Менің отбасым. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 1 сынып, сабақ жоспары.


Пән:қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3-бөлім. «Менің отбасым және достарым»

Күні: 01.11. 2016.

Сынып: 1 сынып

Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Аленова.А.А.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Менің отбасым

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1 Сөздік қорды толықтыру

1.2.1.1 сөйлеу барысында танысу, өзі туралы айту және затты сипаттау үшін сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс дыбыстап айтып қолдану.

1.2

 Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну.

 

1.1.2.1 баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіну.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:

  • Кейбір сөздерді түсінеді.

Оқушылардың көпшілігі:

Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді, сөйлеу барысында танысу, өзі туралы айту және затты сипаттау үшін сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс дыбыстап айтып қолданады.

Кейбір оқушылар:

  • Сөздердің орын тәртібін сақтап айтады.

Бағалау критерийлері

Жаңа сөздердің мағынасын түсінеді.

Отбасы мүшесін сипаттай алады.

Тілдік мақсаттар

Тату, мейірімді, кішкентай, үлкен, әдемі, ақылды, ата, әже, әке, ана, аға, әпке, іні, қарындас, сіңлі.

Құндылықтарды дарыту

Сыйластық, ынтымақтастық.

Пәнаралық байланыстар

Өзін-өзі тану

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Отбасы мүшелерін атай алады. Тәуелдік жалғаудың бірінші жағын қолдана алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин

Сабақтың мақсаты мен тақырыбы айтылады.

(МК) «Сағаттың тілімен» ойыны. Оқушылар әуенді тыңдап, жерде жатқан сөздерді айнала жүреді. Әуен тоқтаған кезде қай сөздің қасында болса, сол сөзбен сөйлем құрастырып айтады.

  • отбасы
  • анам
  • әкем
  • әжем
  • ағам
  • әпкем
  • қарындасым/сіңлім
  • інім
  • атам
  • мейірімді
  • ақылды

https://www.youtube.com/watch?v=TwD0jZdUuC8

Сабақтың ортасы

5 минут

13 минут

2 минут

7 минут

(Ж). Суреттер мен сөздерді сәйкестендіру арқылы жұпқа бөлінеді.

Ата

Әже

Ана

Әке

Аға

(Ж) Жұпта тақырыптарына сай шағын диалог құрады. 1 минут дайындалады. Жұпта диалог құрады.

Үлгі:

Бұл кім?

Бұл менің әпкем.

Оның аты кім?

Оның аты Анар.

Әпкең қандай?

Әпкем ақылды, әдемі, мейірімді.

Әпкеңнің шашы қандай?

Әпкемнің шашы, қара, ұзын.

Өзара бағалау. оқушылар бірін- бірі тексеріп, «бас бармақпен» бағалап отырады.

Сергіту сәті: Бейнематериалдағы қимылдарды қайталап билейді.

(Ө,Қ) Аудио материалды тыңдап отырып, отбасы мүшелері мен сын есімдерді анықтайды.

Мынау менің отбасым. Отбасымда атам, әкем, шешем, інім бар. Атам күшті. Әкем ақылды. Шешем әдемі. Інім кішкентай. Менің отбасым тату.

Өзіндік бағалау. Тақтадағы үлгіге қарап отырып, өзінің жұмысын «Бас бармақпен» бағалайды.

(Ұ) «Көңілді таспа» ойыны. Оқушылар тақырыпқа қатысты бір сөйлемнен айтып, таспаға тізбектеліп тұрады. Сөйлем айта алмаған оқушы барлық сөйлемдерді қайталайды.

Үлестірмелі материал

слайд

https://www.youtube.com/watch?v=Vwa5zBMF_WU

Аудио

Сабақтың соңы

3 мин

(МК)

Мен жақсы жұмыс істедім.

Маған қиын болды.

Слайд

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу