Термоядролық реакциялар. Радиоизотоптар, радиациядан қорғану. Физика, 9 сынып, қосымша материал.


 

 1- таратпа материал

 

 Ядролық әрекеттесу күші

 

 Ядролық әрекеттесулер электрлік және гравитациялық әрекеттесулердің заңдарына бағынбайтын табиғаты мүлдем өзгеще құбылыс болып табылады. Ядрода нуклондарды берік байланыста ұстап тұратын күшті ядролық күш деп атайды.

 Ядролық күшті сипаттайтын аналитикалық өрнек әлі табылған жоқ. Алайда тәжірибелерден ядролық күштердің қасиеттері туралы мынадай деректер жинақталды:

  • Ядролық күштер қысқа әрекетті күштер. Өйткені ядролық күштердің әрекет аймағының радиусы нуклонның мөлшерімен (10-15 м) шамалас. Осыншама қысқа аралықта ядролық тартылыс күштері кулондық тебіліс күштерінен жүздеген есе артық болады. Ал алыс аралықтарда ядролық күш әрекеттесулерге қатыспайды.
  • Ядролық күштер зарядтарға тәуелсіз. Ядролық күш зарядтардың бар-жоғына, олардың таңбаларына тәуелді емес. Сондықтан ядродағы протондар мен протондар, нейтрондар мен нейтрондар, протондар мен нейтрондар да бір-біріне тартыла береді.
  • Ядролық күштер қаныққыш күштер. Ядролық күштердің қанығу қасиеті олардың қысқа әрекеттігімен түсіндіріледі, яғни әрбір нуклон тек өз көршілерімен ғана әрекеттеседі.

 2- таратпа материал

Арақашықтықтары 1 м және әрқайсысының массасы 1 кг болатын екі дененің гравитациялық күшін анықта.

Арақашықтықтары 1 м және әрқайсысының заряды 1 Кл болатын екі дененің кулондық күшін анықта.

 

3 - таратпа материал

Тапсырма 1

Уран (235) ядросын баяу нейтронмен атқылаған кезде оны ядро қосып алады.

(і) реакция теңдеуін жаз

(іі) пайда болған элементті атап, сипатта.

Тапсырма 2

Тритий мен дитерий сияқты жеңіл элементтер бірікен кезде нейтрон бөле жүреді.

(і) реакция теңдеуін жаз

(іі) пайда болған элементті анықта

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
Пікір жазу