Ньютонның екiншi заңы. Масса. Физика, 9 сынып, дидактикалық материал.
«Ньютоннның екінші заңы» тақырыбына байланысты есептер шығару.
Оқу мақсаты:
9.2.2.2 Ньютонның екінші заңын тұжырымдау және оны есептер шығаруда қолдану
Бағалау критерийлері:
- Дене жылдамдығының өзгеруі мен оның массасы арасындағы байланысты түсіндіре алады
- Дене қозғалысы жылдамдығының өзгеру себебін біледі
- Ньютонның екінші заңы бойынша мысалдарды түсіндіріп, есептерді шығарады
Дескрипторлар:
- Есептер шығаруда Ньютоның екінші заңын қолданады
- Есептер шығаруда математикалық есептеулерді дұрыс жүргізеді
1.Белгілі бір күш бос арбаға 1,5 м / с2, ал жүгі бар арбаға 0,5 м / с2 үдеу береді. Жүктің массасы арбаның массасынан неше есе ерекшеленеді?
2.40 Н күш денеге 0,6 м / с2 үдеу береді. Бұл денеге күштің қандай мәнінде үдеуі 1,8 м / с2 болады?
3.Дене жылдамдығының проекциясы оның қозғалыс бағыты бойынша Vх=1,2t заңы бойынша өзгереді. Бұл бағытқа байланысты күштің проекциясын анықтаңдар, егер дененің массасы 1,5 кг тең болса.
4.Массасы 250 г тыныштықтағы хоккей шайбасы 0,02 с созылған соққыдан кейін мұз бетімен 30 м/с жылдамдықпен қозғалады. Соққының орташа күшін анықтаңдар.
5.Массасы 56 кг денеге әрекет ететін күштің проекциясын табыңдар, егер дене түзусызықты қозалады және оның координатасы х = 10 + 2t + t2 заңы бойынша өзгерсе.
6.Массасы 30 т ұшақ қону алаңына 144 км/сағ жылдамдықпен түседі. Тежелу кезіндегі ұшаққа қандай күш әрекет етеді, егер тоқталуға дейін ол 800 м өтсе?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?