Доппен тактикалық іс-әрекеттер. Дене шынықтыру, 7 сынып, сабақ жоспары. 55-56 сабақ.


Дене шынықтыру пәні бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары № 55,56

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп: Петропавл қаласы ХББ НЗМ

7 бөлім – Командалық ойындардағы бірлескен оқу

Күні: 15 – 20.04.19 ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Аубакиров Д.К., Токкожин Д.К., Кусаинов А.А., Закерьянова А.Е., Нуртаза Г.А.

Сынып: 7 Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

 Сабақтың тақырыбы:

Доппен тактикалық іс-әрекеттер.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.3.1. Әр-түрлі тактика мен стратегияларды көрсету және тусіну.

 Сабақ мақсаттары

Әр-түрлі тактика мен стратегияларды көрсету, түсіндіру және үйрету.

Бағалау критерийлері

  • Әр-түрлі тактика мен стратегияларды көрсету, түсіндіру және үйретуді біледі және түсіндіре алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

Оқушылар командалық ойындардағы қарым-қатынас дағдыларын дамытады және ойын барысында сыни ойлауды жақсартуға ерекше назар аударады.

Мыналарды қамтиды:

  • Командалық ойындардағы қарым-қатынас дағдыларын сипаттай, талқылай және көрсете алады.

Құндылықтарға баулу

Азаматтық белсенді позицясы және отанды сүю.

Пәнаралық

байланыстар

Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.

Кілттік дағдыларды дамыту

Әр оқушы жұмысын орындағаннан кейін, талдау өткізіп, зерттеу дағдысын дамытады.

Алдын ала білімі

Оқушылардың алдыңғы бөлімдерде және сыныптарда, сондай-ақ үйде және мектептен тыс бағдарламадан алған, жылдамдық-күш дайындығы мен төзімділік туралы білімдері мен дағдылары бар.

Сабақтың барысы

Жоспарланған сабақ кезеңі

Сабақта жоспарланған қызмет

Құралдар

Сабақтың басы

10 минут

Сабақтың басында ерекше көңіл бөлетін боламын:

- оқушылардың зейінін қоюына;

- оқушылармен бірге сабақтың мақсатын анықтауға/ОМ

- оқушылармен «Доппен тактикалық іс-әрекеттер», сабақтың соңына күтілетін нәтижені анықтау.

Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі.

Одан кейін мұғалім оқушыларды сабақтың тақырыбымен және оқу мақсатымен таныстырады.

(Б) Оқушылар, бір орында, қозғалыста және жүгіру кезінде ЖДДЖ орындайды.

(ЖЖ) Оқушылар арнайы жаттығулар орындайды.

Үлкен бос кеңістік.

Сабақтың ортасы

  • минут

(С,Т, ҚБ) Оқушылар кіші командаларда жұмыс істеп, өздерінің командалық ойын тактикасын ойлап табады. Ойынның өз жеке ережелері мен қауіпсіз болуы қажет.

Тапсырмаға дескрипторлар:

  • қауыпсіздік ережелерін сақтайды
  • командаға бөлінеді
  • ойын тактикасын ойлап табады
  • қателерін талқылайды

(Б, Т, ҚБ.) Оқушылар топтарда жұмыс жасап, «тең емес» құрамдағы шабуыл мен қорғаныc ойындарын үйренеді. Оқушылар командалық ойындарға тек қана шабуыл не қорғаныс командасында қосымша ойыншылар бар болса ғана қатысады, осылайша ойында белгілі қиыншылық туындайды. Әр команда қорғанып жатқан командаға «шабуыл жасайды». Командалар қорғаныс не шабуыл позицияларын бес әрекеттен кейін ауыстырып, ойынды қайталайды.

Тапсырмаға дескрипторлар:

  • топқа бөлінеді
  • қорғаныс ұйымдастырады
  • шабуыл ойластырады
  • рөлдермен ауысады

Одан соң оқұшылар жұп жұпқа бөлініп нығыздалған доптармен әртүрлі ЖДДЖ орындайды.

Кейін мұғалім әрбір оқушыны орындаған тапсырмаларын талдауға шақырады (Не жасалды? Не жасалмады? Неліктен? Не кедергі болды? Тапсырманы орындағанда қандай көмек болды?)

(ҚБ) Мұғалім әр оқушыны диалогтық әдіс арқылы бағалайды.

Ысқырғыш, футбол доптары.

Бейне баянға сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=jOivND5K4aI

Сабақтың соңы

10 минут

Сабақтың соңында оқушылар рефлексия өткізеді:

  • нені білдім, неге үйрендім
  • не түсініксіз болып қалды-
  • тағы немен жұмыс істеу қажет

Стикерлер, маркерлер, қаламдар.

Саралап оқыту - көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау: – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс: - денсаулық және қауіпсіздік ережелері. - АКТ. - құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Қауіпсіздік ережелерін барлық оқушылар естеріне сақтайды және алдағы сабақтарда оларды ұстанады деп жоспарлап отырмын.

Тапсырманы орындау барысында берілген қашықтықты барлық оқушылар өтеді деп жоспарлап отырмын.

Қабілеті жоғары оқушылар өздерінің қауіпсіздік ережелін түсінгендіктерін мысалдар келтіру арқылы көрсетеді деп жоспарлап отырмын.

отырмын.

Қабілеті жоғары оқушыларды күштері бойынша топтарға бөлуді көздеп отырмын.

отырмын.

Қабілеті жоғары оқушыларды күштері бойынша топтарға бөлуді көздеп отырмын.

Материалды меңгеруді бағалау формативті бағалау арқылы барлық сабақ бойы жүзеге асады.

Мұғалім келесі сөздерді қолданады:

«Жақсы!», «Тамаша!», «Мұқияттырақ!», «Жинал!», «Сен бұдан да жақсы орындай аласың!»

Келесі сұрақтар қойылады:

Сіздер физикалық денсаулықты нығайтуға арналған қандай жаттығуларды білесіңдер және қолдана аласыңдар? Сабақтарда қауіпсіздік ережелері қандай?

қалдыңыздар?

Коллаборативті орта құру, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып тапсырмалар құрастыру, қызмет түрін ауыстыру, кеңес беру.

Сабақ бойынша рефлексия

  • Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асатындай болды ма?
  • Барлық оқушылар ОМ жете алды ма?
  • Егер жете алмаса, неліктен жете алмады?
  • Сабақта саралап оқыту дұрыс жасалды ма?
  • Сабақта уақыт кезеңдері бұзылған жоқ па( уақыт жоспарын орындадым ба)?
  • Жоспарға қандай өзгерістер және неге енгіздім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу