Инвариантты және салыстырмалы физикалық. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Келісілді

«Физика» ӘБ жетекшісі

Хамитова Л.Б. ________

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп: НЗМ ХББ Ақтау қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Хайруллин Б. С.

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Инвариантты және салыстырмалы физикалық

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

  • Қозғалыстың салыстырмалылығын түсіну және негізгі ұғымдары мен заңдылықтарын сипаттау.
  • Қозғалыстың қасиеттерін есептер шығаруда қолдана білу;

 Сабақ мақсаттары

Қозғалыс заңын еске түсіреді, оның шамаларға тәуелділігін сыныптың 90пайызы анықтай алады графиктік тәсілдер арқылы физикалық мағынасын түсінеді.

 Бағалау критерийлері

• Қозғалыстың салыстырмалылығын оның неге тәуелділігін анықтайды, сәкесінше тәуелділіктерді сәйкестігін табады.

• Қоғалыс заңының физикалық мағынасын қорытып шығарады

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

ауызша немесе жазбаша қозғалыстың түрлерін сипаттау.

Пәнге тән лексика мен терминология: заң, жылдамдық ,үдеу, уақыт, график

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Дененің жылдамдығы уақыт өткен сайын :

Қозғалыстың салыстырмалылығы :

Жылдамдық пен уақыттың байланысты графигі..

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Академиялық адалдықты қалыптастыру.Ойын жүйелеп сыныптастарының алдында қорғай алу, топпен жұмыс жасай білу, зерттеушілік қабілетін дамыту, өз жұмысының нәтижесін сараптай алу

 Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану пәні бойынша табиғаттағы құбылыстардың қозғалысқа қатысы қарастырылады

 АКТ қолдану дағдылары

Сабақты түіндіру барысында презентация қолданылады және оқушылар интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін пайдаланады

Бастапқы білім

Қозғалыс түрлерін еске түсіру.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Ұйымдастыру

Үй тапсырмасын фронтальді сұрақтар арқылы тексеру

1) Физикалық шамалардың таңдап алынған санақ жүйесімен байланысы?

2) Уақыттың тәуелсіздігі дегенді қалай түсінесіз?

3) Қозғалыстың салыстырмалылығы дегенді қалай түсінесіз?

Оқушылар жауап берілісімен олардан

сабақтың тақырыбын сұрақтар қоя отырып ашады.

Оқушылар сабақтың тақырыбын естігеннен кейін, ОМ өздері анықтайды

Оқушылардың «жақын даму аймағын», сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтауға көңіл бөлу қажет.

Сабақтың ортасы

13 минут

10минут

7 минут

 

Барлық механикалық құбылыстар барлық инерциялық санақ жүйелерінде бірдей өтеді.

Бәріміз орнымыздын тұрамыз, қолымызды алға созып, тігінен тұрамызда 3 рет отырып тұрамыз. Бұл тәжірибеден не байқадыңыздар? Оқушылар жауабы: аяғымызбен бірге қолымызда қозғалды. Олай болса, бұдан қандай қорытынды жасауға болады? Денелердің бөліктері де уақыттың өтуіне қарай бір-бірімен салыстырғанда бұрынғы орнын өзгерте алады. Физиканың механика деп аталатын бөлімі денелердің: жүретін, әуеде ұшатын, суда жүзетін көліктердің; зымырандардың, планеталардың, олардың жасанды серіктерінің; аспан денелерінің қозғалысын зерттейді. Бұл денелердің қозғалысын механикалық қозғалыс деп атайды. Сонымен, дененің уақыт өтуіне қарай басқа денелериен салыстырғандағы орнының өзгеруі механикалық қозғалыс деп аталады. Санақ денесі – қозғалмайды деп есептелетін басқа дененің қозғалысы соған қарап салыстырып қарастырылатын дене. Демек кез келген механикалық қозғалыс салыстырмалы. Абсолют тыныштықта болатын дене жоқ. 

Қозғалыс-барлық денелерге, табиғаттағы нәрселердің бәріне, бүкіл материялық дүниеге тән қасиет. Санақ жүйесі. Зерттеліп отырған қозғалысты сипаттау үшін дененің уақытқа байланысты өз орнын қалай өзгертетінін білу керек. Ол үшін санақ денесімен байланысқан координата жүйесін сызамыз. 

Оқушылар постер қорғай отыра олардың арасындағы тәуелдігін анықтайды.

1топ Механикалық қозғалыстың ерекшеліктері

2 топ Қозғалыстың салыстырмалылығы Галелей түрлендірулері

Есептер шығару.

Физика 9 сынып есептер жинагы

1) Жаңбыр тамшысы жылдамдығы 10 м/с желдің әсерінен 30 градусқа ауытқиды. Желдің жылдамдығы қандай болғанда ол 45 градусқа ауытқиды.

2) Екі машина бір-біріне қарама-қарсы 75 км/саг жылдамдықпен қозғалып келеді. Салыстырмалы жылдамдықтары қандай?

https://www.youtube.com/watch?v=aQi9BQhu4nc

Сабақтың соңы

5 минут

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

Сабақта өзінің алған білімі қандай деңгейде екенін адамдарды бояу арқылы көрсетеді.

Жаңа білім – көк қарындаш

Көңіл-күйі – жасыл қарындаш

Сабақты бекіту және жеке оқушыларды бағалау мақсатында «тәж» ойыны ойнатылады..

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Жеткілікті деңгей есептерін беру.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындай отырып өзара бағалау жасайды.

«Тәж» ойыны арқылы оқушылар бағаланады.

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу