Қазақстан туралы өлең шығару №1. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 1 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзім жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6-бөлім: Салт дәстүр және ауыз әдебиеті

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Кушерова Л.К.

Күні:

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Қазақстан туралы өлең шығару №1

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1 Зейін қойып тыңдау

1.1.1.1 Сөздерді зейін қойып тыңдайды, түсінеді және дұрыс қабылдайды.

2.4 Диалогке қатысу

1.2.4.1 Анық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Сөздерді зейін қойып тыңдайды, түсінеді. Дұрыс айту арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді.

Көбі: Сөздерді зейін қойып тыңдайды, түсінеді және дұрыс қабылдайды. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді.

Кейбірі: Сөздерді зейін қойып тыңдайды, түсінеді, дұрыс қабылдайды және қолданады. Анық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді.

Жетістік критерийлері

Тыңдаым.

Тақырыпқа қатысты сөздердің көпшілігін есте сақтайды және мағынасын түсіндіре алады.

Айтылым.

Берілген материалдағы мәселені анық, түсінікті сөйлеуі арқылы жеткізе алады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Таудың бөктерінде, жайылып жүрген ат, мөлдір су, сары дала,

таудың ортасындағы көл, әдемі гүлдер

Құндылықтарды дарыту

Өз Отанының табиғатын сақтауға, қорғауға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Сауат ашу, Дүниетану сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Бастапқы білім

Ертегі кейіпкерлері №2

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ертеңгілік шеңбері

(Ұ) Сынып қабырғаларында ілініп тұрған суреттерді аралап көріп, не бейнеленгенін айтады.

(Тақтада оқушыларға арналған оқу мақсаты жазылады.) Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту.

Таныстырылым

Сабақтың ортасы

(МК) Оқушыларға қарапайым өлең/тақпақ айтып беру және оқушылардың өздерінің білетін өлеңдерін сұрау.

Оқушылардан «Өлең ұнады ма? Не туралы?» деп сұрау.

Мұқағали МақатаевОтан туралы

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,Мен оның қасиетті тілін сүйем,Мен оның құдіретті үнін сүйем.Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,Бәрі маған: «Отан!» деп сыбырлағанЖаным менің,Кеудемді жарып шық та,Бозторғайы бол оның шырылдаған!Отан!Отан!Бәрінен биік екен.Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.Отанды сүймеуің де күйік екен,Отанды сүйгенің де күйік екен...

Қазақстан туралы өлеңдерді плакатқа жазып, көрнекі жерге іліп қою.

  •  5Туған жерім тамаша

О, алақай, туған жер!

Жақсы-ау, бақша-бауларың!

Көзге ыстық көрінер

Сенің асқар тауларың.

Сенің асқар тауларың.

Туған жердің жырларын

Қызғалдақтай терейік,

Кең өлкенің қырларын

Жүр, аралап келейік!

Жүр, аралап келейік!

Дала

Кісінеп, табысып,

Суларын шала ішіп

Шабады құлындар

Желменен жарысып.

Көлдерін сағынып,

Көк сағым жамылып,

Әндетіп қаз-үйрек

Келеді ағылып.

СЕРГІТУ СӘТІ. Айгөлек

Айгөлек-ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек!

Айдай толған кезімде

Би билеймін дөңгелеп!

Айгөлек-ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек!

Күндей нұрлы шағымда

Күнге жетем өрмелеп!

ЖЖ (Қ) Оқушылардың тыңдалған сөздерді қаншалықты дұрыс түсінгендігін анықтау үшін жұптық жұмыс ұйымдастыру. Жұптағы оқушылардың бірі сөзді айтса, екіншісі оны көрнекілікпен байланыстырып көрсетеді.

Жетістік критерийі:

  • Тақырыпқа қатысты сөздердің көпшілігін есте сақтайды және мағынасын түсіндіре алады.
  • Берілген материалдағы мәселені анық, түсінікті сөйлеуі арқылы жеткізе алады.

Дифференциация:

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар: өздігінен тақпақ шығарады және оны мәнерлеп оқиды.

Қабылдау деңгейі орташа оқушылар: суретті сипаттау үшін жекелеген сөз тіркестерін ғана қолданады.

Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия

Мен бүгін ... үйрендім.

Маған ... қиын болды.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қолдау көрсету, мадақтау.

Қабілеті жоғары оқушылар тақырыпқа қатысты сөздердің көпшілігін есте сақтайды және мағынасын түсіндіре алады.

Оқушылардың төмендегі дағдыларын бағалау:

  • жаңа сөздерді қолдану;
  • мәнерлеп оқу;
  • сөздердің мағынасын суреттермен байланыстырып айту.

Сауат ашу, Дүниетану сабағы

Өз Отанының табиғатын сақтауға, қорғауға тәрбиелеу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу