адымға сиреңкірейді, содан кейін, «Бөлімше, бір қатарға – сапқа тұр!» пәрмені беріледі.

    Орындалатын пәрмен бойынша екінші нөмірлер сол аяғымен солға қарай бір адым жасап, оң аяғын қоймастан алға бір адым жасайды және сол аяғын қойып, біріншілердің сызығына шығады.

Орнында бұрылулар

 

Әскери сәлемдесуді орнында тұрып және қозғалыста бас киіммен және

бас киімсіз орындау. Қозғалыста әскери сәлемдесуге жауап беру.

 

        Бас киіммен тұрғанда – аяқты жерге қоюмен бірге басты бұру керек және оң қолды бас киімге қойып, сол қолды қозғалтпай бүйірде ұстау керек; бастық өтіп кеткеннен кейін, сол аяқты жерге қоюмен бір мезгілде басты тік ұстап, оң қолды түсіру керек.

    Бастықты басып озғанда - әскери сәлемдесу басып озудың бірінші адымымен орындалады. Екінші адыммен басты тік ұстап, оң қолды түсіру керек.

    Егер әскери қызметшінің қолы бос болмаса, әскери сәлемдесуді басты бастықтың жағына қарай бұрумен орындайды.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу