Маған ұнайтын түстер. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 1 сынып, сабақ жоспары.
Пән:қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1-бөлім. «Өзім туралы» Күні:13. 09.2016
Сынып: 1 «с»сынып | Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Аленова.А.А. Рахимова Д.Ш. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||
Сабақ тақырыбы | Маған ұнайтын түстер. | |||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | Тыңдалым тәсілдерін қолдану Баяу және анық айтылған сөзді тыңдап оған сәйкес әрекет ету (қимыл, ым-ишараны қолдану, іс-әрекет жасау), хабарлы сөйлемнің интонациясын ажырату. Орфоэпиялық нормаларды сақтау. Мұғалімнің көмегімен қазақ тілінің төл дыбыстарын артикуляциялау.
| |||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||||||||
Бағалау критерийлері |
Түстерді ажырата алады.
Айтылған сөздерді тыңдап, түсінеді
| |||||||||||
Тілдік мақсаттар | Ақ, қара, қоңыр, сұр, қызыл, жасыл, көк, сары, күлгін, қызғылт. | |||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Сыйластық, ынтымақтастық. | |||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Жаратылыстану, бейнелеу | |||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация | |||||||||||
Бастапқы білім | Өзінің атын айта алады, үшінші жақта таныстыра алады. Танысу үшін сұрақ қоя алады | |||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||
Сабақтың басы 5 мин | Сабақтың мақсаты мен тақырыбы айтылады. (МК) Қайырлы күн, көк аспан! Қайырлы күн, Жер - ана! Қайырлы күн, достарым! |
Слайд | ||||||||||
Сабақтың ортасы
15 минут 5минут 10 минут 5 минут | (Ж) Тыңдалым және айтылым. (Ұ. Ө) І кезең. Тыңдалым. Оқушы мұғалім айтқан сөйлемдерді түсініп, итербелсенді тақтадағы суреттерді жылжытып тұрады.
Мұғалім. Мынау аю. Аю қоңыр. Аюда қызыл шар бар. Мынау аю. Аю қызыл. Аюда ақ шар бар. Мынау аю. Аю күлгін. Аюда қара шар бар. Мынау аю. Аю қызғылт. Аюда жасыл шар бар. Мынау аю. Аю қара. Аюда сұр шар бар. Мынау аю. Аю ақ . Аюда көк шар бар. Мынау аю. Аю көк. Аюда сұр шар бар. Мынау аю. Аю жасыл . Аюда күлгін шар бар. Мынау аю. Аю сары . Аюда қоңыр шар бар. Мынау аю. Аю сұр . Аюда қызғылт шар бар. Өзара бағалау. Оқушылар сыныптастарының жауабын тыңдап отырып, дұрыс жауап берсе «сары жұлдызды», қате жауап берсе «қызыл жұлдызды» көтереді. Сергіту сәті. Бейнематериалдағы қимылдарды қайталап билейді.
(Ұ.Ө.) ІІ кезең. Айтылым. Сыныпқа өзін және тақтадағы бір аюды таныстырады. Үлгі. Менің атым Даша. Бұл – аю. Оның аты ...... Ол - қара. Оған сары түс ұнайды. Өзара бағалау. Оқушылар сыныптастарының жауабын тыңдап отырып, дұрыс жауап берсе «сары жұлдызды», қате жауап берсе «қызыл жұлдызды» көтереді. Деңгейі жоғары оқушыларға тапсырма. (Ж) Бірінші ыдысты ұнайтын түске бояйды. Екінші ыдысты ұнамайтын түске бояйды. Қандай түске бояғанын. Қандай түстің ұнайтынын және ұнамайтынын айтады. Саған қандай түс ұнайды? Саған қандай түс ұнамайды? Тілдік қабілеті жоғары оқушыларды көмекке алып, жұптардың жауабы тыңдалады.
|
№ 1 қосымша
https://www.youtube.com/watch?v=Vwa5zBMF_WU
| ||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | (МК) Түстерді толығымен ажырата алса, бас бармағын жоғары көтереді.
Түстерді ажырата алмаса, бас бармағын төмен түсіреді. |
Слайд | ||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Сөздік қорларын пайдаланып шағын диалог құруға дағдыландыру. Тілдік дағдылары жоғары оқушыларға «кішкентай көмекші» ретінде жұмыс беру арқылы, оқушылардың жақын даму аймағын дамытуға пайдаланамын. | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Оқушылардың білім жетістіктері қалыптастырушы бағалау арқылы бағаланып отырылады. Оқушылар өзара бағалауға дағдыланып келеді. | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуыСабақтың 5 минуты сергіту сәтіне бөлінді. Оқушылардың арқасын тік ұстап отыруын, оқу құралдарын дұрыс ұстап пайдаланулары үнемі қадағаланып отырады. | ||||||||||
|
|
| ||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)? 1: Интербелсенді тақтадағы суретерді жылжытып жұмыс істеу оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырды. 2: Айтылым тапсырмасын орындағанда көптеген оқушылар түстерді ажырата алатынын және түстерді қазақша айта алатындарын көрсетті. Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Оқушылар өзара бағалауға әл төселген жоқ. Бағалай білу дағдыларын жетілдіру керек. 2: Көптеген оқушылардың өзін-өзі реттеу және басқару дағдылары өте төмен. Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? И. Жаңа сөздерді жаттамағандықтан сыныпта жұмыс істеуге қиналады. Ә. Сабақ басталмай тұрып, партасындағы көңілін бөлетін артық затарды жинап тастау керек.
|
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?