Сыныптағы мені қоршаған заттар (4-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 1 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Пән: Қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2 Күні:

Сынып: 1 С

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Сыныптағы мені қоршаған заттар (4-сабақ)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.1.1 сөйлеу барысында танысу, өзі туралы айту және затты сипаттау үшін сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс қолдану

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мұғалімнің көмегімен сөйлеу барысында танысу, өзі туралы айту және затты сипаттау үшін сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс қолданады.

Көптеген оқушылар сөйлеу барысында танысу, өзі туралы айту және затты сипаттау үшін сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс қолданады.

Кейбір оқушылар: сөйлеу барысында танысу, өзі туралы айту және затты сипаттау үшін сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс, еркін қолданады.

Бағалау критерийлері

Сөйлеу барысында сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс қолданады.

Тілдік мақсаттар

Қалам, қарындаш, оқулық, желім, дәптер, мынау, анау, күнделік, сызғыш, қайшы, жазамын, бояймын, оқимын, қиямын.

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Оқу құралдарын көптік формада айта алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

(МК) Ертеңгілік шеңбер

Күндей боп күлеміз (бір – біріне күлімдеп қарайды)

Гүлдей боп өсеміз (қолдарын жоғары созады)

Құстай боп ұшамыз (екі қолын екі жаққа созады)

Көбелектей қонамыз (орындарына отырады)

Сабақтың ортасы

7 мин

2 мин

5 мин

10 мин

10 мин

(МК) «Іздер» ойыны

Оқушылар іздермен жүріп, оқу құралдарын көптік формада айтады.

Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар, Алдымнан жел еседі. Кіп-кішкентай балалар, үп-үлкен боп өседі.

(Ұ) «Тыңда, жауап бер!»

Сөйлемдерді тыңдайды, мұғалімнің көмегімен сұрақтарға жауап береді.

Мынау – Айдос. Ол бірінші сыныпта оқиды. Айдоста көк қалам, жасыл дәптер және қарындаштар бар. Айдос өте көңілді.

  • Баланың аты кім?
  • Ол нешінші сыныпта оқиды?
  • Айдоста не бар?
  • Айдос қандай?

( Ұ) «Суреттер сөйлейді»

Оқушылар жұпта алдағы мәтін негізінде сурет бойынша сөйлеседі.

(МК) «Оқы, айт»

Берілген мәтіндегі суреттерді дұрыс қолданып, мұғалімнің көмегімен сөйлемдерді оқиды. Жұптарда бір – біріне оқиды.

Менің атым – Айша. Мен бірінші сыныпта оқимын. Менде , жасыл , , бар. Мен , . Мен .

Сабақтың соңы

3 мин

Смайликтер арқылы сабақтағы жұмысына қорытынды жасайды.

- өте жақсы

- жақсы

- қиын болды

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу