Саяхат. Көлік – оқылым. (1-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 1 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5

Күні: 26.01.2016

Сынып: 1

Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні : Лепесбаева А.Т., Темирова Ж.А.

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Саяхат

Көлік – оқылым. (1-сабақ)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

О1 Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды және сөздердің мағынасын түсінеді.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:

  • Мұғалімнің көмегі сөздерді буынға бөліп оқиды және сөздердің мағынасын түсінеді.

Оқушылардың көпшілігі:

  • Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды және сөздердің мағынасын түсінеді.

Кейбір оқушылар:

  • Таныс сөздерді буындап оқиды және мағынасын түсініп, өз ойын жеткізуде қолданады.

Жетістік критерийлері

Таныс сөздерді буындап дұрыс оқиды және мағынасын түсіндіре алады.

 Сөздік қор

Кеме, қайық, жеңіл көлік, пойыз, автобус, әуе шары, ұшақ, тікұшақ, жүк машинасы, зымыран.

 Құндылықтарды дарыту

Сыйластық, құрмет

 Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

Алдыңғы меңгерілген білім

Мектепке барар жол туралы қысқаша ой бөліседі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

(МК) Қызығушылықты ояту. Оқушылардың қолдан жасалған суретті кітапшаларын көрсету арқылы сабақтың тақырыбын «Сұрақ-жауап» әдісімен шеңберде талқылау.

  • Мынау кітапша не туралы?
  • Қандай көліктерді білесіңдер?
  • Көліктер не үшін керек деп ойлайсыңдар?

Сабақ ортасы

10 мин

7 мин

2 мин

15 мин

) Суретпен жұмыс.

«Қайталай ғой!» ойыны арқылы презентацияда берілген суретке қарай отырып, көліктердің түрлерін оқи отырып, қайталап айтады.

Презентацияда көрсетілген суреттің біріншісін бір оқушы бастап айтады, келесі оқушылар бірінші болып айтылған сөздерге жаңа атауларды қосып оқып айтады.

(МК) «Сымсыз телефон» ойыны арқылы бірініші сөзді мұғалім үлгі ретінде көрсетеді де, ойынды әрі қарай оқушылар суретке қарай отырып, суретте бейнеленген заттың атауын жылдам қайталап айту арқылы жалғастырады.

Сергіту сәті

Бейнематериалдағы қимылдарды қайталап жасау.

(Ө,Қ) Шығармашылық жұмыс.

Көліктердің суреттерін бояйды. Суретте берілген көліктердің атауларын әріптерден жинақтап жазады. Жазған жұмыстарын қорғайды.

Презентация

https://www.youtube.com/watch?v=Vwa5zBMF_WU

Сабақтың соңы

3 мин

(МК) «Бағдаршам» арқылы өзінің сабақтағы жұмысына баға беру.

Қызыл түс – түсінбедім

Сары түс – сұрақтарым бар

Жасыл түс – толық түсіндім

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар үшін тапсырманы күрделендіру:

оқушылар заттардың түстерін анықтап сөйлемде айта алады.

Қабылдау деңгейі орташа Суретке қатысты сөздерді буындап, сауатты оқиды.

Сергіту сәттерінде, белсенді жұмыс түрлерін өткізуде қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Әдістемелік бірлестік жетекшісі ____________Д.Ш. Рахимова



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу