Күш және төзімділікті дамытудағы қозғалыс әрекеттері. Дене шынықтыру, 7 сынып, сабақ жоспары. 36 сабақ.


«Бекітемін»

Дене шынықтыру кафедра

жетекшісі

_________ Қалқабаев Б.А.

« » 01. 2018ж Сабақ жоспар № 36

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5-тарау Мектеп: ХББ НЗМ

Сынып; Күні. Мұғалімнің аты-жөні: Акешеев.А.И Сабуров. Н.Ж

7С____ 01.2018ж

Қатысқандар саны: 7С 20 Қатыспағандар саны: 7С _____

Сабақ тақырыбы

2) Күш және төзімділікті дамытудағы қозғалыс әрекеттері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

1.3.Негізгі дене қасиеттері

7.1.3.1. Дене қасиеттерін жетілдірудегі түсіну және көрсету үдерісі

Сабақ мақсаттары:

Күш және төзімділікке арналған қозғалыс әрекеттерін дамытады.

Кәсіби даму мақсаты:

Жеке жатттығулар арқылы, оқушылардың күш қабілеттерін дамыту. /Абай/

Ойын жаттығулары арқылы , оқушылардың жылдамдығын дамыту./Нұрсултан/

Жетістік дескрипторлары:

  • Сабақта техника қауіпсіздік ережесін біледі.
  • Дене қасиеттеріне арналған жаттығуларды жасай алады.
  • Топта эстафеталық ойындар ойнап үйренеді.

Тілдік мақсаттар

Тілдік емес пәндер үшін құрастырылады.

Төзімділік – выносливость - еndurance

Күшті – сильный - strong

Тілдік мақсаттарды, лексика мен тіркес мысалдарын қоса анықтаңыз

физикалық жаттығулар денсаулықты нығайтуға, төзімділікті дамытуға қандай үлес қосатыны жайлы өз түсініктерін сипаттай, талқылай және көрсете алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • тынығу сәтіндегі тамыр соғысы, жұмыс тамыр соғысы, қалпына келу кезіндегі тамыр соғысы
  • жүрек-тамыр жүйесі

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер

  • Физикалық жаттығулар сендердің көңіл-күйлеріңе және жақсы сезінулеріңе қалай әсер етеді?
  • Сендер жаттығуды орындаудың төменгі, орташа және жоғарғы қарқындылығы арасындағы айырмашылықты қалай түсінесіңдер?
  • Бұлшық еттер жиырылған кезде, сендер өздеріңді қалай сезінесіңдер?

Құндылықтарды дарыту

 

Теориялық білімдерін жетілдіру, Отансүйгіштікке, ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа баулу, салауатты өмір салтын құруға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Биология пәні жүрек соғу жиілігін өлшеу.

АКТ қолдану дағдылары

Видеоға түсіру арқылы өз қателіктерін және жетістіктерін байқау,

Төзімділікті тәрбиелеуге арналған ойындар бойынша интернет ресурсына сілтеме:

http://festival.1september.ru/articles/504677/

http://nashi-detochki.ru/igryrazn.php?id=11

Бастапқы білім

Сабақ алдында ең бірінші қауіпсіздік шараларын қайталау, ойына түсіру. Теориялық білімдерін қалыптастыру. Оқушыларды топтық жұмыс арқылы белсендіру. Сергіту сәтін қолдану.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақ басында:

1.Оқушыларды сапқа тұрғызу.

2. Сыни ойланту арқылы сабақ мақсатын ашу.

3. Бағалау дескрипторларымен таныстыру.

3. Жүру,жүгіру жаттығулары.

4. Оқушыларды 1,2,3,4 жазулы қағаздарды алу арқылы топқа бөлу.

5.Жалпы дамыту жаттығуын,бейне көрсетілім арқылы орындау.

Үлкен бос кеңістік. Көзге арналған байлау (үш оқушыға). Әрбір топ үшін ойын аймағын белгілеуге арналған конустар

Сабақтың ортасы

Күш және төзімділікті дамытудағы қозғалыс әрекеттері

(Тәж, Т, Ф) Оқушылар төзімділікті дамытуға бағытталған 2-3 бірізді қызметтерден тұратын жаттығулар кешенін әзірлейді. Мысалы, секіртпемен секіру, содан кейін 20-30 рет еденнен шалқадан жатып кеудені көтеру, бөренемен жұмыс және 2кг ауыр допты лақтыру. Егер оқушылар топта жұмыс істесе, топқа ұсыну:

1топ - Секіртпен секіру. /30 секунд/

Оқушылар әр қайсысы бір –бір секіртпе алып 30 секунд секіреді. Техника қауіпсіздік ережесін сақтайды. Ара қашықтық екі метрден болу керек. Өзі ұмытпай санап, қанша секіргенін қағаз бетіне жазып түсіреді. Бағдаршам әдісі арқылы бағаланады.

2 топ - Ауыр доппен жұмыс /1кг қыздар, 2кг ұлдар/

Оқушылар ауыр доппен, тұру арқылы 30 секунд жұмыс жүргізеді. Жұмыс жасағанда қауіпсіздікті қатаң сақтау керек.Осы уақыт аралығында қанша, жасағанын қағаз бетіне түсіреді. Бағдаршам әдісі арқылы, бағалау дескрипторлары бойынша бағаланады.

3топ - Бөренемен жұмыс /30 секунд/

Оқушылар бөренемен 30 секунд секіру, арқылы жұмыс жасайды. Қауіпсіздік қатаң сақтайды. Арақашықтық 1 метр болу керек. Осы уақытта қанша жасағанын қағаз бетіне түсіреді. Бағдаршам әдісі арқылы бағаланады.

4топ – Шалқадан жатып денені көтеру. /30 секунд/

Оқушылар мата үстінде 30 секунд шалқадан жатып денені көтеруді орындайды. Қыздар қолдарын кеуде тұста ұстайды, аяқтары бүгілген күйде жаттығуды жалғастырады. Ұлдар қолдарын баста ұстайды, аяқтары түзу болу керек.Өздері санау арқылы қағаз бетіне түсіреді. Қауіпсіздікті қатаң сақтайды. Бағдаршам бағалау әдісі арқылы бағаланады.

Сергіту сәті: «Қарға мен қарлығаш» ойыны.

(Б, Ж, К, Ф) « Эстафеталық жүгіру». Екі немесе одан артық команда қатысады. Жүгіру жолында бір-бірі арқаларынан ұстау арқылы отырып кедергілер арасынан өтеді. Жаттығуды дұрыс орындау керек.

Бірінші боп келген команда жеңіске жетеді.

Бағдаршам әдісі арқылы бағалау.

Жаттығу түрлері

Жасыл түс

«Өте жақсы»

Сары түс

«Жақсы»

Қызыл түс

«Қанағаттанарлық»

1

Секіртпемен секіру

25-45

15-24

10-14

2

Бөренеде секіру

15-20

10-14

5-9

3

Шалқадан жатып денені көтеру.

Ұлдар:тізені бүгіп, қол бас қойып жасау.

Қыздар: тізені бүгіп, қол кеуде тұста жасау.

15-20

10-14

5-9

4

Ауыр доппен жұмыс

Ұлдар 2кг.

Қыздар 1 кг

15-20

10-14

5-9

Бағалау дескрипторлары:

Оқушы аты -жөні

1) Сабақта қауіпсіздік ережесін біледі. Дене қасиеттеріне арналған жаттығуларды жасай алады.

2) Дене қасиеттеріне арналған жаттығуларды жасай алады.

3)Топта эстафеталық ойындар ойнап үйренеді.

Қорытынды

1

2

3

4

5

6

7

Үлкен бос кеңістік, ысқырық, арақашықтықты шектеуші фишкалар.

Кросс даярлығы:

https://www.youtube.com/watch?v=MPwX526fRN8

Сабақтың соңы

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

Оқушы аты –жөні

Сабақ туралы бағасы:

Жібек

Нұрбек

Өте жақсы

Жақсы

Қанағаттанарлық

Оқушылар алған номерлері қағаздарының келесі бетінде рефлексия жазылған, соған атын жазып сабақ туралы рефлексия бере алады.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Топтьқ жұмыстар арқылы

Көрсету арқылы

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау жұмыстары:

Оқушыларды дене дайындығына байланысты саралау.

  • Дене дайындығы қажет ететін оқушылар
  • Дене дайындығы жоғары оқушылар.
  • Құрал –жабдықтарға байланысты бөлу.
  • Сабаққа спорттық киімі жоқ оқушылар постер немесе презентация жасап қорғайды. /Кросс бойынша/

Оқушылар берілген тапсырмалар арқылы «Бағдаршам» әдісі қалыптастырушы бағалау жүзеге асырылды. Стикерлер жинап, арқылы оқушы жұмыстары бағаланып, мұғалім керібайланыс берді.

(Тәж, Т, Ф) (Б, Ж, К, Ф) жүзеге асырылды.

Дене шынықтыру сабағында қауіпсіздік ережесін үнемі мұқият сақтау.

Мұғалімнің рұқсатынсыз құралдарға тиіспеу.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

7С Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу