Менің мектептегі бір күнім №1. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 1 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзім жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1-бөлім. Менің мектебім

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Кушерова Л.К.

Күні:

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Менің мектептегі бір күнім№1

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1 Зейін қойып тыңдау

1.1.1.1Сөздерді зейін қойып тыңдайды, түсінеді және оларды дұрыс қабылдайды.

2.6 Сөйлеуді бағалау

1.2.6.1 Қарапайым ауызша айтылымдарды қайталайды.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Сөздерді тыңдайды, түсінеді.

Көбі: Сөздерді зейін қойып тыңдайды, түсінеді және оларды дұрыс қабылдайды.

Кейбірі: Сөздерді зейін қойып тыңдайды, түсінеді және оларды дұрыс қабылдайды. Өздері сол сөздерді сөйлемде қолдана алады.

Жетістік критерийлері

Тақырыпқа қатысты сөздердің көпшілігін есте сақтайды және мағынасын түсіндіре алады.

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • мен тамақ ішемін.
  • мен партама отырамын.
  • мен үй жұмысын жасаймын.
  • мен ойын ойнаймын.

мен сурет саламын.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды өзара сыйластық, достық, қарым‒қатынастарын дамыту. Бір бірімен тату, дос болуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Бейнелеу өнері сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Бастапқы білім

Сынып бөлмесінің үлгісі№2

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Ертеңгілік шеңбері

Шеңберде тұрған оқушылар бір – бірімен амандасады.

Оқушыларға «Мектеп» сөзінің жеке әріптерін беру арқылы сол сөзді тақтада құрастыру. Осы сөзді естіген кезде қандай сөздер естеріңізге түседі. Мысалы: сынып, оқушы, мұғалім, т.б. Әр оқушы бір сөзден айтып шығуы керек.

(Тақтада оқушыларға арналған оқу мақсаты жазылады.)

«Мен сөздерді зейін қойып тыңдаймын, түсінемін және оларды дұрыс қабылдаймын»

Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту.

Сабақтың ортасы

8 минут

1 минут

Мектепте сендер не істейсіңдер?

Оқушылардың жауаптары:

  • Мен мектепте партада отырамын.
  • Таңертең сабақ оқимын.
  • Үзіліс уақытында ойын ойнаймын.
  • Түсте түскі асымды ішемін.
  • Түстен кейін үй жұмысын жасаймын.
  • Сабақтан соң үйге барамын.Т.б.

Мұғалім оқушыларға суреттерді көрсетеді. Жетекші сұрақ қояды. Мынау не? Суретте нені көрдіңдер? Бала қандай көңіл күйде? Неге ол көңілді? Баланы қалай атайсыңдар?

Мен сурет саламын.

Мен тамақ ішемін.

Үй жұмысын жасаймын.

Мен үйге барамын.

Мен партада отырамын.

Мен ойнаймын.

СЕРГІТУ СӘТІ.

Мен би билеймін.

«Қара жорға» биінің қимылдарын жасау.

(ЖЖ) Сөздердің екінші бөлігін тауып, сәйкестендіру.

Басы, мысалы:

Мен мектепте ……

Таңертең ….

Үзіліс уақытында …..

Түсте ……

Түстен кейін ….

Сабақтан соң …..

Мысалы:

……. партада отырамын.

........ сабақ оқимын.

........ойын ойнаймын.

...... түскі асымды ішемін.

......... үй жұмысын жасаймын.

.......... үйге барамын.

Жетістік критерийі:

  • Тақырыпқа қатысты сөздердің көпшілігін есте сақтайды және мағынасын түсіндіре алады.
  • Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар: өздерінің мектептегі күні туралы жай сөйлемдерді өздігінен құрайды, содан кейін сынып оқушыларына айтады.

Қабылдау деңгейі орташа оқушылар: үлгі бойынша мектептегі бір күн туралы сөйлемдерді қайталайды.

Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия

Үстелдің үстінде түрлі – түсті қалпақтар тұрады. Оқушылар көңіл – күйлері мен алған біліміне қарай өздеріне қалпақ таңдап киеді.

Қызыл - қобалжу, түсінген жоқпын. Сары – сабырлы, жартылай түсіндім. Жасыл – жақсы, бәрін түсіндім.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар өздерінің мектептегі күні туралы жай сөйлемдерді өздігінен құрайды, содан кейін сынып оқушыларына айтады.

Мұғалім оқушыларға суреттерді көрсетеді. Жетекші сұрақ қояды. Мынау не? Суретте нені көрдіңдер? Бала қандай көңіл күйде? Неге ол көңілді? Баланы қалай атайсыңдар?

Бейнелеу өнері сабағы

Оқушыларды өзара сыйластық, достық, қарым‒қатынастарын дамыту. Бір бірімен тату, дос болуға тәрбиелеу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу