Қазақ халқының қолданбалы өнері. Көркем еңбек, 3 сынып, презентация.


Оқу мақсаттары Сабақ мақсаттары

3.1.2.2

Қазақ халқының және әлем халықтарының қолданбалы өнерінің ұлттық ерекшеліктерін анықтау және суреттеу

Қазақ ұлттық қолданбалы өнерімен танысу, олардың ерекшеліктерін сипаттау;

Ұлттық қолданбалы өнер туындысын суреттеу.

5 Бөлім: Өнер

Сабақ тақырыбы: Қазақ халқының қолданбалы өнері

Тапсырма №1:

Қолөнер бұйымдарын талдау

Оқушылармен бірге ұлттық қолөнер бұйымдарын (мысалы, теріден жасалған торсықты, күмістен жасалған зергерлік бұйымдарды, киізден жасалған текеметті және т.б.).қарастырыңыз, олардың ерекшеліктерін талдаңыздар.

Талқылауға арналған сұрақтар:

1. Сіздер қандай бұйым қарастырып отырсыздар?

2. Көрсетілген бұйым қалай безендірілген?

3. Қандай материалдан және қалай жасалған? Сипаттап беріңіз?

Ағаштан жасалған қазақ ұлттық бұйымдары

Ағаштан жасалған қазақ ұлттық бұйымдары (тостаған)

Теріден жасалған қазақ ұлттық бұйымдары (торсық)

Ұлттық зергерлік бұйымдар

Тапсырма №2:

Оқушылар өздеріне ұнайтын ұлттық қолөнер бұйымын және оны безендіру стилін таңдайды. Оларды безендіру үшін қолданатың ою-өрнектерді анықтайды.

Оқушылар А4 форматы көлеміндегі қағазға ұлттық қолөнер бұйымының суретің салады (мысалы, торсық, тостаған, зергерлік бұйым, музыкалық аспап және т.б.). Дайын суретті оқушылар ұлттық ою-өрнектермен безендіреді.

Қазақ ұлттық ою-өрнектері



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу