Отбасы туралы әңгімелер оқу (2-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 1 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Пән: Қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2 Күні:

Сынып: 2 С

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Отбасы туралы әңгімелер оқу (2-сабақ)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1.2.1 баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздерден құралған қарапайым фразалардың мағынасын түсіну

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздерден құралған қарапайым фразалардың мағынасын мұғалімнің қолдауымен түсінеді.

Көптеген оқушылар: баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздерден құралған қарапайым фразалардың мағынасын түсінеді.

Кейбір оқушылар: баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздерден құралған қарапайым фразалардың мағынасын түсінеді, сөйлеу барысында қолданады.

Бағалау критерийлері

Қарапайым фразалардың мағынасын ажыратады.

Тілдік мақсаттар

Отбасы, тату, қамқор, мейірімді, ақылды, көмектеседі, жақсы көреді, шағын, ақылды, қатал, сабырлы, әдепті, қамқор

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық

Пәнаралық байланыстар

Өзін-өзі тану

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Отбасы тақырыбына қатысты сөздерді біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

7 мин

(Ұ) Қызығушылықты ояту. «Қадамдар» ойыны. Оқушылар тақырыпқа қатысты сөздер айтып, қадамдар жасайды. Көп қадам жасап, алға озған оқушы жеңімпаз болады.

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

Сабақтың ортасы

7 мин

10 мин

1 мин

5 мин

7 мин

) Сөз сыры. Оқушылар сөздерді оқып, өзіне таныс сөздерді жасыл қарындашпен, таныс емес сөздерді қызыл қарындашпен белгілейді. Таныс емес сөздердің мағынасын ашады.

Ақылды, мейірімді, әдемі, сабырлы, қамқор, қатал, әдепті.

(Ж) «Мен білемін!» Оқушылар берілген суреттерге қарап, жаңа сөздерді пайдаланып, сөйлемдер құрастырады.

) Сергіту сәті. Тақпақты айта отырып, қимылдарды жасайды.

Алға қарай бір адым;

Артқа қарай бір адым.

Жоғары, төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

(Ө) Тыңдалым. Мәтінді тыңдап, сөйлемдер қатысты «дұрыс» немесе «бұрыс» сөздерін белгілеп отырады. Жауаптарын тексереді.

Динаның ағасы бар. Ағасы – өте ақылды, сабырлы адам. Дина ағасымен бос уақытында кітап оқиды, шахмат ойнайды. Динаға шахмат ойнауды ағасы үйретті. Дина ағасын жақсы көреді.

  • Динаның ағасы жоқ.
  • Динаның ағасы өте ақылды адам.
  • Дина ағасымен доп ойнайды.
  • Ағасы Динаға шахмат ойнауды үйретті.
  • Дина ағасын жақсы көреді.

(Ө) Оқылым. Мәтінде оқып, тірек сөздермен толықтырады.

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар ұқсас мәтін құрастырады.

Динаның ............... бар. Ағасы – өте ақылды, ............ адам. Дина ағасымен бос уақытында кітап оқиды, ............... Динаға шахмат ойнауды ағасы ................ Дина ағасын ......................

Тірек сөздер: үйретті, сабырлы, ағасы, жақсы көреді, шахмат ойнайды.

Сабақтың соңы

3 мин

Балдық көрсеткіш арқылы сабақтағы жұмысын қорытындылайды

1 5 10

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу