Отбасыға деген махаббат. Көркем еңбек, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2 тарау: Адами құндылықтар

Мектеп: Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Намазбеков Т.Р.

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Отбасыға деген махаббат

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.3.2.1 Арнайы терминдерді қолдана отырып өнердің әртүрлі туындыларының негізгі мәнерлеу құралдары мен материалдарын салыстыру және айырмашылығын көрсету

 Сабақ мақсаттары

Жалпы отбасы арасындағы сыйластық, қарым қатынас, мейірімділік, махабат жайлы түсінік қалыптастыру. Ата анаға деген құрмет ретінде кәдесый торсық жасау.

 Жетістік критерийлері

Оқушылар жалпыадамзаттық махаббат, мейірімділік, достық, сыйластық сынды түсініктермен танысады. Оқушылар отбасының нышанын құрып, жақындарына арнап сыйлық құрастырып жасайды.

 Тілдік мақсаттар

 

Онда келесілер қарастырылған:

  • Нышан, түстер, композиция, шаблон, сыйлық, аппликация.
  • Махаббат, достық, сыйластық, мейірімділік, отбасы.
  • Қария адамдар, ересек адамдар, аңыз, жануарлар.

Сюжет, тұрмыстық жанр, анималистік жанр.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Көп ұлтты мемлекетімізде тұрып жатқан ұлттардың өзара татулығы мен достығын басшылыққа ала отырып, бір бірінің мәдениетін салт дәстүрін құрметтеуді сыйлауды бойға дарыту.

 Пәнаралық байланыстар

Музыка, дүние тану, әдебиет. Осы пәндермен байланыстыра отырып олар өзге елдің музыкасын, дүние танымын, мәдениетін түсініп ұғынады.

 АКТ қолдану дағдылары

АКТ ны қолданады сыйлықтар мен кәде сый үлгілерін көріп біледі

Бастапқы білім

Оқушылар алдыңғы сыныптарда алған білімдері негізінде қоршаған орта туралы білімдерін қалыптастыруды әрі қарай жалғастырады. Олар түрлі материалдар мен құралдарды қолдана отырып, құрылымдап, әсемдейді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақ басында:

- оқушылардың көңілін сабақтың тақырыбына аудару.

- оқушылармен бірге сабақтың мақсатын анықтау.

- күтілетін нәтиже: сабақ соңында оқушылар жақындарына арнап кәдесый сыйлық жасап, әдемілеп безендіреді.

Сабақ барысын достық, махаббат, мейірімділік жайлы сұрақ жауаппен бастаймыз:

  • Қандай сезім пайда болды?
  • Махаббаты қандай белгі немесе нышан арқылы сипаттауға болады?
  • Махаббат тақырыбына арналған қандай мейрамдарды білесіңдер?
  • Бейнелерге ортақ не бар?

Неліктен екенін айта аласыз ба …?

  • …шектеулі түстер мен нышандарды қолданады?

…адамдар бір біріне сыйлықтар сыйлайды.

Альбом, графикалық материалдар: түрлі түсті қарындаштар, фломастерлер, түрлі түсті қарындаштар.

Сабақтың ортасы

(К) Картиналарды қарастырып, оларға ортақ не екенін анықтаңыздар.

  • Сіздерде қандай сезім пайда болды?

(К) Сұрақтарға жауап беріңіздер:

  • Махаббатты қандай нышанмен суреттеуге болады?
  • Махаббат тақырыбына арналған қандай мейрамдарды білесіздер?

(С) Әртүрлі нышандарды қарастырып, сұрақтарға жауап беріңіздер:

  • Суреттерге ортақ не бар?
  • Нышандарда қанша түс қолданады? Неліктен?

Практикалық жұмыс:

(Ө)Түрлі киіз тәрізді материалдарды қолданып торсық жасаймыз, отбасының белгісі бола алатындай, торсыққа оюдың суретін салыңыздар.

(Ж) Жұмыстарыңды жұпта қарастырыңдар. Бір бірлеріңнің жұмыстарыңды бағалаңыздар. Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Жұмысыңда қандай түстерді қолдандың? Неліктен?

Нышанды жасау үшін қандай тәсілді, әдісті қолдандыңыз?

Нышандар бейнеленген сайттар:

https://www.pressfoto.ru/image-512795

https://ru.depositphotos.com/7578707/stock-illustration-friendship-symbol.html

https://www.123rf.com/photo_24120211_hands-of-friendship-in-different-colors-help-and-support.html

Сабақтың соңы

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалай алады

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралап іріктелген тапсырмаларды оқушылардың икем ыңғайына қарай, жеңіл және күрделі түрде бөліп орындауларына мүмкіндік беру.

Ең бірінші отбасының маңыздылығын ашып алып,оған деген сый құрмет,махаббатты бағалау. Жақындарыңа арнап кәдесый торсықтың оңай, тез жасалу жолдарын көрсетіп үйретемін.Бұл жайында видео сілтемеде көре аламыз.

Саусақ буындарына арналған жаттығулар жасаймыз.

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Өткір құралдармен жұмысты абайлап істеу керектігін ескерту

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу