Мектепке алғаш келген кездегі көңіл-күй №1. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 1 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1-бөлім. Өзім туралы

Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Кушерова Л.К.

Күні:

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Мектепке алғаш келген кездегі көңіл-күй №1

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2 Мәтін түрі мен стилін анықтау.

1.3.2.1 Мәтіннің мағынасын түсіну үшін солдан оңға, жоғарыдан төмен оқылатынын біледі.

1.4 Әдеби тіл нормасын түсіну.

1.1.4.1 Дыбыстар мен сөздерді дұрыс айтады.

2.4 Диалогке қатысу.

1.2.4.1 Анық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Мәтінді солдан оңға, жоғарыдан төмен оқылатынын біледі.

Көбі: Мәтіннің мағынасын түсіну үшін солдан оңға, жоғарыдан төмен оқылатынын біледі.

Кейбірі: Мәтінді мазмұндай алады.

Жетістік критерийлері

Берілген сөйлемдерді немесе өлең жолдарын дауыстап, дұрыс оқи алады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Көңілсіз, көңілді, қуанышты. Мен мектепке келдім. Мен өте қуаныштымын.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір- біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Ана тілі

АКТ қолдану дағдылары

«Маша мен аю» мультфильмі

Бастапқы білім

Сәлемдесу түрлері №2

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

7 минут

Ертеңгілік шеңбері

  • Ең бірінші балалар мен мұғалім бір – бірімен амандасады.
  • (ҚБ)Тағы қандай сәлемдесу түрлерін білеміз? деп оқушыларға мұғалім суреттерді көрсетеді. Оқушылар қаншалықты алдыңғы сабақтағы жаңа сәлемдесу түрлерін меңгергенін тексереді.
  • - Қайырлы таң! Қайырлы күн! Қайырлы түн!

(Тақтада оқушыларға арналған оқу мақсаты жазылады.)

«Мен мәтіннің мағынасын түсіну үшін солдан оңға, жоғарыдан төмен оқылатынын білемін»

Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту.

Суреттер

Таныстырылым.

1-бөлім «Өзім туралы» Тақырыбы: Танысу №1

Слайд №3

Сабақтың ортасы

10 минут

7 минут

2 минут

10 минут

2 минут

(МК) Мұғалім таныстырылымнан смайликтерді көрсетеді. Балалардың көңіл – күйін сұрайды.

Мысалы, Балалар, мынау қандай смайлик?

Көңілсіз, көңілді, қуанышты.

(Ұ) - Сендер бірінші рет мектепке келгенде көңіл-күйлерің қандай болды?

Оқушылардың алдында жатқан смайликтердің біреуін таңдап көрсетеді және мұғалімнің артынан қайталайды. Мен мектепке келдім. Мен өте құаныштымын.( Мен мектепке келдім. Мен өте көңілдімін. Мен мектепке келдім. Мен өте көңілсізбін.)

Оқушыларға «Маша мен аю» (Маша мектепке барады) мультфильмін көрсету.

Жетелеуші сұрақтар қою:

  • Неге Маша қуанышты болды?
  • Миша қандай көңіл – күйде болды?

СЕРГІТУ СӘТІ.

Таң атты, күн шықты,

Аспанды бұлт жапты.

Жел тұрды, жаңбыр жауды.

Найзағай сарт сұрт етті,

Біз бұға қалдық.

(МК) Оқылым.Оқушылар өлеңді мұғаліммен бірлесіп оқиды. Мұғалімнің көмегі арқылы өлеңнің әуеніне салып оқу. Қуанышты көңіл -күйді жеткізу үшін көңілді оқу.

«Мен мектепке барамын» (Ж. Қалжанова)

Қолыма гүл аламын,

Дайын дәптер, қаламым.

Мен мектепке барамын.

Қуанышым менің мол,

Мектебіме тарттым жол.

Балабақшам, қош, сау бол!

-Өлеңде қандай көңіл-күйді көріп тұрмыз?

- ...

( ҚБ) Жетістік критерийі:

  • Берілген сөйлемдерді немесе өлең жолдарын дауыстап, дұрыс оқи алады.

Таныстырылым.

1-бөлім «Өзім туралы» Тақырыбы: Танысу №1

Слайд №4

Слайд №5

https://www.youtube.com/watch?v=VKS2JRidfmk Маша и Медведь (Masha and The Bear) - Первый раз в первый класс (11 Серия)

Слайд №6

Слайд №7

Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау.

Таныстырылым.

1-бөлім «Өзім туралы» Тақырыбы: Танысу №1

Слайд №8

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар берілген сөйлемдерді немесе өлең жолдарын дауыстап, дұрыс оқи алады.

Жетелеуші сұрақтар қою:

  • Неге Маша қуанышты болды?
  • Миша қандай көңіл – күйде болды?

Ана тілі

Оқушыларды бір- біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу