Саяхат. Көлік – идеяларды түсіну. (3-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 1 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
| Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні : Лепесбаева А.Т., Темирова Ж.А. Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Саяхат Көлік – идеяларды түсіну. (3-сабақ) | ||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | Ж5 Жай сөйлемді жазуда бас әріп пен нүктені саналылықпен қолданады. Т2 Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді. | ||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| ||||||||||||
Жетістік критерийлері | нүкте қою арқылы қарапайым сөйлемдердің ара жігін ажырата алады. | ||||||||||||
Сөздік қор | Қанат, құйрық, жүк салғыш, терезе, есік, дөңгелек | ||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Сыйластық, құрмет | ||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану | ||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Көлік бөлшектерін атай алады. | ||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||
Сабақтың басы 3 мин | (МК) Қызығушылықты ояту. Берілген өлеңді мұғаліммен бірлесе қайталап отырып, қимылмен орындарында жасайды. Орнымыздан тұрамыз, (орындарынан тұрады) Қанатымызды жаямыз, (екі қолын екі жаққа ұстайды)Ұшақ болып ұшамыз. (жарты денесімен ұшу қимылын жасайды) Суда жүйткіп жүземіз. (қолдарын қосып, ирек сызықты ауада жасайды) | ||||||||||||
Сабақ ортасы 7 мин 5 мин 10 мин 2 мин 10 мин | (Ұ) «Лото» ойыны Ұяшықтарда жасырылған сұрақтарға жауап беру. 1) Мынау қандай көлік? 2) Мынау көлік не істейді? 3) Мынау не? 4) Мынау не? 5) Ұшақтың қанаты қандай түсті? 6) Көліктің дөңгелегі қандай түсті? 7) Ұшатын көліктерді айт. 8) Жүзетін көліктерді айт. 9) Қайықта не бар? 10) Мынау көлікте не бар? (Ө) «Ойлан, тап!» Әр оқушы суретте берілген көлікті сипаттайды. Қалған оқушылар көлік түрін анықтайды. Осы суреттерге ұқсас өз суреттерін жасырып айтады. (Ө, Қ) "Мен білемін". Жазбаша жұмысты орындау үлгісін ең алдымен мұғаліммен бірлесіп біреуін жасайды. Сол үлгіге сай оқушылар берілген көліктердің суреттерін бояп, сол көлік туралы ақпарат жазады. Мысалы: Мынау - жеңіл көлік. Ол жүреді. Дөңгелек қара, терезе көк.
Сергіту сәті Бейнематериалдағы қимылдарды қайталап жасау. (Ж) "Тыңда, ойлан, сал". Оқушылар жұпқа бөлініп, жасаған жұмыстарын біреуі айтып отырады, екінші оқушы тыңдай отырып суретін салады, тексереді. Содан соң оқушылар ауысып жұмысын жалғастырады. | Презентация | |||||||||||
Сабақтың соңы 3 мин | (МК) «Бағдаршам» арқылы өзінің сабақтағы жұмысына баға беру. Қызыл түс – түсінбедім Сары түс – сұрақтарым бар Жасыл түс – толық түсіндім
|
| |||||||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||
Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар үшін тапсырманы күрделендіру: оқушылар заттардың түстерін анықтап сөйлемде айта алады. Қабылдау деңгейі орташа оқушы сыныпта бар заттарды тізіп бір-екі сөйлем айтады. | Сергіту сәттерінде, белсенді жұмыс түрлерін өткізуде қауіпсіздік техникасын сақтау | ||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әдістемелік бірлестік жетекшісі ____________Д.Ш. Рахимова
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?