Лабораториялық жұмыс №3 «Тұтқыр сұйықтағы дене қозғалыс жылдамдығының оның радиусына тәуелділігін зерттеу». Физика, 10 сынып, дидактикалық материал.


Оқушының аты-жөні____________________________________сынып _____ күні__________

Лабораториялық жұмыс 3 «Тұтқыр сұйықтағы дене қозғалыс жылдамдығының оның радиусына тәуелділігін зерттеу»

Оқу мақсаты: 10.2.5.4 –эксперимент нәтижесіне әсер ететін себептерді анықтау, эксперимент нәтижелерін жақсарту жолдарын ұсыну.

Құрал-жабдықтар: Цилиндр тәрізді ыдыс Н= 50 см., пластилиннен жасалған 2-3шарик, радиустары әр түрлі болуы керек, тұтқыр сұйық (сұйық сабын, май)- 0,5-1 литр, секундомер, сызғыш, штангенциркуль.

Жұмыстың орындалуы:

  • Пластилиннен диаметрі әр түрлі бес шарик жасаңыз.
  • Штангенциркульдің көмегімен олардың диаметрлерін өлшеңіз.
  • Шариктердің радиустерін есептеңіз.
  • Шарикті тұтқыр сұйыққа салып, шариктің жүріп өткен жолы мен уақытын өлшеңіз және оны басқа шариктер үшін қайталаңыз.
  • Берілген vэ=s/t формула бойынша, эксперимент бойынша анықталған, шариктердің тұтқыр сұйықтағы құлау жылдамдығын есептеңіз.
  • Кесте сызып, келесі мәліметтерді: шариктердің радиустерін, радиустарының квадраттарын, құлау уақыты мен, жүрген жолдарын, жылдамдықтарын, кестеге жазыңыз.
  • Шариктің құлау жылдамдығының (Y осі) оның радиусының квадратына ( X осі) тәуелділік графигін сызыңыз.
  • Стокс формуласы бойынша шариктің құлау жылдамдығының орныққан мәнін есептеңіз. Қажетті мәндерді қойып, есептеңіз. Майдың тығыздығы 20 °C температурада 920—927 кг/м3,  оның тұтқырлығы 20 °C температурада 60,6·10−6 м2/с, пластилиннің тығыздығы 1389кг/м3 деп алыңыз.
  • Эксперимент нәтижелерін шектейтін екі себебін келтіріңіз.
  • Эксперимент нәтижелерін жақсартатын екі ұсыныс келтіріңіз.
  • Шариктің тұтқыр сұйықта қозғалысы кезінде оның жылдамдығының радиусына тәуелділігі туралы қорытынды жасаңыз.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу