Ядролық реакциялар. Радиактивті ыдырау заңы. Физика, 9 сынып, сабақ жоспары.


Қысқамерзімдіжоспарбөлімі:

Мектеп: НЗМ ХББӨскемен қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Калижанова У.С.

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ядролық реакциялар. Радиактивті ыдырау заңы

Осысабақтақолжеткізілетіноқумақсаттары (оқубағдарламасынасілтеме)

9.4.1.11 ядролық реакцияның теңдеуін шешуде зарядтық және массалық сандардың сақталу заңын қолдану;

9.4.2.2 радиоактивті ыдыраудың ықтималдық сипатын түсіндіру;

9.4.2.3 радиоактивті ыдырау заңын есеп шығаруда қолдану

 Сабақ мақсаттары

- Ыдырау заңының графигімен танысу

- Жартылай ыдырау периоды ұғымын енгізу

- Радиоактивті ыдырау процессінің кездейсоқтық және спонтандылық

қасиетін анықтау

- Радиоактивті ыдырау заңының математикалық өрнегін қорыту

- Ыдырау заңына арналған сандық және графикалық есептер шығару

Бағалау критерийлері

Білу және түсіну:-Ыдырау заңының графигінің формасын біледі;

-Жартылай ыдырау периоды ұғымын түсінеді;

-Радиоактивті ыдырау процессінің кездейсоқтық және

спонтандылық қасиетін анықтайды;

Жоғарғы деңгей дағдылары:

-Ыдырау заңын қорыта алады;

-Ыдырау заңының графигіне талдау жасайды;

Тілдік мақсаттар

 

Пәнге қатысты лексика мен терминология

ENGLISH

KAZAKH

RUSSIAN

Decay Law

Ыдырау заңы

Закон распада

Half-life

Жартылай ыдырау периоды

Период полураспада

Random

Кездейсоқтық

Случайный

Spontaneous

Спонтандылық

Самопроизвольность

Curve

Иілген сызық

Кривая

Activity

Активтік

Активность

Counts number

Импульстер саны

Число ипмульсов

Unstable

Орынықсыз

Неустойчивый

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Ыдырау заңының графигі қисық сызық (гипербола) болып келеді.

Radioactivity is a spontaneous and random decay of an unstable nuclei with emission of alpha and beta particles and is usually accompanied with gamma ray photons …

Құндылықтарды дарыту

 

 

Өзіне және өзгелерге құрмет:

Сұрақ жауап кезінде ойын жүйелеп айтады және өзгелердің жауабын тыңдай білулерін

Ынтымақтастық:

Берілген тапсырмаларды жұппен және топпен бірлесе отырып орындау

Пәнаралықбайланыстар

Тілдікмақсаттардыжүзегеасыруүшінсабақтағынегізгіфизикалықтерминдерді ,негізгіұғымдардыағылшынтіліндеберу

Математика – математикалық статистика

 АКТ қолдану дағдылары

Үй тапсырмасын орындауда қажетті ресурстардың интернеттен және арнайы дайындалған google дискідегі ресурстарға қатынауға мүмкіндік жасалады.

Бастапқы білім

Радиактивтік;

Ығысуережесі.

Сабақбарысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың

басы

4мин

Сабақтың ортасы

10мин

12 мин

14мин

2-сабақ

10 мин

8 мин

8 мин

10 мин

1)Ұйымдастыру кезеңі:

2)Оқушылармен сабақтың мақсатын қойып алу және күтілетін нәтижені нақтылау.

3)Терминологиямен жұмыс

Нуклидтердің, аттары мен Z, A, N жазылған және толықтыруды қажет ететін бос торкөздері бар кестелерді таратып, оқушылардың бұл терминдермен таныс екендігіне көз жеткізу керек.

(W) Ядролық раекцияларда жұмыс парағымен жұмыс жүргізу кезінде барлық ядролық реакцияларды типтеріне байланысты классификациялауға болады – бөліну реакциясы, бірігу реакциясы немесе ядролық синтез, жасанды түрленулер, электронды қармап алу, альфа-ыдырау, бета-ыдырау, және т.б.

1)Өткен сабақтың материалын қайталау мақсатында, оқытуды бағалау үшін қалыптастырушы бағалау

2) Радиоактивті ыдыраудың негізгі заңының шынайылығын тексеру тексеру мақсатында кеңсе кнопкаларымен эксперименттік тапсырма орындалады

Жұмыстың орындалу реті:

1. Лотоктың табанына қағаз орамал жайып салады.

2. Кеңсе кнопкаларының белгілі бір санын (50-60 дана) қартон үстіне біркелкі орналастырады.

3. Үстінде кеңсе кнопкалары бар картонды лоток үстінен 15-20 см биіктікте ұстап тұрып, ауаға лақтырып қалып картонды жылдам ала қойады. (Кнопкалар лоток табанында екі жағдайда құлап түсуі мүмкін: 1-тегіс қалпақшасымен немесе 2-үшкір жағымен төмен)

4. Әрбір лақтыру сайын, үшкір жағымен төмен қарап түскен кнопкаларды алып тастап отырып, тәжірибені кнопкалар таусылғанша қайталайды.

5. Нәтижені кестеге толтырады

6.Кнопкаларды лақтыру санының тегіс қалпақшасымен түскен кнопкалар санына тәуелділік графигін тұрғызады. (У-осіне – кнопкалар саны, Х-осіне лақтырулар саны)

7.Интерполяция қолданып, график бойынша неше лақтырулардан кейін кнопкалар саны 2 есе және 4 есе азаятынын анықтайды.

Немесе оқу жоспарында ұсынған әдістемелік нұсқаны орындауға болады.

(E/G) Әр топқа 100 ойын текшесін таратыңыз. Әр текше тұрақсыз ядро болып табылады. Барлық 100 текшені бірге қозғайды. Әрбір «алтыншы» болатын текше ыдырайды және сол текшені алып тастаймыз. Процесс «ыдырамаған» ядролармен жалғаса береді. Оқушылар қалған санны N, барлығы ыдырап кеткенге дейін, айналымның бірнеше санымен өзгеретіндігін жазып алады.

N айналым санына (уақыт рөлін атқарып отырған) тәуелділігі экспоненциалдық ыдырау мағынасына орынды жуықтатуы тиіс және жартылай ыдыраудың тұрақты (дерлік) кезеңінің болуын көрсету үшін пайдаланылуы керек.

3) Қажетті график сызылып, графикке сәйкес тапсырмалар орындалғаннан кейін радиоактивті ядролардың жартылай ыдырау периоды ұғымы енгізіліп, оған анықтама беріледі

Радиоактивті ядролардың жартылай ыдырау периодының кестемен жұмыс

4)Оқушыларды радиоактивті ядролардың ыдырау сипатының кездейсоқтығы мен спонтандылығы жөнінде хабардар ету мақсатында «Попкорн пісіру» активити өткізіледі

Тәжірибе оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабылетін дамытады және олар ыдырау процессі спонтанды және кездейсоқ процесс екеніне көз жеткізеді

Оқушылар ыдыраудың сандары тәжірибенің басында, ойнау текшелерінің санының түсетіндей болатындығын байқайды. Бұл радиоактивті заттардың белсенділігі, қатысушы ядролардың санына тең екендігінің дәлелі және жартылай ыдырау периоды экспоненциалды түседі.

Негізгі идеялар болып табылатындар:

  • Радиоактивті ыдырау бұл – ядролық процесс.
  • Альфа-және бета ыдырауда атом саны өзгереді, басқа элементтің нуклиді пайда болатындай.
  • Гамма ыдырауы, қозған ядро энергияны бөліп қана шығарады.
  • Егер де нуклид қоздырылған күйде пайда болған болса, гамма ыдыраудан кейін бірнеше альфа- және бета ыдыраулар болады.

5)Ыдырау заңын қорыту: Мұғалім жартылай ыдырау периоды ұғымының физикалық мағынасы негізінде ыдырау заңын оқушылардың өзіне қорытуды ұсынады.

t = 0 → N=N0

t = T → N=N0 /2

t = 2T → N=N0 /4

t = 3T → N=N0 /8

t = 4T → N=N0/16

t = 5T → N=N0/32

…………………

t=nT → N=N0/2n

Осыдан:

6) Ыдырау заңының дұрыстығы мен эксперимент барысында алынған графиктің осы формулаға сәйкестігін анықтау үшін MS Excel-де график орындалады және сол арқылы дәлел келтіріледі.

7) Оқушылардың жаңа материалдың меңгерілуін тексеру мақсатында графикалық және сандық есептер шығарылады (қосымшада)

Слайд 1

Слайд 2

Қосымша1

Слайд 3

Слайд4

Кесте (таратпа материал)

Попкорн

http://www.youtube.com/watch?v=Gi-ItrJISQE

Ядролық реакциялардың түрлері:

https://www.vascak.cz/data/android/physicsatschool/templateimg.php?s=jadro_reakce&l=ru

немесе:

https://bilimland.kz/ru/courses/physics-ru/kvantovaya-fizika/fizika-atomnogo-yadra/lesson/zakon-radioaktivnogo-raspada

https://twig-bilim.kz/ru/film/radioactive-half-life

https://www.vascak.cz/data/android/physicsatschool/templateimg.php?s=jadro_rozpad&l=ru

Сабақтың соңы

4 мин

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалай алады

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз?

Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы

Оқушылардыңжекеқабілеттерінесепкеалаотырыптапсырмалардыдеңгейлеп дайындадым және оқушылардың жеке қабылеттеріне қарай теориялық білімді түсіндіргенде модельдеу көмегімен жасалған қондырғыны пайдаланамын

Сабақтың кез-келген кезеңінде уақытты ұтымды пайдалануды есепке алдым.

Оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдер:

Марапаттау

Жетістік критеррий бойынша бағалау

Денсаулықсақтаутехнологиялары:

Оқушыны партада дұрыс және түзу отырыуын қамтамасыз ету

Көз ауыруларының алдын алу үшін жарықпен қамтамасыз ету

Қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау:

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу