Өрнек өнері. Көркем еңбек, 3 сынып, дидактикалық материал.
Сабақты ұйымдатыруға арналған әдістемелік нұсқаулық
«Музыка өнері» тақырыбына арналған сабақта 3.1.2.1 Отандық және әлемдік өнердің әртүрлі шығармаларын білу және олардың ерекшеліктерін (жанры, орындау техникасы, көңіл-күйі) түсіндіру және оқу мақсаттары қаралады. Аталған оқу мақсаттары оқушылардың көркемдік құралдармен жұмыс жасаудағы практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған. Сонымен қатар, аталған оқу мақсаттары аясында оқушылар өздері жасаған шығармашылық жұмыстарды, суретшілердің туындыларын талдайды, бағалайды және пәндік терминологияны қолдана отырып өз ойларын (пікірлерін) айтады. Сол себепті осы сабақ аясында академиялық тілге және коммуникативті дағдыларды дамытуға аса назар аудару қажет.
Қажетті материалдар
А4 форматтағы тонды қатты қағаз. Тушь, қарандаш, қылқалам, тіс тазалайтын таяқша, құлақ тазалайтың таяқша және т.б.
Сабаққа қажетті қосымша ақпарат
ҚАЗАҚ МУЗЫКАСЫ – өмір шындығын дыбыстық көркем бейнелермен көрсететін музыкалық өнердің ұлттық саласы. Қазақ халқының музыка мұрасы аса бай. Ол музыка фольклоры және музыка тарихы салаларына жіктеледі. Алғашқы салаға суырып салмалық негізде туған эпик. жанрлар – жыр, толғау, терме, желдірме және лирик. әндер мен айтыс өнері, екіншісіне көне түркі дәуірінен бергі кезеңдегі музыка үлгілері мен тарихи-мәдени мәліметтер енеді. Қазақ фольклорының елеулі бір арнасы – эпос. Оған тән муз. мақам-саздардың қазақ мәдениетінен алатын орны ерекше. Әдеби мәтінге қарағанда муз. мақамның марқалау болатыны белгілі. Қазақ эпосы негізінен екі түрлі поэзиялық өлшемге негізделсе (7 – 8 буынды жыр және 11 буынды қара өлең), оның мақамы да осы жүйеге құрылады. Қ. м-ндағы сырлы сазды, терең толғанысқа толы кең тынысты, әуезді әндер – 19 ғ-дан желі тартса, речитативті әуенге құрылған эпик. дәстүр – алғашқы, лирик. әндер – соңғы құбылыс. Бірақ, дәстүр тұрғысынан келгенде қазақ даласының түрлі аймақтарында олардың бәрі бірдей сақтала бермеген.
Тушь - сұйық, жұғымды қара бояу. Басқа бояуларға қарағанда көпке дейін өңін өзгертпейді; су қосу арқылы сұр рең алуға болады. Тушь сызуға, сурет салу, көркем жазуға өте қолайлы. Тушьпен сурет салуда қаламұш, қылқалам қолданылады. Бояудың бұл түрі Ежелгі Қытай кескіндемесінде, кейіннен Корея мен Жапония, Орта Азия, 15 - 17 ғасырда Еуропа бейнелеу өнерінде кең етек алды. Түрлі тұнбалардан (газдан немесе ағаш, мұнай өртеңінен) өндіріледі. Тас көмір бояғыштарынан түрлі-түсті Тушь та алынады.
Материал https://kk.wikipedia.org/wiki/ сайтынан алынды (Толығырақ: https://kk.wikipedia.org/wiki/Графика)
Сабақ барысы
Берілген тапсырманы іске асыру үшін әр түрлі жанрдағы, стилдегі сонымен қатар қазақ суретшілері мен фотографтарының жұмыстары болғаны ұсынылады.
Сұрақтар оқушыларға суретшілердің өз жұмыстарында тонды қалай қолданғанын түсінуге көмектеседі.
Рембрандтың " Шығыс бас киімін киген жігіттің басы" және Е.М. Сидоркиннің киімі мен беті жылтыр жарық бликтермен көрсетілген "Абай" атты жұымыстарын мысал ретінде келтіруге болады.
Оқушыларға неміс тілінен аударғанда тушьтың мағынасы "күйеден жасалған бояу" екендігін түсіндіріңіз. Тушь сұйық, шоғырланған және кепкен (таяқша немесе плитка ретінде) болады.
Берілген тапсырманы алдын ала өзіңіз жасап көрсетіңіз. Жұмысты көрсету үдерісінде жасап жатқан іс-әрекеттеріңізге түсніктеме беріп отырыңыз. Оқушылардың назарларын тушьпен жұмысты өте жылдам орындау керектігіне аударыңыз.
Мұғалім түсіндірген соң оқушылар бұл тапсырманы өздігінен орындай алады.
Сабақтағы қауіпсіздік ережелері
Тәжірибе жұмысын орындамас бұрын оқушыларға құрал саймандармен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жайлы ескертіңіз.
Бағалау
Оқушылардың аяқталған жұмыстарын бір жерге жинаңыз.
Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір дескрипторлар бойынша бағалайды. Бағалау кезінде жұмысты жақсарту үшін қажетті ұсыныстарды айтыныз, жасалған жұмыстардың жақсы шыққан тұстарына көбірек тоқталыныз, бұл әрекет оқушылардын шығармашылыққа деген талпынысын күшейте түседі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?