Сәулет туралы сен не білесің? Көркем еңбек, 3 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4 бөлім: Сәулет

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Сәулет туралы сен не білесің?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.4.1 Жұмыс орынын дұрыс ұйымдастыру және жұмыс барысын жоспарлау

3.2.3.2 Әртүрлі тәсілдермен және материалдармен (ермексаз, қолданыстан шыққан, қағаз материалдары) көлемді пішіндер жасау

 Сабақ мақсаттары

  • Жұмыс барысын жоспарлау және қажетті материалдарды анықтау;
  • Ғимарат макетін белгілі бір техникада орындау.

 Бағалау критерийлері

  • Ғимараттар макетін орындау реттілігін анықтайды;
  • Жұмыс орның дұрыс ұйымдастырады;
  • Әртүрлі материалдар мен техникаларды колданып көлемді ғимарат макетін жасайды.

 Тілдік мақсаттар

 

Сулетті ғимараттардың ерекшеліктерін сипаттайды,

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Сіздің идеяңыз қандай?
  • Бұл нысандар саған нені елестетеді?

Неліктенайта аласың ба?

  • …бұл түс осы нысанға сәйкес келеді ме?

… заманауи ландшафт ежелгіден ерекшеленеді ме?

 Құндылықтарды

 дарыту

Еңбек және шығармашылық

 Пәнаралық

 байланыстар

Дүниетану

 АКТ қолдану

 дағдылары

АКТ-ны сабақ барысында қолданбайды.

Бастапқы білім

Ғимарат туралы және ғимарат бөлшектері (есік, шатыр, терезе) туралы ақпаратпен таныс. Геометрилық

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

Сыныпта, геометриялық пішінді және ерекше салынған ғимараттардың суреттерін тақтаға іліп қойыныз. Оқушыларға сол суреттерге назар аударуларың сұраңыз. Оқушыларды бағыттау мақсатында келесі сұрақтарды қойыныз:

  • Бүгінгі сабақ тақырыбы қандай болады деп ойлайсыздар?
  • Суреттерде не бейнеленген?

Оқушылар жауап бергенен кейін, бүгінгі сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттары және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз.

Сабақтың ортасы

5 минут

20 минут

Сұрақ:

- Сәулет туралы не білесіз?

- Сіз ғимараттарды тұрғызып, жобалаған адамды қалай атайды?

Сәулет өнері – ғимараттар мен құрылыстарды салу, жобалау өнері. Сәулетші - әртүрлі құрылысты жобалаушы, тапсырыс берушінің қиялын жүзеге асыратын маман.

Тапсырма№1:

Ғимараттар мен құрылыстарды талдаңыздар

Оқушыларды топқа бөліңіз. Оқушыларға геометриялық пішінді және ерекше салынған ғимараттардын суреттерің қарастыруды ұсыныңыз.

Оқушыларға осы ғимараттардың геометриялық пішіндерін анықтап және олардың ерекшеліктерін салыстырып өз ойларын айтуын сұраңыз.

Сұрақтар:

  • Бұл ғимараттар несімен ерекшеленеді?
  • Ғимараттар пішіні неге ұқсас?

Оқушылар ғимараттардың пішінін талдап, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды. Кез келген ғимарат пен құрылыс нысандарының негізінде геометриялық форма жатқандығын анықтайды.

Тапсырма№2:

Тәжірибелік жұмыс

Оқушыларға «Ертегі қамалы» тақырыбына ғимараттардың 3D моделін салуды ұсыныңыз. Ғимараттың көлемді макетің жасау үшін оқушылар сабаққа алдын ала дайындап алып келген материалдарды пайдаланады, мысалы, түрлі заттардан босаған қорап, қағаз қол сүртетін сүлгіден босаған картонды цилиндр, түрлі-түсті ермексаз, қағаз, картон, гофре қағаздары және т.б.

Қолда бар және көркемөнер материалдарын пайдаланып жасалған қамал туралы қысқа бейнемматериал көрсетіңіз.

Оқушылармен бірге материалдарды қолдану мен жұмыстың орындалу реттілігі туралы талқылаңыз.

Шығармашылық жұмысты бастамас бұрын материалдар мен құралдармен жұмыс жасауда техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертіңіз.

Келесі тәсілдердің бірін қолдана отырып, ғимараттың макетін жасауды ұсыныңыз.

Дайын қораптардан құрастыру арқылы:

  • қораптарды жабыстыр және боя;
  • терезелері мен есіктерін белгіле және оларды қиып ал;
  • шатыры мен басқа бөліктерін жаса.

Жайма жасау тәсілі арқылы:

  • қабырға, терезе, есік мөлшерлерін белгіле;
  • терезелерді, есіктерді қиып ал;
  • қағазды сызық бойымен бүктеп, көлемді пішін ал;
  • шатырдың жаймасын жаса.

Ғимараттың барлық бөліктерін бір-біріне біріктір.

Оқушылар ертегі қамалы идеяларын іске асыра отырып, шығармашылық жұмыс орындайды.

Ескерту: оқушыларға аяқталмаған жұмыстарын келесі сабақта аяқтауға, сәндеуге қажетті материалдарды анықтай отырып, бағалауға мүмкіндік беріңіз.

Геометрия:

https://www.youtube.com/watch?v=xifjFZmANZM

Астаны: ғимараттары

http://www.zakon.kz/4567688-narodnye-nazvanija-zdanijj-astany.html

Геометриялық формадағы ғимараттар:

http://www.proshkolu.ru/user/olgafil38/blog/259685/&translate=yes

Қораптардан жасалған қамалдар:

https://www.iz-bumagi-svoimi-rukami.ru/kak-sdelat-zamok-iz-korobki-igrushki-svoimi-rukami-iz-podruchnyh-materialov/

Қажетті материалдар:

әртүрлі заттардан босаған қорап, қағаз қол сүртетін сүлгіден босаған картонды целиндр т.б. Түрлі түсті ермексаз, қағаз, картон, желім, қайшы, маркерлер мен қарандаштар.

Сабақтың соңы

2 минут

Бағалау

Оқушылардың аяқталған жұмыстарын бір жерге жинаңыз.

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір дескрипторлар бойынша бағалайды

Рефлексия:

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушыларға қолдау көрсету. Кейбір оқушылар өз бетімен жұмыс істейді.

Бір-бірін бағалау.

Жетістік критерийлер бойынша бағалау.

Мұғалімнің байқауы.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу