Тербелмелі қозғалыс, есептер шығару. Физика, 9 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.3В Тербелістер және толқындар | Мектеп: НЗМ Талдыкорған қаласы | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: 2018ж | Мұғалімнің аты-жөні: Майкожанова А.А | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 9 с, f | Қатысқандар саны:10 | Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Тербелмелі қозғалыс, есептер шығару. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 9.2.5.2 эксперименттік әдіспен амплитуда, период, жиілікті анықтау; 9.2.5.3 формулаларды қолданып, период, жиілік, циклдік жиілікті анықтау | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: Формулаларды қолданып, период, жиілік, циклдік жиілікті анықтай алады Кейбір оқушылар: Өз бетінше зерттеу жұмыстарын ұсынады | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Тербелмелі қозғалысты сипаттай алады. Есеп шығаруда формулаларды қолдана алады | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Арнайы пәндік терминология: Период, жиілік, амплитуда, циклдік жилік, ығысу терминдерін пайдаланып академиялық тілдік дағдыларын дамыту.
| |||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Сандық және сапалық есеп шығаруда бір-біріне көмектесу, бір-бірін тыңдау дағдылары дамиды. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Мектеп миссиясын, пайымдауын және әлем азаматын жүзеге асыру | Тербелмелі жүйелердің адамзат өміріндегі маңыздылығын сынып ішінде талдау. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Математика | |||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Механикалық қозғалыстар | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 0-2 мин 2-8 мин | Ұйымдастыру. True or False әдісі.
Өзара бағалау жүзеге асады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 8-15 мин 15-20 мин 20-35 мин
15-35 мин | Жеке жұмыс. ОМ арналған есептер шығару, бағалау критерийі бойынша мұғалім бағалайды. Талқылауға арналған сұрақтар: 1. Марстың айналу периоды Т=2 жыл. Бұл нені көрсетеді? 2. Күнделікті тұрмыста өздерің пайдаланып жүрген шаңсорғыштың электр қозғалтқышындағы ротор нүктелерінің айналу жиілігі 200 айн/с. Бұл нені білдіреді? 3. Қыз әткеншекте тербеледі. Егерде жанына құрбысы отырса, тербеліс периоды өзгереді ме? 4. Материалдық нүкте еріксіз тербеліс жасайды. Осы қозғалысты сипаттайтын шамалар: ығысу, амплитуда, период, жиілік, жылдамдық қайсысы тұрақты, қайсысы айнымалы болады? Топтық жұмыс. (E) Кіші топтардағы зерттеу қарапайым маятниктің периодына қандай факторлар ықпал ететінідігін болжау. Дифференциация бойынша топқа бөлу. 1 топқа дайын алгоритм беру, 2 топ өздері жасайды, 3 топ өздері жоспарлайды, жақсарту жолдарын ұсынады. Бір топ тербеліс периодының амплитудаға тәуелділігін зерттейді. Екінші топ математикалық маятник тербелісінің периодының оның ұзындығына тәуелділігін зерттейді. Үшінші топ жүктің массасына тәуелділігін зерттейді. Топ ішінде қорытындылайды. Және «Станция» әдісі бойынша басқа топтарға түсіндіреді. Өзара бағалайды. Мұғалім оқушылардың жұмыс жасау процессін бақылайды және бағалайды. Қажет болған жағдайда оқушыларға көмек көрсетеді. | Үлестірмелі материал Үлестірмелі материалдар мен қажетті құралдар | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 35-40 мин | Қорытынды. Үй жұмысы. Өткен тақырыпты қайталау. Тест тапсырмасын орындау. Рефлексия. Бүгінгі сабақтан үйрендім… Маған қызық болды… Менің мына сұрағым жауапсыз қалды… | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Қабілеті жоғары оқушылар тапсырманы орындау барысында көршісіне көмек көрсету арқылы алған білімнің 90%есте сақтауға тырысады. | Сфералық айнамен , ток көзімен, май шаммен жұмыс жасауда техника қауіпсіздік ережесін сақтау. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?