Аңдар №1. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 1 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзім жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4-бөлім: Бізді қоршаған орта

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Кушерова Л.К.

Күні:

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Аңдар №1

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.6 Түрлі құрылымдағы мәтіндерді түсіну.

1.1.6.1 Жаңа сөздердің мағынасы мен айтылуын түсінеді.

1.2 Сөздердің және сөз тіркестерінің мағынасын түсіну.

1.1.2.1 Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді.

2.4 Диалогке қатысу.

1.2.4.1 Анық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Жаңа сөздердің мағынасы мен айтылуын түсінеді.

Көбі: Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді.

Кейбірі: Анық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді.

Жетістік критерийлері

Сөйлем құрастыруда жаңа сөздерді мағынасына сай, орынды қолдана алады.

Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді және орынды қолдана алады.

Берілген материалдағы мәселені анық, түсінікті сөйлеуі арқылы жеткізе алады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Арыстан, жолбарыс, ақ аю, қоңыр аю, қасқыр, тиін, қоян, кірпі,

түлкі, піл, маймыл

Құндылықтарды дарыту

Дала жануарларын бағалау, сақтау, қорғауға үйрету.

Пәнаралық байланыс

Бейнелеу өнері, қоршаған орта сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Бастапқы білім

Үй жануарлары №4

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ертеңгілік шеңбері

Диалогта сөйлеу.

  • -Арман, сен қандай аңдарды білесің?
  • -Аю, піл, арыстан, жолбарыс, қасқыр, түлкі, қоян, кірпі.
  • -Арман, аю қайда болады?
  • -Аю орманда болады.
  • -Піл қандай?
  • -Піл үлкен, күшті.
  • -Қоян қандай?
  • -Қоян кішкентай, қорқақ.

(Тақтада оқушыларға арналған оқу мақсаты жазылады.) Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту.

«Мен күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінемін»

Сабақтың ортасы

(МК) Сөздерді таныстыру үшін аңдардың суреті бар кеспе қағаздарды пайдалану.

) Мұғалім кеспе қағаздарды көрсетіп, сөзді айтқан соң, оқушылар оны қайталайды.

СЕРГІТУ СӘТІ.

Көжектерім тұрыңдар,

(іс – қимылмен көрсету)

Беттеріңді жуындар,

Айнаға қараңдар.

Шаштарыңды тараңдар.

(Ұ) Оқушылар аңдар туралы түрлі кітаптарды қарап, суреттер мен фильмдер көреді. Олар бір аңды таңдайды. Сол аң қайда тұрады, немен қоректенеді, ол қандай екенін айтады.

(МК) Аң туралы сөздерді пайдалана отырып, аңның маскасын қалай жасау керектігін көрсету.

(ЖЖ, ҚБ) Тапсырма.1. Аңдарды сипаттап сөйлеу.

Орманда , , жүр. , , - үлкен аңдар. , - кішкентай аңдар.

Жетістік критерийі:

  • Сөйлем құрастыруда жаңа сөздерді мағынасына сай, орынды қолдана алады.
  • Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді және орынды қолдана алады.
  • Берілген материалдағы мәселені анық, түсінікті сөйлеуі арқылы жеткізе алады.

Дифференциация:

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар:

маска бойынша үлгідегі сөздерді қолдана отырып жай сөйлемдер құрастырып айтады.

Қабылдау деңгейі орташа оқушылар:

аңдарды және олардың қасиеттерін берілген үлгі бойынша айтады.

Аңдардың суреті

Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар маска бойынша үлгідегі сөздерді қолдана отырып жай сөйлемдер құрастырып айтады.

Аңдарды сипаттап сөйлеу.

Бейнелеу өнері, қоршаған орта сабағы

Дала жануарларын бағалау, сақтау, қорғауға үйрету.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу