Ньютонның бірінші заңы. Күш. Ньтонның екінші заңы.Масса. Ньютонның үшінші заңы. Физика, 10 сынып, қосымша материал.


Өздік жұмыс: «Динамика. Ньютон заңдары. Масса және күштер»

Сыныбы:

Оқу бағдарламасына сілтеме

Оқу мақсаттары

Бағалау бойынша кеңестер

Бөлім: Динамика: Ньютон заңдары. Масса және күштер

ОМ1: Ньютон заңдарының тұжырымдамасын білу және түсіну;

ОМ2: Массасының физикалық мағынасын инерттіліктің өлшемі, заттың мөлшері және гравитациялық өзараәрекеттесудің интенсивтілігінің өлшемі екенін түсіну;

ОМ3: күштің физикалық мағынасын түсіну;

Ньютон заңдарының тұжырымдамасын беру; оларды есептерді және тесттерді шешуде қолдану. Есептердің кеңейтілген шешімін көрсету. Формулаларды білетінін көрсету. Масса және күштің мағынасын түсіну. Калькулятор қолдануға болады.

Дағдылар

Жетістік критерийлері

Оқу мақсаттары жетті, егерде

білу, түсіну, қолдану, анализ

Ньютонның 1-ші заңын дұрыс қолдана алады;

Есептеулерді дұрыс жасайды;

Ньютонның 2-ші заңын дұрыс қолдана алады;

Есептеулерді дұрыс жасайды;

Ньютонның 3-ші заңын дұрыс қолдана алады;

Есептеулерді дұрыс жасайды;;

Денеге әсер ететін күштерді дұрыс көрсетеді;

а(m) және a(F) тәуелді графиктерін дұрыс көрсетеді;

Атыөні:

Сұрақтар:

  • Неге дене өзбетімен тоқтай алмайды және өзбетімен қозғалысын өзгерте алмайды?
  • Галилейдің инерция заңын тұжырымдаңыз. Галилейдің инерция заңы әрқашан шындыққа жата ма?
  • Қандай санақ жүйелері инерциальды деп аталады?
  • Неге лезде тоқтауға немесе лезде ең көп жылдамдыққа ие болу мүмкін емес?
  • Автобустың бірден тежелу кезіндегі немесе жылдамдығын бірден арттыру кезіндегі жолашылардың құлауын қалай түсіндіруге болады?
  • Егер инерция құбылыс жоғалып кетсе, Ай мен Жер қалай қозғалар еді?
  • Егер денеге күш әсер етсе не болады?
  • Күшті қандай құралмен өлшейді? Күштің өлшем бірлігін атаңдар?
  • Денеге әсер ететін күштің шамасына дененің үдеуі қалай тәуелді?
  • Ньютонның екінші заңын тұжырымдаңыз. Ньютонның екінші заңы қайда орындалады?
  • Галилейдің салыстырмалылық принципінің мәнісі неде?

Тесттер:

  • Егер де материальдық нүктеге сырттан ешқандай күш әсер етпесе немесе осы күштердің әсері теңгерілген болса, онда ол тыныштық күйін сақтайды немесе түзусызықты бірқалыпты қозғалады

1) Дұрыс тұжырым инерциальды емес санақ жүйелері үшін; 2) кез-келген шарт үшін дұрыс;

3) ешқандай санақ жүйелері үшін дұрыс емес; 4) инерциальды санақ жүйелері үшін дұрыс

  • Ғалымдардың қайсысы инерция заңын тұжырымдады?

1) Аристотель; 2) Архимед; 3) Ньютон; 4) Галилей

  • Санақ жүйесі әуе шарымен байланысқан. Осы жүйені инерциалдық санақ жүйесі деп санауға болады, егер де шар ... қозғалса

1) баяу жоғары 2) үдемелі жоғары; 3) баяу төмен 4) бірқалыпты төмен

  • Егер массасы 3т автомобильдің үдеуі 0,2 м/с2 онда тежелу күші...

1) 0,6 Н; 2) 3000 Н; 3) 30 Н; 4) 600 Н

  • Суретте жылдамдық және үдеу векторларының бағыты көрсетілген (а). Суреттегі қай вектордың бағыты осы денеге әсер ететін күштің бағытымен сәйкес келеді. (б)

1) 2; 2) 1; 3) 3; 4) 4

  • Екі адам жіпті қарама-қарсы бағытта әрқайсысы 150 Н күшпен тартуда. Егер жіп 280 Н күшке ғана арналған болса, жіп үзіліп кете ме?

1) Үзілмейлі, себебі жіпке әсер ететін қорытқы күш 0Н.

2) Үзілмейлі, себебі жіпке әсер ететін қорытқы күш 150Н.

3) Үзіледі, себебі жіпке әсер ететін қорытқы күш 300Н

  • Массасы 4 т жүк машинасымен массасы 1,6 т жеңіл машинасы соқтығысты. Соқтығыстан кейін жүк машинасы 5 м/с2 үдеумен қозғала бастады. Жеңіл автомобилдің үдеуі қанша болды?

1) 5 м/с2; 2) 20 м/с2; 3) 12,5 м/с2; 4) 2,5 м/с2

  • Қай формула Ньютонның үшінші заңына сәйкес келеді?

1) ; 2) 3) F1,2 = F2,1 ; 4) F1,2 = - F2,1

  • Инерция дегеніміз не?

1)Дененің жылдамдықты сақтап қалу қасиеті 2) денеге басқа күштер әсер етпегендегі жылдамдықты сақтап қалу құбылысы 3) басқа денелер әсерінен дененің жылдамдығын сақтап қалуы. 4) тоқтаусыз қозғалыс.

  • Денелердің өзара әрекеттесуінің өлшемі не?

1) Үдеу. 2) Масса. 3) Күш. 4) Импульс.

Тапсырма:

Денеге әсер ететін күштерді көрсет

Суретте көрсетілген күштің егізі қайсысы болып табылады. Күштің түсіретін нүктесін көрсетіп, атын ата.

Ньютон заңына есеп

  • Суретте массасы 3,5 кг болатын денеге әсер ететін күштер көрсетілген. Осы күштердің әсерінен болатын дененің үдеуі нешеге тең егер F2 = 21 Н.
  • 24 Н күш әсерінен қозғалатын дененің теңдеуі Осы дененің массасы неге тең?
  • Массасы 1,5 т болатын автомобильдің жылдамдығы υx =10 + 0,5t осы заң бойынша өзгереді. Осы денеге әсер ететін теңәрекет күш неге тең?


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу