Тербелістер кезіндегі энергияның түрленуі. Тербелмелі қозғалыстың теңдеуі. Физика, 9 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.3В Тербелістер және толқындар Күні: Сынып: 9 | Мектеп: Мұғалімнің аты –жөні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Тербелістер кезіндегі энергияның түрленуі. Тербелмелі қозғалыстың теңдеуі | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 9.2.5.4 - тербелмелі процесте энергияның сақталу заңын сипаттау; 9.2.5.5-гармониялық тербелістердің графиктері бойынша координатаның, жылдамдықтың және үдеудің теңдеулерін жаза білу | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар мақсатқа жетеді, егер: Тербелмелі қозғалыс кезінде энергияның қандай түрленулері болатыны біледі және түсінеді; Тербелмелі процес үшін энергияның түрленуі және сақталу заңын талдайды; Тербелмелі процеске арналған есептерді шығаруда энергияның түрленуі мен сақталу заңын қолдана алады; Энергияның түрлену графиктерін сипаттай алады және мысалдар келтіре алады; Гармоникалық тербеліс графиктерін пайдаланып, координата, жылдамдық және үдеудің теңдеулерін жаза алады; Гармоникалық тербелістердің теңдеуіне кіретін тербелмелі шамалардың физикалық мағынасын түсінеді және пайдалынады; Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын шамаларды эксперименттік, графикалық және сапалық есептерді шығаруда қолдана алады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Тілдік қорына, ойларын дұрыс жеткізуіне және монологтық және диалогтық сөйлеу білігін дамытуға көңіл бөлу. Пән бойынша арнайы сөздер мен терминдер: Амплитуда,период, жылдамдық, жиілік Сонымен қатар, үштілділік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында оқушылар осы тақырыпқа қатысты физикалық терминдерді үш тілде айта білулері тиіс:
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Математика: Математика пәнінен тригонометриялық функциялардың графиктерін, олардағы фазалар айырымын, функция периодын, туындыны, туындының физикалық және геометриялық мағынасын, қарапайым және күрделі функциялардың туындысын анықтайды | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта, презентация | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Тербелмелі қозғалыс. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы | Ұйымдастыру Оқушылармен амандасу. Оқушыларды түгендеу. Сыныпты сабаққа ұйымдастыру.
Активити. «Білім шеңбері» оқушылар немесе мұғалім допты бір-біріне лақтыру арқылы өтілетін тақырып бойынша сұрақтар қояды
Кесте толтыруға да болады:
Сәйкестікті тап:
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы | Жаңа сабақ І. Көбінесе тербелістердің гармониялық тербеліс деп аталатын түрі қарастырылады. Гармониялық тербеліс – оңға немесе солға ауытқуы бірдей болып отыратын тербеліс немесе гармониялық тербелістер деп уақыт өтуіне қарай кез келген шама (координата, жылдамдық, үдеу, энергия) синус немесе косинус заңымен өзгеретін тербеліс түрін айтады. Гармониялық тербелістің теңдеуі x=Xmaxcosφ немесе x=Аcosωt немесе x=Xmaxsinφ немесе x=Аsinωt немесе x=Аcos(2π/T)t немесе x=Аsin(2π/T)t немесе x=Аcos2πνt немесе x=Аsin2πνt түрінде, яғни, синус немесе косинус заңымен жазылады. Ал, гармониялық тербелістердің графигін осциллограмма деп атайды. Бұл графиктерді салу үшін бізге математикадағы осы тригонометриялық функциялардың графиктері туралы білімдер қажет. y=sinx функциясының графигі синусоида деп аталады,у =cosx функциясының графигі косинусоида деп аталады. Егер дене тербелісті шеткі нүктеден бастаса, онда тербеліс графигі косинусоида болып, теңдеуі косинус заңымен жазылады. Ал, тербеліс тепе-теңдіктен басталса, графигі синусоида болып, теңдеуісинус заңымен жазылады. Себебі, sin00=0, cos00= 1 Математикадан туынды табу ережелерін беру: қарапайым функцияның туындысы, күрделі функцияның туындысы; туынды табу ережелерін қолдана отырып, координатаның теңдеуінен жылдамдықтың теңдеуін қорытып шығару; жылдамдықтың теңдеуінен үдеудің теңдеуін қорытып шығару; Механикалық тербелістерді сипаттайтын негізгі дифференциалдық теңдеуді беру: a=-ω2x немесе: x=x''=a=-ω2x, яғни, координатаның екінші ретті туындысы координатаның өзіне тура пропорционал екендігін көрсету өте маңызды, себебі, жоғары сыныптарда электромагниттік тербелістердің теңдеуін оқу кезінде барлық гармониялық тербелістер – ол механикалық тербеліс болсын, ол ЭМ тербеліс болсын, тек бір ғана гармониялық заңға бағынатынын білу маңызды. Есептер шығару:
Қалыптастырушы бағалау
Осы қалыптастырушы бағалауға кері байланыс жасалады Сабақты қорытындылау
| Презентация | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы | Рефлексия Рефлексия – «кері байланыс»;оқушылар өз іс- әрекеттерін бағалайды. (өзін – өзі бақылау). Үйге тапсырма: конспекті оқу, есептер шығару (Рымкевич: №416, 417, 420, 421, 422, 423.) | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы Мектеп құндылықтарын іске асыруға қандай мүмкіндіктер бар? | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?