Театр өнері. Бетперделер 2. Көркем еңбек, 3 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5 Бөлім: Өнер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Театр өнері. Бетперделер 2

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.3.3

Көркемдік мәнерлі тәсілдерді және құралдарды қолданып, шығармашылық жұмысты аяқтау

3.3.2.1 Арнайы терминдерді қолдана отырып өнердің әртүрлі туындыларының суреттеу құралдары мен орындау материалдарын анықтау және салыстыру

 Сабақ мақсаттары

  • Көркемдік құралдарды қолданып бетпердені аяқтау;
  • Бетпердені әртүрлі материалдармен көркемдеу;
  • Бетперделерді жасау барысында қолданған материалдарды талдау, жасалу жолдарын сипаттау.

 Жетістік критерийлері

  • Бетпердені толық аяқтайды;
  • Өздеріне тән ерекшеліктерін көрсете отыра бетперделерді сипаттайды;
  • Бетперделерді жасау кезінде әртүрлі материалдарды үйлестіре қолданады.

 Тілдік мақсаттар

 

Әртүрлі мақсатта жасалған бетперделердің өздеріне тән ерекшеліктерін сипаттайды.

Оқушылар келесі сұраққа жауап береді:

  • Бетпердені қайда қолданады?
  • Тақырыптамасы қандай?
  • Қандай материалдан жасалған?
  • Бетперде арқылы кейіпкердің бағытын немесе мінезін анықтауға бола ма?

 Құндылықтарды дарыту

Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік

 Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану

 АКТ қолдану дағдылары

Бұл сабақ аясында АКТ дағдылары қарастырылмайды

Бастапқы білім

Табиғат әлемімен танысуды жалғастырады, көркем материалдармен жұмыс жасаудағы практикалық дағдыларың жетілдіреді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Сабақтың басы

Оқушылар осы сабақта бетперде жасау жұмыстарын жалғастыратындықтарын айтыныз.

Оқушыларды бүгінгі сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттары және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз. Сабақ соңында күтілетін нәтижеге назар аудару қажет.

Балаларға арналған қойылым "Лунтик".

https://www.youtube.com/watch?v=mEIi_1xx9ws

Сабақтың ортасы

Сабақ басында, оқушылармен алдынғы сабақта жасалған жұмыстарды қарап шығып, жасалған жұмыстарды саралаңыз. Осы сабақ аясында жасалатың жұмыстарды жоспарлап алыңыздар.

Оқушыларға әр түрлі сәндік бетперделерін қарап шығуын ұсыныңыз, олардың назарын әшекей бұйымдарға және сәндік бетперде элементтеріне аударыңыз.

Сұрақтарға жауап беруін өтініңіз.

  • Сізге қандай стильді бетперде ұнайды? Неге?
  • Бағытына қарай бетперделерде қандай сәндік элменттер мен әшекейлер бар?
  • Сіз өз жұмысыңызға қандай сәндік элементтерді, әшекейлерді, ою өрнектерді таңдар едіңіз?
  • Жасаған бетпердеңізді сәндеу үшін қандай материалдарды қолданасыз?

Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, оқушылар бетперделерді көркемдеу материалдары мен техникаларын (әдістерін) анықтайды.

Тәжірибелік жұмыс

Оқушылар жұмысқа керек заттарын: жинақталған және бекітілген бетперделерін және қажетті көркемдік материалдарын алдын ала дайындайды.

Бетперделердің сәндік элементтерін әр түрлі көркемдік материалдармен қатар, қолда бар материалдармен жасауын ұсыныңыз.

Жұмысты орындау барысында оқушылар әртүрлі көркем материалдарды үйлестіреді. Мысалы: қарындаш, акварель, гуаш әртүрлі көркемдік түрлі түсті қарындаш, ермексаз, моншақтар ұсақ бисерлер сәндік безендіру.

Оқушылар бетперделерді бояулармен немесе фломастерлермен бояуларына, және әр түрлі сәнді элементтерді (қауырсын, пайеткалар, таспа, бау) қосуыларына болады.

Тәжірибелік жұмысты орындар алдында оқушыларға техникалық қауіпсіздік ережесін сақтауды ескертіңіз.

Оқушыларды орындалатын жұмысқа қойылатын талаптармен және бағалау дескрипторларымен алдын ала таныстырыңыз.

Жұмыстарды талдау

Әр топ, шығармашылық жұмыстарды сынып алдында таныстырады. Таныстыру барысында өздері жасаған бетперденің ерекшелігін, орындау барысын, қолданылған материалдары мен өндеу техникаларын толық сипаттап береді.

Бағыттаушы сұрақтар оқушыларға өз ойларын толық жеткізуге көмектеседі.

Сұрақтар:

  • Бетперделеріңіз қандай мақсатта жасалған?
  • Бетперделеріңіз қандай кейіпкер образын көрсетеді?
  • Қандай материалдармен көркемделген?
  • Бетперде бөлшектері қандай жолмен бекітілген?

Көркемдік материалдар: қыл қалам, гушь, акварель, акрил бояулары, фломастер, маркер, қолда бар материалдар.

Карнавал бетпердесін жасау жолдары

https://www.youtube.com/watch?v=wA1DOXbNgko

Сабақтың соңы

Бағалау

Оқушылардың аяқталған жұмыстарын бір жерге жинаңыз.

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір дескрипторлар бойынша бағалайды

Рефлексия:

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу