Нағашы

 Нағашы

Үш жұрттың ұлығы деп, ұлысы деп,
Сөзінің бұрынғының дұрысы көп.
Мен сені жақсы көрем, нағашыжан,
Ардақты анашымның туысы деп.
Аяулы інісі деп ақ мамамның,
Сырымды саған ғана ақтарамын.
Кейде бір келіп қайтсаң, жолың түсіп,
Марқайып, мақтанамын, шаттанамын.
Бейнеңнен бір ұқсастық тапсам таныс,
Байқатпай қарай берем қалып тәріз.
Анамның қымбат жүзі түседі еске,
Көңілімнің түкпірінде жатқан алыс.
Жол қарап, келер деумен күз бе, қыс па,
Жүгірем ит үргенде түнде тысқа.
Анамды сағынғанда сені ойлап,
Өткізем алаңдаумен күнді қысқа.
Жарқ етіп, жақсы аға, ақ маңдайың,
Тірей бер біздің үйге ат маңдайын.
Қараймын көкжиекке күнде тұрып,
Артыңда анам келе жатқандайын.

О, Нағашым,
Бәйтерегім, жемісім,
Құрған өмір кілемінде желімің!
Ортақ болған шаттығым мен қайғыма,
Өзің қамқор, батагөйсің мен үшін!

Сауап, ізет нұрландырып санасын,
Әлпештеген апасын да, анасын,
Құтты болсын жасап жатқан тойыңыз,
Дана орнына дана болған нағашым!

Қоныстанып қаласын да, даласын,
Жетілдірген тоғыз ұл-қыз баласын,
Құтты болсын бүгінгі алтын тойыңыз,
Аға орнына аға болған нағашым!
Оңнан туып Күніңіз бен Айыңыз,
Тұлпар болды сіз баптаған тайыңыз.
Бар тілегі – біздей ақын жиеннің,
Құтты болсын бүгінгі нұр тойыңыз!

Алыс ауыл арасын
Жақын қылған нағашым,
Ақ көңілді баласын
Ақын қылған нағашым,
Нағашымның жаңасын
Іздесең қайдан табасың?

Қымбат болар туған жердің ағашы да,
Әркімнің жету керек бағасына.
Анамның ақ сүті үшін өмір бойы,
Бәріміз борыштымыз нағашыға!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу
Пікірлер 5
  1. Bka
    Bka 11.01.2021 00:58
    4 + 6 -
    Цитата: Нағашы аға
    Нағашы ағама туған күнге тілектер таптым ????
    1. Каракат
      Каракат 03.02.2021 22:09
      6 + 1 -
      Бәрі тапты ткек сен
  2. Ереке
    Ереке 10.01.2021 04:36
    2 + 1 -
    Нағашы Туған күніңмен
  3. Нағашы аға
    Нағашы аға 18.12.2020 14:41
    14 + 6 -
    Нағашы ағама туған күнге тілектер таптым ????
    1. Маханбет зере
      Маханбет зере 06.05.2021 21:41
      1 + 1 -
      30000+30000=60000
      60000+30000=90000
      200 000+200 000=400 000