Ойын техникасы. Дене шынықтыру, 7 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
2 - бөлім: Спорт ойындары арқылы командалық бірлесу әрекеттері Мектеп: | Күні: Сынып: 7 Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сабақ тақырыбы: Ойын техникасы | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 7.1.1.1 Тапсырмаларда спецификалық қозғалыс әрекеттерін қолдану | |||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар келесіге қабілетті: - ойын жағдайында спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті түсіндіреді Оқушылар көпшілігі келесіге қабілетті: - арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті көрсете біледі | |||||
Бағалау критериі | -арнайы спорттық қимыл әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын көрсету; | |||||
Тілдік мақсаттар Спорттық ойындардағы қажетті қозғалыс дағдыларын көрсетеді және талқылайды | Пәнге тән лексика мен терминология:
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Талқылау үшін сұрақтар -Тапсырмаларды орындау кезінде біздер неліктен қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауымыз керек? - Волейбол алаңында қандай ойын аймақтары бар? | |||||
Құндылықтарды дарыту | (Өмір бойы үздіксіз білім алу) Оқуға деген сүйіспеншілікті білуге құмарлық, шығамашылық пен оқылатын материалға сыни қарау, қарым-қатынас пен мінезді, денені және ақыл-ойды үздіксіз дамыту арқылы бойға сіңіру. Оқушылардың өз бетімен оқуға болысатын дағдылары мен қабілеттерін дамытуды қамтиды. (Ынтымақтастық) Жылы қарым-қатынасты орнату, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыру мен құрылымдық ұстанымды дамыту, қарым-қатынас орнату кезіндегі сыни ойлау қабілеті. (Академиялық шындық) Басқа адамдардың ойлары мен идеяларын құрметтеу, академиялық шындықтың ұстанымдарын сақтау, плагиатқа және ақпараттың көзін көрсетпеуге төзбеушілік. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Физика пәнімен байланыстыру. | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Ойын арқылы денсаулықты шыңдау жаттығуларын біледі.. | |||||
Бастапқы білім | Қозғалмалы ойындар | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 0-7 7-8 |
Мұғалім айтады: «Біз пәндерді кіріктіруді, қозғалу дағдыларын, дене қасиеттерін қауіпсіздік ережесін сақтау мен сабақ тақырыбы бойынша айту арқылы дамытуды жалғастырамыз». Мұғалім Сіздер үшін қозғалмалы ойындар арқылы денсаулықты шыңдау нені білдіреді деп сұрақ қояды. Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады. Күтілетін нәтижелер - қауіпсіздік ережесін біледі. -ойын арқылы денсаулықты шыңдауды біледі. -арнайы спорттық қимыл әрекеттерінің дәлдігін бақылауды дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын көрсетеді; II. Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады. (П) «Елестету көрінісі» Мәтіннің басты мәнін мүмкін болса, елестетуге тырысу керек. Мысалы оқушылар, өздерінің спорттың түрінен әлем чемпионатына жеңімпаз атанғанын елестетіп түсіндіру Оқушылар бір-бірін бағалайды Оқушылар тамырдың ырғағын санайды. Мұғалім дененің құрлысын жазуды ұсынады. Мұғалім оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдайды. Денені ширатып шынықтырғаннан кейін мұғалім оқушыларға «Көңіл-күй ағашы» стратегиясы бойынша жаттығудан кейінгі көңіл-күйді анықтауды ұсынады. Мұғалім сұрақ қояды: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз? | Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін. Мұғалімге ысқырық | ||||
Сабақтың ортасы 10-20 20-30 | (Б, Ж, ҚБ) Сыныпты бірнеше командаларға бөлу қажет. Ойыншылар залдың қабырғасына қарап бір лектер түзейді. Мұғалімнің белгісі бойынша лектегі бірінші тұрған ойыншылар допты бір өзінің үстіне көтереді де, содан соң қабырғаға бағыттайды, 3600 айналып, допты қайтадан қабырғаға бағыттап лектің соңына жүгіреді. Класс разделить на несколько команд. Екінші және одан кейінгі ойыншылар да осы әрекеттерді қайталайды. Әр лектің соңғы ойыншысы қабырғадан допты бірінші болып қабылдаған және аз мөлшерде қателіктер жіберген топ жеңімпаз болып табылады. (Б, Ж, ҚБ) Командалар ойын алаңында бір лекке тұрады. Бір оқушы №3 ойын аймағына орналасады, ал қалғандары бір лекке №4 аймағына орналасады (осындай орналасу тәртіппен екінші топ қарсы алаңға тұрады). №3 аймақта тұрған ойын ойыншы допты өзінің үстіне көтеріп, одан соң №4 аймаққа жалғайды. Лектерде бірінші тұрған ойыншылар допқа жүгіріп жетіп, секіріп допты жоғарымен жалғау арқылы алаңның арты аймақтарында төселген гимнастикалық төсеніштеріне бағыттап тигізуге тырады. Гимнастикалық төсеніштерге көп мөлшерде доп тигізе алған команда жеңіске жетеді. (Т, Ж, ҚБ) Нығыздалған доптармен жаттығулар. Жалғаулар, орын ауыстырулар. Сынып екі командаға бөлінеді. Оқушылар қарсы бағытпен лектер түзейді. 1. қарсы бағытта тұрған лектің ойыншыларынан нығыздалған допты (1 – 2 кг.) қағып алу және кері жалғау. Допты кері жалғаған соң ойыншы өзінің легінің соңына орын ауыстырады. 2. Оқушылар торға қарсы қарап бір лекке бой түзейді. Бірінші лек №1 аймағына, ал екінші лек № 5 аймағына тұрады. Екі жүргізуші өздерінің лектеріне қарсы бағытта №2 және №4 аймақтарға орналасады. Әр жүргізуші допты үстімен жалғау арқылы №3 аймаққа бағыттайды, лектерде бірінші болып тұрған ойыншылар допқа жүгіріп жетіп, оны кері жүргізушіге қайтарулары керек (жоғарғы, төменгі қабылдаулар арқылы). Осы әрекеттен соң жүргізушіні айнала жүгіріп өз легінің соңына барып тұрады. Ойын осы тәртіппен жалғаса береді. Көп мөлшерде допты қабылдау мен жалғауды жүзеге асырған команда жеңіске жетеді. Дескриптор : -допты саусақпен жоғарыдан қабылдайды - допты тордан асырып береді. - допен тапсырмалар орындау кезінде үйлесімділікті дамытуға арналған қозғалыс әрекеттерін көрсетеді. Бағалау: тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім оқушыларға өзара бағалау жүргізуді ұсынады. Мұғалім сұрақ қояды: - доппен жаттығулар орындау сіздің ағзаңызға қалай әсер етеді? - Осы тапсырма қандай дене қасиеттерді дамытады? Мұғалім, оқушыларды дұрыс жолға бағыттайды және қандай да бір қиыншылықтар мен тіл проблемалары туралы ескертулер жазып алады (спорт терминологиясы және т.б.) Мұғалім кейде оқушыларға ынталандырушы сұрақтар қойып, олардың қаншалықты тапсырманы орындаумен айналысып отырғанын тексереді. Қажетті жағдайда мұғалім келіспеушілік жағдайында мәселені дұрыс шешуге талпынады. | Үлкен, бос, ойын кеңістігі, теннис доптары, ысқырық, конустар, фишкалар, өлшеуіш. Волейбол ойынының ережесіне сілтеме: http://www.volley.ru/documents/497/p2/683/ Кең, бос ойын кеңістігі. Ысқырық, волейбол доптары, тор, нығыздалған доп. Ойын ережесіне сілтеме: | ||||
Сабақтың соңы 35-40 | VI. Рефлексия: Мұғалім оқушыларға «Жетістік сатысы» стратегиясын ұсынып, рефлексия жүргізеді. Оқушылар рефлексиялық карточкаларды толтырады. Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары. Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын істейді (жалпы дамытушы жаттығулар), қателескен оқушы орнына отырады. Ергежейлілер – алыптар (Ергежейлілер – отырды, алыптар – тұрды). Мұғалім үй жұмысын береді: - пән терминологиясын жаттау; - таңғы жаттығу, кеудені жерден көтеру, пресс, тартылу. Оқушылар тамырдың ырғағын санайды. | Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін. Мұғалімге ысқырық | ||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
|
|
| ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?