Акустикалық резонанс. Жаңғырық. Есептер шығару. Физика, 9 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

9.4.С Дыбыс

Күні: 18-22/04/22

Сынып: 9

Мектеп: ХББ НЗМ Атырау қаласы

Мұғалімнің аты –жөні:

Қатысқандар саны: 10

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Акустикалық резонанс. Жаңғырық. Есептер шығару

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.2.5.25 - жиілікті анықтау үшін осциллоскопты пайдалану;

9.2.5.23 - жаңғырықтың пайда болу табиғатын сипаттау және жаңғырық көмегімен сипаттау;

Сабақ мақсаттары

Акустикалық резонанс туралы білімдерін дамыта отырып, жаңғырықтың пайда болу табиғатын түсінеді

Жетістік критерийлері

Білу:

-Адам еститін толқын жиілігінің (дыбыс) неге тең екенін біледі

-Толқынның таралу жылдамдығының неге тәуелді екенін біледі.

-Дыбыстық толқынның, мысалы ауада, таралу жылдамдығын біледі

-Дыбыстық толқын анықтамасын біледі.

Түсіну:

-Дыбыстың пайда болуына қандай жағдайлар қажеттілігін түсіндіреді

-Вибратор көзінен дыбыстың таралу үдерісін түсіндіре алады

Білу:Қума дыбыстық толқын анықтамасын біледі

Түсіну:

-Серпімді ортаға мысал келтіреді

-Ортаның сығылу және разрядталған үдерістерінің тарапынан алып қарағанда қума дыбыстық толқындардың болмысын түсіндіреді.

Түсіну:

-Дыбыстық толқындардың қандай орталарда таралатынын түсіндіреді

-Неліктен вакуумда дыбыстық толқындардың тарала алмайтынын түсіндіре алады.

-Дыбыстық толқындардың таралу жылдамдығының неден тәуелді болатынын түсінеді

-Әртүрлі орталардағы дыбыстық толқындардың жылдамдықтарына мысалдар келтіреді

Тілдік мақсаттар

Оқушылар өздерінің түсініктерін көрсететін жаңа сөздерді пайдаланулары керек. Олар терминдерді түсіну және қолдану керек.

Арнайы пәндік лексика мен терминология:

Сөздік

Дыбыстың шағылуы

Отражение звука

reflected sound

Акустикалық резонанс

Акустический резонанс

Acoustic resonance

Жаңғырық

Эхо

Echo

Реверберация

Реверберация

Reverberation

Құндылықтарды дарыту

  • Оқушыларды академиялық адалдыққа тәрбиелеу (тапсырмаларды орындау барысында өз бетімен жұмыстануға үйрету)
  • Оқушыларың бойында жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастыру.
  • Өмір бойы білім алу құндылығын сыни тұрғыдан ойлау арқылы білімге деген құштарлығын қалыптастыру
  • Оқушылар арасында ынтымақтастық ортаны қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Химия, биология

АКТ қолдану дағдылары

Қажетті видео және презентацияларды көрсету

Бастапқы білім

Дыбыстық толқындар

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Ой шақыру

10 мин

Өткен білімді тексеру

Венн диаграммасы (ультрадыбыс және инфрадыбыс)

презентация

Ойлану/

Ақпарат

20 мин

І. Резонанс құбылысын түсіну:

Тәжірибе:

Тербеліс жиіліктері бірдей екі камертон алып, оларды бір-біріне жақынырақ қояйық та, тербелтейік. Сәл уақыттан соң, оның тербелісін қолымызбен жапсақ, екінші камертонның дыбыс шығарғанын байқай аламыз

Сұрақ: Екінші камертонның дыбыс шығаруы неге байланысты?

Жауабы: Бірінші камертоннан ауа арқылы берілген тербеліс

Егер әр түрлі жиіліктегі камертондарды қолданатын болсақ, камертондардың екіншісі дыбыс шығармайтынын байқаймыз.

Бірінші жағдайда камертондардың меншікті жиілігі сәйкес келіп, акустикалық резонанс құбылысы орын алады.

Қолданылуы: акустикалық резонанс дыбысты күшейту үшін (музыкалық аспаптарда-рояль, домбыра, гитара, қобыз, сыбызғы) қолданылады. Сондықтан камертон арнайы жәшіктерге орнатылады.

Жәшіктің меншікті тербеліс жиілігі, камертон шығаратын жиілікке үндестіріледі.

ІІ. Жаңғырық дыбыстың шағылу нәтижесі.Қандай да бір кедергіден шағылып және бастапқы орнына қайта оралған дыбыс толқындары.

Дыбыс өзге кез келген механикалық толқын секілді, ол да шағылуға ұшырайды. Қабырғаға шағылысқан дыбыс бізге 50 мс-тан кейін жетсе, біз шағылған дыбысты жаңғырық ретінде қабылдаймыз. Жабық бөлмеде, әр түрлі қабырғаларға бірнеше рет шағылысқан толқындар, қайта қабаттасып және реверберация деп аталатын құбылыстың туындауына себеп болады.

Жаңғырық құбылысы кейде жақсы қолданысқа ие -  мысалы, эхолот құрылғысы, теңіз түбіне шағылысқан дыбыс толқыны кемеге қайтып келгендегі уақытын өлшеу арқылы теңіз тереңдігін анықтауға  мүмкіндік береді.

Дыбыстың таралу ортаның серпімділігімен қатар тығыздыққа да байланысты болады:

https://www.youtube.com/watch?v=ghlAMIEhOII

http://www.bilimland.kz//kk/#lesson=10948

http://www.bilimland.kz//kk/#lesson=10947

Практикум

35 мин

Егер ауада дыбыс жылдамдығы 340 м/с болса, онда дыбыс 0,1 с аралығында бөгетке дейін және одан қайтып оралғанша 2S жол жүреді

S = = 17 м

Қолдану: 27 – жаттығу тапсырмалары

Презентация бойынша тапсырмалар орындау

Тапсырма жауаптары

Ом 1-2-3 тапсырмала-ры

Рефлексия

Үйге тапсырма

5 мин

Не білемін?

Не білдім?

Не білгім келеді?

Стикермен жұмыс

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар:

Тақырыпты меңгереді, тапсырмаларды орындайды Оқушылардың көпшілігі:

Есептеулерді дұрыс жүргізеді

Кейбір оқушылар:

Тақырып бойынша сұрақтар қояды

Тексеру парақтары

Бағалау парақтары

Сабақ барысында қолдау, қолпаштау көрсету жетістік критерийлері арқылы

Интерактивті тақтаны сабақ барысында қолдану уақытын 10 минуттан асырмау

Көз жаттығуларын орындау

Кабинетті желдету

Кабинетте приборлармен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік ережесін сақтау (су қолмен жұмыс жасамау) жарықты қажет емес кезінде өшіру

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу