Суасты мекендеушілері. Тасбақа. Көркем еңбек, 3 сынып, дидактикалық материал.


 Сабаққа арналған әдістемелік нұсқау

 

 Сабақ тақырыбы: Суасты мекендеушілері. Тасбақа

 Сабақ мақсаты: 3.2.1.1 Қоршаған ортаның визуалды элементтерін әртүрлі тәсілдермен құралдарды үйлестіре отырып бейнелеу

 3.3.3.1 Шығармашылық жұмысты бағалау және жақсартуға идеяларды ұсыну

 Қажетті материалдар: А5 пішінді сурет салуға арналған ақ қағаз, қара қарындаштар/балауыз борлар/пастель, пазлға арналған тасбақа суреттері, скотч, энциклопедиялар, Қазақстанның тасбақалары жайлы ақпарат берілген анықтамалар.

 Сабаққа арналған теориялық материал

 Тасбақаларең ежелгі бауырымен жорғалаушылар қатарындағы төртеудің бірі. Тасбақалар күллі Жерде дерлік, тропикалық және қоңыржай зоналарда таралған. Тасбақалардың айырым белгісі екі бөліктен тұратын сауыт болып саналады. Ол жаулардан қорғану қызметін атқарады. Тасбақалардың сауыттары әртүрлі түстер мен пішіндерге ие. Тасбақалар құрлықта және суда мекендейтіндер болып бөлінеді. Құрлықтағы тасбақалар теңіздегілерге қарағанда аяқтары мен басын сауыт ішіне тартып алуды жақсы меңгерген. Тасбақалардың көп түрі жойылу қаупі алдында, сондықтан қорғауға алынған. Тасбақалар көптеген халықтар мәдениетінде нышандық рөлге ие.

 Тасбақа жайлы қызықты мәліметтер

  • Ең үлкен түрінің салмағы – 600 кг дейін барады.
  • Оттегісіз 10 сағат өмір сүре алады.
  • Олар Жер бетінде 200 миллион жыл бұрын пайда болған.
  • Тасбақа 5 жыл тамақтанбай жүре алады деген мәлімет бар.
  • Ол – өте баяу жануар, бірақ олардың суда тіршілік ететін түрлері – 30-35 км/сағ жылдамдықпен жүзеді.
  • Жер бетін миллиондаған жыл бұрын мекен еткен, тасбақа-архелеонның ұзындығы – 4 метр, ал салмағы – 2 тоннадан асқан.
  • 100 жылдан астам уақыт өмір сүре алатын тасбақалар бар.
  • Антарктида материгінен басқа, барлық құрлықтарда өмір сүреді.
  • Жасыл теңіз тасбақасының қабығының қаттылығы соншалық, оған акуланың өзі қауіп төңдіре алмайды.
  • Ауа райы суық болған кезде, бірден ұйқыға кетеді. Қабығында фосфор бар. Сондықтар, түңгі уақытта ол жарқылдап тұрады.
  • Суық климатта тіршілік ететін жалғыз түрі – Бландинга.
  • Әлемде тасбақаның 328 түрі бар. Оның 135-і жақын уақытта жойылып кетуі мүмкін.

Толығырақ: http://faktiler.kz/tasbaka-turaly-kyzykty-malimetter/

 Штрих (нем. strich, strichen сызық жүргізу) - сызық тарту, нүкте-леп сызу; суреттің негізгі элемент-терінің бірі. Штрих заттың сыртқы түрі мен кейпін бейнелеуде қолданылады. Штрихтың орнықты жүйелері (штрихтау тәсілі) арқылы сәуле мен көлеңке, тон туындату және пошымды модельдеу мүмкіндігіне жету болады.

 Штрих түсіру – штрихтермен жабу. Штрих түсіру кезінде түс айқыш-ұйқыш штрихтермен, басып жазуды күшейтумен және штрих қалыңдығын өзгертумен, сондай-ақ түрлі жұмсақтық дәрежесіндегі қарындаштарды пайдаланған кезде жасалады. Штрихтің жиілігі немесе қалыңдығы заттың көлемін көрсетуге көмектеседі. Штрихтер қаншалықты жиі салынса, бейне соншалықты көлемді болып шығады. Штрихтүсіру арқылы түсті ғана емес, беткі жақтың фактурасын да береді. Ол үшін қисық сызықты, сынық немесе доға тәріздес штрихтер қолданылады. Штрих түсіру оқушылардың ұсақ моторикасын, көз мөлшерін, шыдамдылығын және ұқыптылығын дамытады. Штрих түсіру кезінде салынған сурет бүлінбес үшін қолдың астына таза парақ қою керек.

 Сабақ барысы

 Сабақты тақырыпты анықтау үшін топтарда тапсырмалар орындаудан бастаңыз. Оқушыларға теңізді мекендеушінің бейнесін құрастыратынын айтыңыз. Олар тасбақа суреті жасырылған пазыды құрайды. Сол арқылы сабқ тақырыбын анықтай алады.

 Оқушыларға тасбақалардың ең ежелгі бауырымен жорғалаушылардың бірі екендігін және Қазақстанда тасбақаның екі түрі тіршілік ететіндігі жәйлі баяндаңыз.

 Оқушыларға көптеген тасюбақаның фотосуреттерің, бояумен салынған, графика техникасында орындалған суреттерін көрсетіңіз.

 Тапсырма түрлі тасбақалардың сауытты бейнесін танып білуге бағытталған. Оқушылар бейнелерді салыстырады, ұқсастықтар мен ерекшеліктерді табады, сауыт суреттерінің түстері мен пішінін айқындайды. Тасбақалардың сауытындағы өрнекке ерекше назар аудару қажет. Оқушылар алуан түрлі тасбақалардың сауыттарының өрнектері бір-бірінен ерекшеленетінін білуі тиіс. Оқушылардың бұл туралы не ойлатындарын, пікірлерін сұраңыз. Бұл тапсырманы жұппен немесе топпен орындаған жақсы.

 

 Эксперимент жасау

 Оқушылар әртүрлі штрих түрлерімен танысады және сол штрихтарды әртүрлі материалдармен орындайды. Тапсырманы орындау үшін оқушыларға ақ қағаздар мен штрихтауды орындау үшін әртүрлі материалдарды таратыңыз: жұмсақтығы әртүрлі материалдар, пастель, балауыз қарандаш.

 Бұл тапсырманы орындау барысында оқушылар оқушылар тасбақа сауытын, онын фактурасын қалай көрсетуге болатындығын анықтайды.

 Тәжірибелік жұмыс

 Оқушылар А5 параққа тасбақа салады (жоғарыдан қарағандағы көріністе) да, содан соң көлем беруге тырысып, штрих түсіреді. Қызығушылығы төмендеу оқушыларға тасбақаның дайын бейнесін беруге болады. Қабілеті жоғары оқушыларға тасбақаның ¾ бөлігін бейнелеуді ұсыныңыз. Оқушылардың есіне штрихтерді орындау ережелерін еске түсіріңіз. Тасбақаның үстіңгі бөлігіне түрлі тәсілдермен немесе түрлі материалдармен штрих түсіруге болатынын айтыңыз. Тасбақаның басы мен аяқтарын бояу немесе штрихтер арқылы салуына болады.

 Бағалау.

 Оқушылар өз суреттерімен өзара алмасып, бір-бірлеріне дескрипторлар бойынша баға береді:

 Дескрипторлар:

 Суреттің тасбақаға ұқсастығы;

 Сауыт бетіндегі өрнектің болуы;

 Штрихтарды түсіру;

 Жұмыстың ұқыптылығы;

 Суреттің толық аяқталғандығы.

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу