Көңіл-күй. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 1 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1-бөлім. Өзім туралы | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Кушерова Л.К. | ||
Күні: Сынып: 1 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||
Сабақтың тақырыбы | Көңіл-күй | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | Т6 Түрлі құрылымдағы мәтіндерді түсіну. 1.1.6.1 Жаңа сөздердің мағынасы мен айтылуын түсінеді. О1 Зейін қойып оқу. 1.3.1.1 Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды және сөздердің мағынасын түсінеді. | ||
Сабақтың мақсаттары | Барлығы: Жаңа сөздерді айтады. Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды. Көбі: Жаңа сөздердің мағынасын түсінеді және сзінде қолданады. Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды және сөздердің мағынасын түсінеді. Кейбірі: Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды, сөздердің мағынасын түсінеді және түрлі эмоцияларды көрсете алады. Жаңа сөздермен сөйлем құрастыра алады. | ||
Жетістік критерийлері | жаңа сөздерді мағынасына сай, дұрыс қолданады; оларды қолданып, сөйлем құрастыра алады; таныс сөздерді буынға бөліп оқи алады. | ||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: Қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы. Сен көңілдісің бе? Сен қуаныштысың ба? Мен көңілсізбін. Мен қуаныштымын. Мен көңілдімін. Мен ашулымын. | ||
Құндылықтарды дарыту | Оқушыларды бір- біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. | ||
Пәнаралық байланыс | Өнер сабағы | ||
АКТ қолдану дағдылары | |||
Бастапқы білім | Жеке портреттер туралы сөздік қоры бар | ||
Сабақ барысы | |||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |
Сабақтың басы 12 минут | Ертеңгілік шеңбері Таңғы шеңберде тұрған оқушылар бір – бірімен «Сәлем!» деп амандасады. (Ұ) Оқушылар шеңберде тұрып, кезекпен әр түрлі эмоциялар көрсетіп «Сәлем, менің атым ...» дейді. Өзгелер эмоцияны табулары тиіс (мысалы қуаныш, қорқыныш, ашу, қобалжу, уайым сезімдерін білдіретін бет қимылдарын көрсетеді). (Ж) Балалар бір-бірінен көңіл – күйлерін сұрайды. - Денис, сен көңілдісің бе? - Иә, мен көңілдімін. - Альмира сен қуаныштысың ба? - Жоқ, мен көңілсізбін. (қуаныштымын) - Сен неліктен көңілсізсіз? Диалог құру. (Ж) Әр оқушы өз портретін қолына ұстап сұрақ қояды. - Сенің шашың қандай? - Менің шашым қара.(сары, қоңыр) - Cенің көзің қандай? - Менің көзім қоңыр.(қара, көк, жасыл) (Тақтада оқушыларға арналған оқу мақсаты жазылады.) «Мен сөйлем құрастырғанда жаңа сөздерді мағынасына сай, орынды қолдана аламын» Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту. | №3 слайд | |
Сабақтың ортасы 5 минут 8 минут 1 минут 8 минут 4 минут | (МК) Оқушыларды жаңа сөздермен таныстыру. Мұғалім сөздерді оқиды, оқушылар алдымен хормен қайталайды, сонан соң жеке оқиды. Мағынасын түсіндіру үшін ым-ишараны қолдануі. Тапсырма. Карточкада берілген бет-бейнелерге сәйкес сөздерді жаз. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы) СЕРГІТУ СӘТІ. Қоңыздар. Көк шалғында қоңыздар.Би – билейді айнала.Оң аяқпен топ – топ,Сол аяқпен топ – топ.Екі қолды жоғары, жоғары.Көтереді жәй ғана.Қане кімнің қолдары,Көрінеді жоғары. (Ө) Оқушылар.эмоцияны көрсететін бетперделер жасайды. Дене мүшелері мен эмоцияны білдіретін сөз орамдарын қайталап айтып отырып орындайды. Өз бетперделерін сөйлетеді. Мысалы: Мен бақыттымын. Мен бақыттымын, себебі мектепке келдім. ( оқушылар өз айтады) Жетістік критерийі:
Дифференциация: Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар: Көңіл-күйлерін білдіруде ойларын толықтырып айтады. Мысалы: Мен қуаныштымын, себебі... Қабылдау деңгейі орташа оқушылар: үлгі бойынша сөйлемді қайталайды. | №4 слайд №5 слайд №6 слайд http://erketai.kz/ustazdarga/ustazdar-enbegi/sergitu-zhattigulari/ Сергіту сәті «Қоңыздар» №7 слайд | |
Сабақтың соңы 2 минут | Рефлексия Бүгінгі сабақтағы өз көңіл-күйіңе сәйкес суреттерді таңдау. Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім
| №8 слайд |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?