Электр өрісі мен гравитациалық өріс арасындағы ұқсастық. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Динамика

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Электр өрісі мен гравитациалық өріс арасындағы ұқсастық.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

гравитациялық және электростатикалық өріс қасиеттерін салыстыра білу

Сабақ мақсаттары

Электр өрісі мен гравитациалық өріс арасындағы ұқсастықты анықтау арқылы электр өрісінің қасиеттерін бір жүйеге келтіру.

Жетістік критерийлері

Оқушы электр өрісі мен гравитациалық өріс арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты айтады.

Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар өрістерді сипаттау үшін арнайы терминдерді қолданады.

Пәнге тән лексика мен терминология: электр өрісі потенциалы, электр өрісі кернеулігі, гравитациялық өріс потенциалы,

қазақша

орысша

ағылшынша

Гравитациалық өріс

Гравитационное поле

Gravitational field

Электр өрісі

Электрическое поле

Electric field

Өріс потенциалы

Потенциал поля

Electric field potencial

Өріс кернеулігі

Напряженность поля

Electric field strength

ұқсастық

сходство

The similarity

айырмашылық

различие

The difference

Құндылықтарды дарыту

Талдау және синтездеу жұмысын жасау дағдыларын дамыту

Пәнаралық байланыстар

Математика

Бастапқы білім

10 сынып, Электр өрісі

Сабақбарысы

Сабақтың жоспарланғанкезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-20 мин

(W) Электр өрісінің сипаттамаларын қайталау

Оқушылар тарау бойынша сұрақтарды құрастырады және екі топқа бірігіп өзара жарысады.

20-25 мин

(W) Слайдта берілген сурет бойынша оқушылар жұптасып жауап береді, кейін жауаптарын талқылайды.

Электр өрісінің жұмысы

Есеп шарты: q 1>0 электр зарядын q 2>0 нүктелік

заряд өрісіндегі АВСD

тұйық контур бойымен көшірген .

1. Қандай бөліктерде өрістің зарядты көшіру жұмысы оң болған?

2. Қайсысында теріс болған?

3. Қайсысында нөлге тең болған?  

4. Жүйенің потенциалдық энергиясы қалай өзгерген?

5. Зарядтың орын ауыстыруына кеткен толық жұмыс неге тең?

Жауаптары: 1-AB, 2- CD, 3- BC,AD, 4-алдымен кеміді, кейін артты, 5- нөлге тең

Прзентация

25-32 мин

(Т) Гравитациялық және электр өрісі арасындағы ұқсастық

Масса орын ауыстырғанда гравитациялық өрiстiң жасаған жұмысы потенциалдық энергияны азайтады .

+q оң заряды орын ауыстырғанда электр өрiстiң жасаған жұмысы потенциалдық энергияны азайтады

Электр өрiсiнiң күш сызықтары потенциалдық энергияның кему бағытын көрсетедi. Егер өрiс оң жұмыс жасаса, онда өрiстегi зарядталған бөлшектiң потенциалдық энергиясы кемидi, және онымен бiр уақытта, энергияның сақталу заңы бойынша, оның кинетикалық энергиясы өседi, бөлшек үдеуi өседi (электр лампасындағы электрондар үдемелi қозғалады). Керiсiнше, терiс жұмыс iстегенде потенциалдық энергия өсiп, кинетикалық энергия кемидi, яғни бөлшек тежеледi.

Презентация

32-40 мин

(W) Гравитациялық және электр өрістерінің ұқсастығы.

Кесте бойынша гравитациалық және электр өрістердің сипаттамаларын салыстыру: ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау.

Таратпа материал: кесте

2-ші сабақ

0-35 мин

(f) Қалыптастырушы бағалау

Гравитациялық және электр өрістерін салыстыру үшін кесте толтыру.

Гравитациалық өріс қасиеттері

Электр өріс қасиеттері

Күштің арақашықтыққа тәуелділігі

Күштің әсерелесу нысаналарға тәуелділігі

Күш сызықтары

кернеулік векторының бағыты

потенциалдың арақашықтыққа тәуелділігі

эквипотенциалдық беттер

Өріс жұмысы

Жұмыс парақтары

35-40 мин

Рефлексия

Үйге тапсырма: есеп шығару

Жұмыс парақтары

Саралау

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушы үшін бірдей тапсырмалар ұсынылады.

Марк-схема бойынша мұғалімнің бағалауы

Денсаулық сақтау мақсатымен жұмыстарды түрлендіру

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу