Тұңғиық теңіз жұмбақтары. Көркем еңбек, 3 сынып, дидактикалық материал.


 Сабаққа арналған әдістемелік нұсқау

 Сабақ тақырыбы: Тұңғиық теңіз жұмбақтары

 Сабақ мақсаты: 3.2.1.1 Қоршаған ортадағы визуалды элементтерді түрлі техника мен тәсілдерді байланыстыра қолдану

 3.3.3.1 Шығармашылық жұмысты бағалау және жақсартудың жолдарын ұсыну.

 Қажетті материалдар: А4 форматтағы альбом; сурет салуға арналған түрлі материалдар: акварель, гуашь, пастель, қарындаштар, фломастерлер.

 Сабаққа арналған теориялық материал

 Марина деген есім латынның «маринус», «теңіздік» дегенді білдіретін сөзінен туған. Ерлерге арналған нұсқасы – Марин. Марина атының мағынасы орыстардың Пелагея деген атына сәйкес келеді. Марина – бұл бейнелеу өнерінің жанры, пейзаждың бір түрі болып саналады. Марина теңіз бейнесін, теңіздегі шайқасты және/немесе теңізде болатын кез келген басқа оқиғаны бейнелейді. Маринист – мариналарды салатын суретші. Марина жанрының ең жарқын өкілдері – И.К. Айвазовский мен У. Тернер.

 Иван Айвазовский 1817 жылдың 17 шілдесінде (жаңа күнтізбе бойынша 29 шілде) Феодосиядағы армян отбасында өмірге келді. Оның аталары, түріктер жүргізген геноцидтан бас сауғалап, Батыс Армениядан Польшаға қоныс аударады.

 Феодосияның армян шіркеуінің ашылуы мен шоқындырылуы жайлы кітабында болашақ кескіндемеші «Георг Айвазянның ұлы Ованес» деп жазылды. Бізге үйреншікті «орыстанған» фамилисын ол 1840 жылдан бастап қана өз жұмыстарына жаза бастайды. Оның академиялық табыстары күмәнсіз еді. Теңізді бейнелеуді ол осы академияда жүріп бастаған- ды. Алғашқы марапаттары да осы теңіз этюдтарымен байланысты болатын. 1839 жылы генерал Н.Н.Раевский суретшіге, Қара теңіз флотының кавказ жағалауларында жүргізгелі жатқан десанттық операцияларына қатысуды ұсынады. Айвазовский үш мәрте жүзуге қатысып, өзінің батальдық кескіндемесін өмірге әкеледі.

 1840 жылы Айвазовский «өз шеберлігін әрі қарай дамыту» мақсатында зейнеткерлік іссапармен шетелге кетеді. Италияда жүрген жылдары ол үлкен табыстарға жетіп, еуропалық кескіндеме өнерінің алдыңғы қатарлы өкіліне айналады.

 Суретшінің ең танымал туындысы «Тоғызыншы вал» бүткіл әлемдегі теңдессіз туындылардың бірі. Картина 1850 жылы Мәскеуде өткен көрмеге қойыла салысымен, көрермендер ішінде кеңінен танымалдыққа ие болды. «Тоғызыншы валды» көргісі келетіндердің қатары сиремеді, тіпті, көпшілігі оны қайта тамашалау үшін кезекке тұрды.

 

 https://weekend.bugin.kz/1098-ivan-ayvazovskiy-manhgilik-sululyq

 

 Уильям Тёрнер

 Джозеф Мэллорд Уильям Тёрнер (ағыл. Joseph Mallord William Turner; 1775ж. 23 сәуір, Ковент-Гарден, Лондон, Англия —1851 ж. 19 желтоқсанда, Челси) — импрессионисттердің өнеріне бастама болған, әртүрлі стихияларды, әсіресе су суреттеген әйгілі британ суретшісі. Тернер алғашқы жұмыстарында түсті басты кейіпкер ретінде қолданған, Тернер абстракті кескіндеменің пайда болуына әсер тигізген.

 Суретші Уильям Тернердің шығармашылығының ерекшеліктері: жарқын түстер, құрлықтан гөрі су ландшафттарына және тыныштықтан қозғалыстағы стихияларға назар аударып, түстің басты рөлін айқындайды. Тернер жұмысты бастағанда, ең алдымен стихиялы, бақыланбайтын, ағымды көріністер жазды, содан кейін стихияның формалары, шекарасы және элементтері пайда болады.

 Уильям Тёрнердің белгілі туындылары: «1834 ж. 16 қазандағы парламент ғимаратындағы өрт», «Улисстің Полифемді мазақтауы», «Отважный» фрегатының соңғы саяхаты, «Қар бораны. Альпіден өтіп жатқан Ганнибал әскері»,« Жауын, бу және жылдамдық. Ұлы Батыс темір жолы».

 https://artchive.ru/artists/379~Dzhozef_Mellord_Uiljam_Terner

 Сабақ барысы

 Кабинетке суретші-маринистердің суреттерінің көшірмелерін алдын ала іліп қойыңыз. Суреттер әртүрлі күн райындағы теңізді көрсетуі тиіс және түрлі көңіл күйді білдіреді.

 Сабақ басында оқушылар «Марина» есімінің мағынасын біле ме, нақтылаңыз. Марина есімінің мағынасы жайлы қандай мәлімет білетіндігін анықтаңыз. «Марина» сөзі тағы қандай мағына беретінін сұраңыз.

 Марина деген есім «теңіздік» дегенді білдіреді. Марина – теңіздің бейнесі. Теңізді бейнелейтін суретші маринист деп аталады.

 Оқушыларға әртүрлі жанрдағы суреттерді көрсетіңіз. Тапсырма суреттерді салыстыруға бағытталған. Оқушылар суреттер арасынан маринаны табуға, таңдауын түсіндіруге және теңіз бейнесі тудыратын көңіл күйді анықтауға ұмтылуы тиіс.

 Марина жанрының ең жарқын өкілдері – И.К.Айвазовский мен У.Тернер шығармашылығымен оқушыларды таңыстырыныз, ен танымал суреттерік көрсетініз, мүмкіндік болса жұмыстарды бірге талданыздар.

 Оқушыларға теңіз тұңғиығы бейнеленген суреттерді қарауды сұраңыз. Олар мариналарды қарастырып, оларды салыстырады және әрқайсысы мұндағы көңіл күйді анықтайды. Түстік гамма мен сурет салу техникасын таңдаудың неге байланысты екенін түсіндіреді. Тәжірибелік жұмыс

 Оқушылар игерген білімдерін пайдаланып, «Тұңғиық жұмбақтары» маринасын салады. Оқушылармен сабақта салатын суреттің сюжетін бірге талқылауға болады. Күн жарығының сәулесін көрсету қажет екенін еске салыңыз. Тереңдіктің қандай құпияларын бейнелейтінін, білдіргісі келетін көңіл күйге қарай қандай түстерді пайдаланатынын әрбір оқушы өзі біледі. Оқушыларды орындалатын жұмысқа қойылатын талаптармен және бағалау дескрипторларымен алдын ала таныстырыңыз.

 Сұрақтарға жауап бере отырып, оқушыларға жұпта өз суреттері туралы баяндауын сұраңыз:

  • Қандай сурет салдың?
  • Көңіл күйді қалай суреттедің?
  • Жұмысыңда нені түрлендірер едің?
  • Оны қандай тәсілмен жасауға болады?

 Бағалау бойынша ұсыныстар

 Практикалық тапсырма аяқталған соң, барлық жұмыстарды столға қойып, жұмыстарды дискрипторлар бойынша бағалау жүргізіңіз. Формативті бағалауға арналған дискрипторлар:

  • Суасты тұңғиықтың пейзажы;
  • Түстік гамманы таңдай алды;
  • Жұмыстағы ұқыптылық;
  • Жұмыстың аяқталуы.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу