Аңдар №3( Дала құстары). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 1 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзім жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4-бөлім: Бізді қоршаған орта

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Кушерова Л.К.

Күні:

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Аңдар №3( Дала құстары)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1 Зейін қойып оқу

1.3.1.1 Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды және сөздердің мағынасын түсінеді.

2.1 Сөз көлемі және сөздік қордың сан алуандылығы

1.2.1.1 Таныс сөздерді қолдану арқылы сұрақ қояды және сұраққа жауап береді.

4.1 Әртүрлі стильде жазу

1.4.1.1 Білетін әріптерді пайдалана отырып, сөздер жазады.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды. Мұғалімнің көрсеткен үлгісімен сұрақтарға жауап бере алады.

Көбі: Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды және сөздердің мағынасын түсінеді. Өз бетінше сұрақтарға жауап бере алады.

Кейбірі: Таныс сөздердің мағынасын түсінеді және жай сөйлем құрастыра алады. Сұрақтар қоя алады.

Жетістік критерийлері

Таныс сөздерді буындап дұрыс оқиды және мағынасын түсіндіре алады.

Сұрақ қою мен жауап беру барысында таныс сөздерді орынды қолдана алады.

Таныс әріптерді пайдаланып, сөздер немесе қарапайым сөйлемдер құрастырып жаза алады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Дала құстары: аққу, бүркіт, жапалақ, көгершін, қарлығаш, қарға, торғай, тоты,тырна, шағала, құр, бұлбұл, қараторғай, сауысқан

Құндылықтарды дарыту

Дала жануарларын бағалау, сақтау, қорғауға үйрету.

Пәнаралық байланыс

Бейнелеу өнері, қоршаған орта сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Бастапқы білім

Үй жануарлары №4

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ертеңгілік шеңбері

(Ө) Әрбір оқушы аңның маскасын жасайды және оны 1-бөлімде үйренген бет әлпетті суреттейтін сөздермен сипаттайды. (ауыз, құлақ, көз, мұрын т.б.)

(Тақтада оқушыларға арналған оқу мақсаты жазылады.) Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту.

«Мен таныс сөздерді буынға бөліп оқимын және сөздердің мағынасын түсінемін»

Сабақтың ортасы

(МК) Сөздерді таныстыру үшін дала құстарының суреті бар кеспе қағаздарды пайдалану.

) Мұғалім кеспе қағаздарды көрсетіп, сөзді айтқан соң, оқушылар оны қайталайды.

СЕРГІТУ СӘТІ.

Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық,

Себетке біз салайық.

(МК) Тапсырма. Мәтінді түсініп оқу.

Құстар

Құр, бұлбұл, тырна, қарлығаш, қарға – құстар. Құстар – адамға дос. Құс жұмыртқасын алма. Оларға қамқорлық жаса.

Қарлығаш, қараторғай, тырна – жыл құстары. Жыл құстары қыста жылы жақта болады. Құстар пайдалы.

Сұрақтар:

-Қандай құстармен таныстық?

- Құстар аламға не?

- Құстың несін алуға болмайды?Неге?

-Қандай жыл құстарын білдік?

-Олар қайда болады?

-Құстар қандай?

(Ө) Әріптерден сөз құрастыр.

қуақ, кітбүр, лақжапа, шінкөгер, ғашқарлы, ғақар.

(ҚБ) Тапсырма.Сөздерді оқып, сәйкес суреттермен байланыстырып сыз.

ҚАРЛЫҒАШ

ҚАРҒА

САУЫСҚАН

ТОРҒАЙ

ТЫРНА

БҮРКІТ

КӨГЕРШІН

АҚҚУ

Жетістік критерийі:

  • Таныс сөздерді буындап дұрыс оқиды және мағынасын түсіндіре алады.
  • Сұрақ қою мен жауап беру барысында таныс сөздерді орынды қолдана алады.
  • Таныс әріптерді пайдаланып, сөздер немесе қарапайым сөйлемдер құрастырып жаза алады.

Дифференциация:

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар:

маска бойынша үлгідегі сөздерді қолдана отырып жай сөйлемдер құрастырып айтады.

Қабылдау деңгейі орташа оқушылар:

аңдарды және олардың қасиеттерін берілген үлгі бойынша айтады.

Таныстырылым «Дала құстары»

Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар маска бойынша үлгідегі сөздерді қолдана отырып жай сөйлемдер құрастырып айтады.

Сөздерді оқып, сәйкес суреттермен байланыстырып сыз.

Бейнелеу өнері, қоршаған орта сабағы

Дала жануарларын бағалау, сақтау, қорғауға үйрету.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу