№1 зертханалық жұмыс. Көлбеу жазықтық бойымен қозғалған кездегі дененің үдеуін анықтау. Физика, 10 сынып, дидактикалық материал.


Оқушы ___________________________________________ сынып __________

№1 зертханалық жұмыс

Көлбеу жазықтық бойымен қозғалған кездегі дененің үдеуін анықтау

 

 Жұмыстың мақсаты: көлбеу науамен домалайтын кішкене шардың немесе жеңіл арбашаның үдеуін есептеу.

Ол үшін шардың белгілі бір t уақытта жүріп өтетін s орын ауыстыруының ұзындығын өлшейді. Бастапқы жылдамдықсыз () теңүдемелі қозғалыс кезінде s=at2/2 болатындықтан,s пен t–ны өлшеп алып, шардың үдеуін анықтауға болады:

a=2s/t2

Құрал-жабдықтар: науа, шар немесе арбаша, қысқышы бар тұрғы, уақыт есептеуіш.

Жұмысты орындау.

 1. Тұрғы арқылы науаны көкжиекпен кішкене бұрыш жасайтындай етіп бекіту керек. Науаның төменгі шетіне уақыт есептеуішті қоясыңдар.

2. Арбашаны науаның жоғарғы басынан жіберіп, жүріп өткен уақытын уақыт есептеуіштен жазып аласыздар.

3. Өлшеуіш таспаның көмегімен шардың s орын ауыстыруының ұзындығын табыңдар. Тәжірибені бес рет қайталау керек.

6. бойынша орын ауыстыру модулінің орташа мәнін, ал содан соң үдеу модулінің орташа мәнін табыңдар: aорт= 2Sорт/t2

7. Өлшеу және есептеу нәтижелерін кестеге жазыңдар:

Тәжірибе номері

S, м

t,c

аорт, м/с2

1

2

3

4

5

Есептеулер:

Ешбір өлшеу абсолют дәл болмайды. Өлшеу құралдарының жетілмеуіне және басқа себептерге байланысты, қалайда қателік кетеді. Қателіктерді мейлінше азайту үшін тәжірибе шартын өзгертпей, өлшеу жұмыстарын бірнеше рет қайталап орындаған жөн. Содан кейін олардың арифметикалық орташа мәні есептелінеді. Бұл жұмысты да осылай орындай ұсынылады.

Қателіктерді есептеу:

Өлшеуіш сызғыштың қателігі:

Секундомер:

Sорт

tорт

aорт

Абсолют қателікті есептеу:

Салыстырмалы қателікті есептеу:

Абсолют қателік:

Алынған нәтиже:

а = аср ±

Қорытынды жазыңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу