Ньютонның бірінші заңы. Инерциялық санақ жүйелері. Физика, 9 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп: ХББ НЗМ Атырау қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты –жөні: Есеркенова Ж

Сынып: 9 «»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ньютонның бірінші заңы. Инерциялық санақ жүйелері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.2.2.1 инерция, инерттілік және инерциялық санақ жүйесі ұғымдарының мағынасын түсіндіру;

Сабақ мақсаттары

Инерциялық санақ жүйесі ұғымына түсінік беру және Ньютонның бірінші заңын тұжырымдау

Жетістік критерийлері

  • Инерция, инерттілік және инерциялық санақ жүйесі ұғымдарының мағынасын ашу
  • Ньютонның бірінші заңын тұжырымдау

Тілдік мақсаттар

Оқушылар өздерінің түсініктерін көрсететін жаңа сөздерді пайдаланулары керек. Олар терминдерді түсіну және қолдану керек.

Арнайы пәндік лексика мен терминология:

Инерция

Инерция

Inertia

Инерттілік

Инертность

Inertness

Инерциялық санақ жүйесі

Инерциальная система отсчета

Inertial reference system

Ньютонның бірінші заңы

Первый закон Ньютона

Newton's first law

Құндылықтарды дарыту

Оқушылар оқу үдерісінде нақтылыққа, сын тұрғысынан ойлауға үйрету. Ойды, пәндік білім мен дағдыларды құру мен дамытуға ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік және жеке бастың маңызды тапсырмалары контексінде ғылыми мәселелерді ойлауға қабілетті ақпараттандырылған және сындарлы ойлай білетін азаматтар тәрбиелеу.

 Пәнаралық

 байланыстар

Математика, география

АКТ қолдану дағдылары

АКТ арқылы графиктер мен теңдеулерді ұсыну, өмірден мысалдар қарастыру, анимацияны көру

Бастапқы білім

Бірқалыпты қозғалыс

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин

Қолайлы жұмыс ортасы қалыптастырылады

1.Сәлемдесу

2.Түгендеу

3.Сыныптың сабаққа дайындығы

Ой қозғау

Денелердің жылдамдығын қалай өзгертуге болады?

Ж: денелердің жылдамдығын өзгерту үшін, басқа денелер әсер ету керек.

Сұрақ: Денелердің жылдамдығының бағытын қалай өзгертуге болады?

Ж: денелердің жылдамдығының бағыты басқа денелер әсер еткен уақытта өзгереді.

Презентация

Оқушылар хабарламасы

Сабақтың ортасы

10 мин

15 мин

Сұрақ: Денелерге басқа денелер әсер етпесе, денелер қалай қозғалуы мүмкін?

Ж: Егер денеге басқа денелер әсер етпесе, ол тыныштық күйін сақтайды немесе Жерге қатысты бірқалыпты түзусызық бойымен қозғалады.

Мұғалім түсіндірмесі:

Физикалық дене алғашқы қозғалыс күйін немесе тыныштығын сақтауға бейім болады. Денеге басқа бір дене әсер етіп, оның күйін өзгерткенге дейін ол тыныштық күйін сақтайды немесе бірқалыпты түзу сызықты қозғалысын жалғастыра береді.

Сырттан басқа денелер әсер етпей тұрғанда дененің қозғалыс жылдамдығын сақтау құбылысы инерция деп аталады.

Инерция (лат) – қозғалыссыз, әрекетсіз.

Инерттілік - дененің өз жылдамдығын сақтап қалу қасиеті.

Инерттіліктің сандық сипаттамасы масса болып табылады.

Егер дене массасы үлкен болса, ол азырақ жылдамдыққа ие болады (дененің инерциясы үлкенірек). Массасы аз болған кезде, дене үлкенірек жылдамдыққа ие болады (дененің инерциясы азырақ).

Инерциялық санақ жүйелері:

Денеге басқа денелер әрекет етпегенде немесе олардың әрекеті теңгерілгенде, дене бірқалыпты және түзусызықты қозғалатын санақ жүйесі инерциялық санақ жүйесі ретінде алынады.

Ньютонның бірінші заңы:

Егер денеге басқа денелер әрекет етпесе немесе олардың әрекеті теңгерілген болса, онда дене не тыныштықтағы күйін сақтайды, не түзусызықты және бірқалыпты қозғалысын жалғастырады.

Қалыптастырушы бағалау

Тапсырмалар

Сурет бойынша инерция құбылысына түсінік беріңіз.

a)

________________________________

________________________________

________________________________

_______________________________

________________________________

________________________________

_______________________________

b) 100 м аяқталғаннан кейін атлет бірден тоқтай алмайды. Себебін түсіндіріңіз.

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

c) Бағдаршамның сары белгісінің рөлі қандай?

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

d) автомобильдегі қауіпсіздік белдігінің маңыздылығын түсіндіріңіз

________________________________

________________________________

________________________________

_______________________________

________________________________

Презентация

Тапсырма-

лар

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия

Үй тапсырмасы

Не білемін? Не білдім? Не білгім келеді? Кестесін толтыру

Тақырып бойынша

Стикермен жұмыс

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар:

тапсырларын орындайды

Оқушылардыі көпшілігі:

Сұрақтарға толық жауап бере алады

Кейбір оқушылар:

Сұрақтар қояды

Мадақтау

Бір-бірінің қатесін түзеу арқылы

Сабақ барысында қолдау, қолпаштау көрсету КЖБ тапсырмалары жетістік критерийлері арқылы

Интерактивті тақтаны сабақ барысында қолдану уақытын 10 минуттан асырмау

Көз жаттығуларын орындау

Кабинетті желдету Кабинетте приборлармен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік ережесін сақтау (су қолмен жұмыс жасамау)

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу