Сәулет туралы сен не білесің? Көркем еңбек, 3 сынып, дидактикалық материал.
Сабақты ұйымдатыруға арналған әдістемелік нұсқаулық
Сәулет туралы сен не білесің? тақырыбына арналған сабақта 3.2.3.2 Әртүрлі тәсілдермен және материалдармен (ермексаз, қолданыстан шыққан, қағаз материалдары) көлемді пішіндер жасау және 3.1.4.1 жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру және жұмыс барысын жоспарлау оқу мақсаттары қаралады. Аталған оқу мақсаттарын жүзеге асыру үшін екі мәселеге аса көңіл аудару қажет. Біріншісі, әртүрлі шығармашылық жұмысты орындау барысын жоспарлау дағдысын дамыту. Екінші мәселе ол оқушылардың көркемдік және әртүрлі материалдарды пайдаланып көлемді пішінді шығармашылық жұмыстарды жасауда техникаларымен таныстыру және тәжірибелік дағдыларын дамыту (мысалы, ермексаздан, ескі картон қораптардан, қолда бар материалдардан).
Қажетті материалдар
Ғимарат макетін жасауға қажетті материалдар: ескі картон қораптар, қағаз, қатты қағаз, моншақтар, страздар, мата, гофрленген қағаз, түрлі түсті қатырма қағаз, түймелер.
Жалғауға арналған құралдар мен материалдар: қайшылар, тістеуіктер, степлер, ПВА желім және желімнің басқа түрлері, мысалы, «Момент».
Сабаққа қажетті қосымша ақпарат
Сәулет өнері
Сәулет - құрылыс өнері; жобалау және құрылыс салу өнері. Архитектура, сәулет өнері – құрылысты жобалау, салу, оған көркемдік бейне беру өнері. Архитектура латынша archіtectura, ал грекше аrchіtekton, яғни құрылысшы деген мағынаны білдіреді. Архитектура туындылары адамның күнбе-күнгі тіршілік ортасын қалыптастырады. Олар: әр түрлі қажеттіліктерді атқаруға арналған және адамның эстетикалық талғамына жауап бере алатындай болып салынған тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар, өнеркәсіптік кешендер. Сәулет өнері – техниканың, ғылымның және өнердің тоғысқан жері. Адамзат баласы көне заманнан бастап құрылыспен айналысқан.
Біздің заманымыздан бұрынғы 2-мыңжылдықтың ортасында ірі тастардан қаланған монументті құрылыстар: кромлехтер, менгирлер мен дольмендер пайда болды. Менгирлер тігінен қойылған биік тастар тізбегінен тұрады. Дольмен – қатар қойылған екі тастың үсті үшінші таспен жабылып, біріне-бірі жалғасып келетін дәліз іспеттес.
Ал шеңбер жасап, төбелері жабылған тас құрылыстарды кромлех дейді. Ніл, Евфрат, Тигр, Үнді, Ганга, Чанзен өзендерінің сағаларында көне заманда Мысыр, Месопотамия, Үндістан және Қытай сияқты ірі мемлекеттер пайда болып, ғаламат сәулет туындылары дүниеге келді. Мардук атты құдайға арналған Вавилон мұнарасы іргетасы 250 м биік тұғырға орнатылды. Анығында бұл жеті қабатты, ұшар басына қарай баспалдақтап жіңішкере беретін зиккурат еді. Месопотамияда ежелгі заманның өзінде-ақ біздің заманымыздан бұрынғы 5000 – 1800 ж. каналдар, су қоймалары, акведуктар, көпірлер мен бекіністер салынды. Тигр мен Евфратты қосқан ұзындығы 400 км каналды техникалық зор жетістік деп айтуға болды. Біздің заманымыздан бұрынғы 2700 – 2200 ж. салынған Мысыр пирамидалары мен ғибадатханалары зерттеушілер мен мамандарды әлі күнге дейін таңдандырып келеді.
Сәулет өнерінің дамуына зор үлес қосқан, елдің бірі – Грекия. Көне грек архитектурасының ең күшті дамыған кезі – біздің заманымыздан бұрынғы 5 ғасырдағы Периклдың билік құрған тұсы. Алдымен, Афина қаласының ең биік жеріндегі жартасқа ауданы 300Х130 м жерге Акрополь салынды. Ортасында сәулетшілер Иктин мен Калликрат Парфенон ғибадатханасын ұзындығы 70 м, ені 31 м (біздің заманымыздан бұрынғы 448 – 438) тұрғызды. Ғимарат шатырын биіктігі он метрге жуық, 136 (периметріне қойылған) бағана ұстап тұрды. Ішіне Фидий жасаған Афина мүсіні орнатылды. Грек сәулетшілерінің дүниежүзілік архитектураға қосқан бір жаңалығы – архитектуралық ордерлер жүйесі. Ордерлік жүйе бірнеше құрамдас бөліктен тұрады және олардың өзара орналасу тәртібі бар. Ең басты белгісі – бағана, олардың ұшар басы капитель деп аталады. Бағаналар – антаблементті (арқалықты) көтеріп тұрады. Ордерлік жүйенің үш негізгі түрі болған: дори, ионика және коринф ордерлері ...
(Толық ақпаратты келесі сілтеме бойынша алуға болады https://kk.wikipedia.org/wiki/Сәулет)
Макет. Макеттеу.
Макет [фр.maguette. бір нәрсенің моделі] – макет – бұрын салынған немесе жобаланған ғимараттың, бөлменің т. б. Кішіритілген моделі.
Сәулеттік жобалаудың көлемдік – жазықтықтық көп бейнелі формаларының проблемаларын тек қана графика тәсілімен шешу жеткіліксіз. Жобалау нысандарының күрделі жазықтық және көлемдерін қарапайым графика тәсілімен орындау методы нақтылы көрнекті нәтиже бермейді. Сондықтан, графикамен қатар, оған көмек ретінде, әрбір тарихтың өткен кезеңдерінде сәулетшілер көлемді макет үлгісіндегі формаларды қолданды.
Архитектуралық жобалау үшін моделдің маңызы туралы Ж. А. Альберти өзінің «Десять книг о зодчестве» атты трактатында ХV ғ.30 жылдарында былай депті: « Я всегда хвалю древний обычай зодчих вновь и вновь обдумывать... все сооружение и отдельные размеры его частей не только на чертеже и рисунке, но и в моделях и образцах, сделанных из досок или чего – нибудь еще, и прежде чем приступить к чему – нибудь из того, что требует издержек или заботы, исследовать это. При изготовлении моделей представляется прекрасный случай видеть и обсудить ... число и порядок частей, поверхность стен... В них можно беспрепятственно добавлять, убавлять, обновлять и переиначивать, чтобы все было правильным и приемлемым».
Қазіргі кездегі практикада жобада макеттің келесі түрлері қолданылады: кіші масштабты жобалар үшін (М 1:200 – детальды жоспарлау үшін, М 1:1000 немесе 1:500 – тұрғын ауданды орналастыру жобасы үшін); нысанның ішкі сәулеттік көлем жазықтығының шешімі (М 1:200, 1:100 және басқ.); архитектуралық – конструкциялық шешімдері (конструкцияның ішкі және сыртқы бір-бірімен байланыстары); ішкі кеңістіктің (интерьердің); конструкция мен детальдардың фрагменттері.
(Толық ақпаратты келесі оқу құралынан ала аласыз авторы Каирбеков У. И. Сәулеттік графика және макеттеу: сәулет мамандықтарына арналған оқу құралы / У. И. Каирбеков. – Павлодар : Кереку, 2009. – 114 б.)
Сабақ барысы
Сыныпта, геометриялық пішінді және ерекше салынған ғимараттардың суреттерін тақтаға іліп қойыныз. Оқушыларға сол суреттерге назар аударуларың сұраңыз. Оқушыларды бағыттау мақсатында келесі сұрақтарды қойыныз:
•Бүгінгі сабақ тақырыбы қандай болады деп ойлайсыздар?
•Суреттерде не бейнеленген?
Оқушылар жауап бергенен кейін, бүгінгі сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттары және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз.
Тапсырма №1
Ғимараттар мен құрылыстарды талдаңыздар
Оқушыларды топқа бөліңіз. Оқушыларға геометриялық пішінді және ерекше салынған ғимараттардын суреттерің қарастыруды ұсыныңыз. Бұл тапсырма оқушылардың сыни ойлауын дамытады. Оқушыларға осы ғимараттардың геометриялық пішіндерін анықтап және олардың ерекшеліктерін салыстырып өз ойларын айтуын сұраңыз.
Сұрақтар:
•Бұл ғимараттар несімен ерекшеленеді?
•Ғимараттар пішіні неге ұқсас?
Оқушылар ғимараттардың пішінін талдап, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды. Кез келген ғимарат пен құрылыс нысандарының негізінде геометриялық форма жатқандығын анықтайды. Оқушыларға өз ойларын толық айтуға мүмкіндік берініз, қажет болса бағыттаушы сұрақ қойып отырыныз.
Тапсырма №2
Тәжірибелік жұмыс
Оқушыларға «Ертегі қамалы» тақырыбына ғимараттардың 3D моделін салуды ұсыныңыз. Ғимараттың көлемді макетің жасау үшін оқушылар сабаққа алдын ала дайындап алып келген материалдарды пайдаланады, мысалы, түрлі заттардан босаған қорап, қағаз қол сүртетін сүлгіден босаған картонды цилиндр, түрлі-түсті ермексаз, қағаз, картон, гофре қағаздары және т.б.
Қолда бар және көркемөнер материалдарын пайдаланып жасалған қамал туралы қысқа бейнемматериал көрсетіңіз (мысалы келесі бейне материал https://www.youtube.com/watch?v=IWtUMUIDh9Q). Оқушылармен бірге материалдарды қолдану мен жұмыстың орындалу реттілігі туралы талқылаңыз.
Дифференциация:
Қажет болса жұмыс барысында кейбір оқушыларға қолдау көрсетіңіз. Оқушылар дидактикалық материалдарда берілген үлгілерді пайдалана алады. Оқушылар макетті жасау техникасы мен материалын өздері тандайды.
Сабақтағы қауіпсіздік ережелері
Тәжірибе жұмысын орындамас бұрын оқушыларға құрал саймандармен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жайлы ескертіңіз. 1-қосымшада берілген қауіпсіздік ережелерімен алдын ала таныстырыңыз.
Бағалау
Оқушылардың аяқталған жұмыстарын бір жерге жинаңыз.
Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір дескрипторлар бойынша бағалайды. Бағалау кезінде жұмысты жақсарту үшін қажетті ұсыныстарды айтыныз, жасалған жұмыстардың жақсы шыққан тұстарына көбірек тоқталыныз, бұл әрекет оқушылардын шығармашылыққа деген талпынысын күшейте түседі.
1 қосымша
Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік ережелері:
- жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
- оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
- құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
- бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;
- жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
- жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
- басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
- жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.
Қайшымен жұмыс жасау кезінде -
- жақсы қиятын қайшымен жұмыс жаса;
- қайшы басы жасық әрі дөңгелектенген болуы шарт;
- қайшыны ашық тастама;
- сақинасын алға қаратып қайшыны ұсын;
- қайшымен ойнама, бетіне тигізбе;
- қайшыны керек уақытында пайдалан.
Ермексазбен жұмыс жасау кезінде -
- жұмысты орындауға қажетті түсті таңда;
- арнайы пышақшаның көмегімен қажетті ермексазды кесіп ал;
- жұмсақ болу үшін алақанның көмегімен жылытып ал;
- ермексазбен жұмыс жасап болғаннан кейін қолыңды шүберекпен жақсылап сүртіп, содан кейін.
Желіммен жұмыс жасау кезінде –
- желім жұмыс жасаған уақытында қажет жағдайда қылқаламды пайдалан;
- желімді керек мөлшерде ғана ал;
- артық желімді жұмсақ матамен алып таста;
- жұмыстан кейін қылқаламды жақсылап сабынмен жу.
Бізбен жұмыс жасау кезінде –
- бізді дұрыстап ұстауды үйрен;
- жұмысты астына тақтайша қойып жаса;
- тесікті бізді қатты баспай оңға, солға бұрау арқылы жаса.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?