Ою-өрнек өнері. Көркем еңбек, 3 сынып, дидактикалық материал.
Сабақты ұйымдатыруға арналған әдістемелік нұсқаулық
«Ою-өрнек өнері» тақырыбына арналған сабақта 3.1.2.2 Қазақ халқының және әлем халықтарының қолданбалы өнерінің ұлттық ерекшеліктерін анықтау және суреттеу оқу мақсаты қаралады. Аталған оқу мақсаты оқушылардың көркемдік құралдармен жұмыс жасаудағы практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған. Сонымен қатар, аталған оқу мақсаты аясында оқушылар ұлттық ерекшелікті көрсететін шығармашылық жұмыстарды, суретшілердің туындыларын талдайды, бағалайды және пәндік терминологияны қолдана отырып өз ойларын (пікірлерін) айтады. Сол себепті осы сабақ аясында академиялық тілге және коммуникативті дағдыларды дамытуға аса назар аудару қажет.
Қажетті материалдар
А4 форматтағы тонды қатты қағаз. Тушь, қарандаш, қылқалам, тіс тазалайтын таяқша, құлақ тазалайтың таяқша және т.б.
Сабаққа қажетті қосымша ақпарат
Сән және қолданбалы өнер - сән өнерінің бір саласы, тұрмыска кажетті көркем, жиһаздық заттарды жасайтын шығармашылық түрі. Негізінен, түрлі үй жиһаздарын (жиһаз, зергерлік ою-өрнекпен әшекейленген заттар, тіршілікке қажетті сәндік құрал-жабдықтар, сувенирлер, құмыра, сый кеселер, т.б.) жасайды. Сән және қолданбалы өнерінің материалдары - металл, керамика, ағаш, қыш, шыны, асыл тастар, сүйек, былғары, т.б. Негізгі техникалық әдістері көркем оймыш, шекіме, көркем жазба, кесте, құйма, т.б. Ол сүйек, ағаш, тері өңдеу, бедерлеу, зергерлік, инкрустация, фарфор, фаянс, кілем тоқу, көркем мата жасау секілді салаларға бөлінеді. Сән және қолданбалы өнер келелі өндірістік, технологиялық міндеттерді атқарғанымен, өз дәуіріндегі өнер мен мүліктік мөдениеттің даму дөрежесіне тәуелді болып, дәстүрлі, жергілікті этникалық ұлттық ерекшеліктің негізінде дамиды.
Ою-өрнек – ежелгі халық өнерінің бір түрі. Бұл өнердің пайда болу бастаулары ежелден бері келе жатыр. Ою-өрнек – ежелгі халық өнерінің бір түрі. Бұл өнердің пайда болу бастаулары ежелден бері келе жатыр. Ою-өрнектердің сюжеттік мазмұны және атауы халықтың әрбір жаңа дәуіріндегі өмірлік бағдарлардың ерекшеліктеріне сәйкес ауысып отырды және жетілдірілді. Бүгінгі күні ою-өрнектерді жасау өнері сапалы жаңа бай мазмұнға және жаңашылдыққа ие бола отырып, қазақ халқының рухани және материалдық қазынасына айналды. Шығармашылық қызметтің өзге түрлері секілді, ою-өрнекті жасау өнері игерілген білімді жетілдіруге көмек көрсете отырып, интеллектуалдық деңгейді арттыруға ықпал етеді. Қолданбалы өнер – қазақтың этномәдениетіндегі негізгі бөлімдердің бірі. Қолданбалы өнердің пәні халықтың ежелгі мәдениеті туралы ақпараттарды жинақтаушы болып табылады. Олардың үлгілері археологиялық қазбалардың ежелгі экспонаты ретінде мұражай қорларында сақталады.
Источник: https://e-history.kz/kz/publications/view/370
Сабақ барысы
Берілген тапсырманы іске асыру үшін әр түрлі жанрдағы, стилдегі сонымен қатар қазақ суретшілері мен фотографтарының жұмыстары болғаны ұсынылады.
Сұрақтар оқушыларға суретшілердің өз жұмыстарында тонды қалай қолданғанын түсінуге көмектеседі.
Рембрандтың " Шығыс бас киімін киген жігіттің басы" және Е.М. Сидоркиннің киімі мен беті жылтыр жарық бликтермен көрсетілген "Абай" атты жұымыстарын мысал ретінде келтіруге болады.
Оқушыларға неміс тілінен аударғанда тушьтың мағынасы "күйеден жасалған бояу" екендігін түсіндіріңіз. Тушь сұйық, шоғырланған және кепкен (таяқша немесе плитка ретінде) болады.
Берілген тапсырманы алдын ала өзіңіз жасап көрсетіңіз. Жұмысты көрсету үдерісінде жасап жатқан іс-әрекеттеріңізге түсніктеме беріп отырыңыз. Оқушылардың назарларын тушьпен жұмысты өте жылдам орындау керектігіне аударыңыз.
Мұғалім түсіндірген соң оқушылар бұл тапсырманы өздігінен орындай алады.
Сыныпқа арналған сұрақтар:
- Қандай қолөнер бұйымдарын білесіздер?
- Олар қандай ою – өрнектермен безендірілген?
- Олар қандай материалдан жасалады деп ойлайсыздар?
Оқушылардың қаралатың тақырып аясындағы білімін тексеріп алыныз.
Қолөнер бұйымдарын талдау
Оқушылармен бірге ұлттық қолөнер бұйымдарын (мысалы, теріден жасалған торсықты, күмістен жасалған зергерлік бұйымдарды, киізден жасалған текеметті және т.б.).қарастырыңыз, олардың ерекшеліктерін талдаңыздар.
Оқушыларды топқа бөліңіз, тапсырманы түсіндіріңіз. Оқушылар өз топтарында белгілі бір ұлттық қолөнер бұйымын жан-жақты қарастырады, оларды жасауда қолданылған материалдарды, безендіруде қолданылған ою-өрнектерді талқылайды, бұйымның ерекшеліктерімен танысады. Оқушылар жинаған ақпараттарын постер ретінде визуациялап сынып алдында таныстырады.
Топтарда берілген сұрақтарды талқылаңыз:
1.Сіздер қандай бұйым қарастырып отырсыздар?
2.Көрсетілген бұйым қалай безендірілген?
3.Қандай материалдан және қалай жасалған? Сипаттап беріңіз?
Тәжірибелік жұмыс
Оқушылар өздеріне ұнайтын ыдыстың түрін және оны безендіру стилін таңдайды. Оларды безендіру үшін қолданатың ою-өрнектерді анықтайды.
Оқушылар А4 форматы көлемінде қатты қағаздан жасалған ұлттық ыдыс үлгісін қолданады (мысалы, торсық, тостаған, орыс самауырыны және т.б.). Дайын үлгіні оқушылар ұлттық ою-өрнектермен безендіреді.
Тәжірибелік жұмысты орындау алдында оқушыларға техникалық қауіпсіздік ережесін сақтауды ескертіңіз.
Оқушыларды орындалатын жұмысқа қойылатын талаптармен және бағалау дескрипторларымен алдын ала таныстырыңыз.
Оқушылармен барлық орындалған жұмыстарды жинап алыңыздар. Ортақ фонға жабыстыра отырып, сәндік композиция құрастырыңыздар.
Сабақтағы қауіпсіздік ережелері
Тәжірибе жұмысын орындамас бұрын оқушыларға құрал саймандармен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жайлы ескертіңіз.
Бағалау
Оқушылардың аяқталған жұмыстарын бір жерге жинаңыз.
Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір дескрипторлар бойынша бағалайды. Бағалау кезінде жұмысты жақсарту үшін қажетті ұсыныстарды айтыныз, жасалған жұмыстардың жақсы шыққан тұстарына көбірек тоқталыныз, бұл әрекет оқушылардын шығармашылыққа деген талпынысын күшейте түседі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?