Ақерке Асан (Мен әлi жоқпын, Сен де кешiктiң...)

 Ақерке Асан (Мен әлi жоқпын, Сен де кешiктiң...)

Бұл Есiл - аспанның көз жасы,
Гүлдердi сүйдiң тiрi деп,
Шырыны шөл басқан,
- қайыңның сырғасын...
Аспанды таптаған қып-қызыл iңiр де -
Тапталған сезiмнiң сүйкiмдi сұлбасы...

Мен әлi жоқпын,
Сен де кешiктiң.
Киесi неткен ауыр -
Тербелмей қалған бесiктiң...
Асқар мен бақыттың ақыры -
Арасы бiр қадам,
кеш ұқтым...

Сын айтып көршiлер,
Мiн тағар достар да...
өзгерер бүгiн де, ертеңгi жоспар да...
Күрең күз келгенде күпiсiн шаң басқан,
Кетемiн iлесiп ең соңғы құстарға...

Сын сәтте сағынсаң,
Тек сағың сынбасын!
Теңiздей уақыт та -
Шаяды жағасын...
Күрең күз келгенде сен де кеш ұғасын -
қайындар шешедi,
сарғайған сырғасын...

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!